Дауысты, дауыссыз дыбыс пен емлесін оқытудың байланысын орнатыңыз.
Емле ережесін түсіндіру Емле ережесін түсіндіруде мүмкіндігінше оқушыларды мысалдарды талдауға, қорытынды шығаруға еркін қатыстырып отыру керек . Ол үшін мұғалім, мысалдар мен көрнекі құралдар дайындап, қорытынды шығару үшін оқушыларға қоятын сұрақтарды әзірлеп келуге тиіс. Бір грамматикалық құрам төңірегінде сөздерді фонетикалық және графикалық ерекшеліктеріне қарай екшелуі тиіс. Мысалы: тәуелдік жалғауларына байланысты алдымен жалғау жалғанғанмен, түбірдің өзгервмейтіні өтіледі, содан кеі\йін түбірдің соңындағы қ,к,п дыбыстарының ғ,г,б болып өзгеріп айтылып, өзгеріп жазылатыны түсіндіріледі. Оқушыларға емле ережесін есте сақтауға мынадай жаттығулар ұйымдастыруға болады. 1. Өтілген емле ережесіне қатысты, обьектілерді жеке беріп, оқушылардан оның қиыншылығын сұрау. 2. Берілген сөйлем ішінен жаңа өтілген емле обьектілерін тауып, жазылу ережесін түсіндіру, тексті көшірту. Оқушылардымң өздеріне өтілген емлеге сай мысал таптырып, оларды жаздыру, жазылу ережесін айтқызу. Емлені меңгерту бірнеше кезеңнен тұрады: Бірінші кезең – емле ережесін тану, білу. Екінші кезең – емле ережсін жазу кезінде пайдаланып, жаттығу. Үшінші кезең – емле ережесін пайдалануда еркін, ырықсыз әрекет дәрежесіне жеткізу, яғни ережені оқушы автоматты түрде пайдаланатын ету.