Әдістемелік қызметтің мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары

Мектепті технологиялық тәсілмен басқару

бет2/4
Дата13.12.2021
өлшемі31,9 Kb.
#126052
1   2   3   4
Байланысты:
29.11.2021ж (9аптаның тапсырмасы)

Мектепті технологиялық тәсілмен басқару.

Бүгінгі таңда білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы үлкен. Өйткені бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып табылады.

Бүгінгі таңда білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы үлкен. Өйткені бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып табылады.

Қазіргі жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Педагогикалық технология ұғымының мән-мағынасы туралы пікірлер сан алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: "Технология – бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы" делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді.

Технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.

ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин "Педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті", - деп анықтайды.

Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді.Педагогикалық үрдісі технологиясы мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиынтығын көрсетеді.

Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді.

Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді.

(М.В.Кларин)

Педагогикалық технология - практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы. (Б.П.Беспалько)

Оқыту технологиясы оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту процесінде нақты жүйе кызметін атқарады.

(Г.Селевко)

Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқаруда төмендегі екі технологиялар топтамасы қолданылады: Мектепішілік басқару технологиясы:

Әдістемелік жұмысты басқару технологиясы, соның ішінде, педагогикалық кеңесті өткізу. (Г.К.Селевко)

Білім беру мекемесін басқаруды оңтайландыру технологиясы. (Ю.К.Бабанский)

Жалпы білім беру мектебін басқарудың базалық технологиясы, соның ішінде, дамыту режимінде мектепті басқару (П.И.Третьяков)

Педагогикалық сараптама технологиясы

Мектепішілік мониторинг технологиясы

Жобалау технологиясы
Авторлық мектептердің педагогикалық технологиялары:

Мектептің дамуын басқару мектеп іс-әрекетінің нәтижелерін жоғарылататын жаңашылдықтарды меңгеруге және ендіруге байланысты қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үрдісі. Ғылыми – техникалық үрдіс кезінде еңбек сипаты адамның психологиялық ерекшеліктеріне аса мән беруді ұсынады. Техника мен технологияның күрделенуі адамға физикалық күштен ақыл күшін көп жұмсауға мүмкіндік береді. Бір жағынан, адам өмірінің көп бөлігін еңбек ұжымында өткізеді, оған әріптестері психологиялық қолдау көрсетіп отырады. Ал басшының осы жағдайдағы міндеті тұлғаның жеке қасиеттерін қолдану және оның ұжыммен қатынасын реттеу.

Әлеуметтік – психологиялық климат ұжымдағы қызметкерлердің (тәрбиеші, педагог, психолог) әртүрлі әрекеттер формасындағы тұрақты психологиялық күйін сипаттайды. Топтың эмоциялық және еңбек қатынастарын құра отырып, әлеуметтік – психологиялық климат топ мүшелерінің қатынасын анықтайды.

Әлеуметтік – психологиялық климаттың негізгі ерекшелігі ұжым өміріне жалпы, интегралды психологиялық күйіне сипаттама беріп, әлеуметтік, топтық және жеке еңбек жағдайын қарастырады.

Әлеуметтік – психологиялық климаттың негізгі ерекшелігі ұжым өміріне жалпы, интегралды психологиялық күйіне сипаттама беріп, әлеуметтік, топтық және жеке еңбек жағдайын қарастырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет