Әдістемелік кеңес №1


Әдістемелік кеңес төрайымы



бет5/17
Дата07.02.2022
өлшемі95,65 Kb.
#94774
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Әдістемелік кеңес төрайымы: Жылкыбаева К.О
Хатшы: Бодыкова А.

Әдістемелік кеңес №2
07.11.2017 жыл





Қаралатын мәселелер

Өткізу формасы

Уақыты

Жауаптылар

Қараша №2
Тақырыбы: Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді оқыту мен тәрбиелеу процесінде тиімді қолдану арқылы нәтижеге жету жолдары
Жүргізілу түрі: конференция

1.

№1 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

2.



Барлық топтардың тәрбиешілерімен мамандардың жұмыс бағдарламаларының (шығармашылық жоба, вариативка) сараптама нәтижелері.

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

3.

Дамыту орталықтарын ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілерді дамыту

тәрбиеші – С.Акишова

4.

«Тәлімгер мектебі» жұмысының барысы

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

5.

Жас мамандармен жұмыс барысы

әдістемелік бірлестік жетекшісі - А.Куршибаева

6.

Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбие беруде дамытушылық жұмыстарын жетілдіру .

Тәрбиеші - А.Бодыкова

7.

Ағымдағы мәселелер.

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

2 әдістемелік кеңеске педагогтардың қатысуын тіркеу




Тақырыбы: Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді оқыту мен тәрбиелеу процесінде тиімді қолдану арқылы нәтижеге жету жолдары
Жүргізілу түрі: конференция
Күні: 07 қараша 2017 жыл





Педагогтардың аты-жөні

Қызметі

Қолы

1.

Жылкыбаева К.О.

Әдіскер




2.

Серік Г. Б.

Тәрбиеші




3.

Куршибаева А. Б.

Тәрбиеші




4.

Токсанова А.У.

Тәрбиеші




5.

Умирзак

Тәрбиеші




6.

Толеубаева К.А.

Тәрбиеші




7.

Акишова С. О.

Тәрбиеші




8.

Муканова К. Н.

Тәрбиеші




9.

Абдуллаева С. Б.

Тәрбиеші




10.

Берлибаева А.

Ағылшын тілі мұғалімі




11

Салауатова Г.

Музыкалық жетекші




12.

Бодыкова А.К.

Тәрбиеші






Әдістемелік кеңес отырысы
Хаттама №2


07.11.2017 жыл Қатысқаны:12
Қатыспағаны:-


Тақырыбы: Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді оқыту мен тәрбиелеу процесінде тиімді қолдану арқылы нәтижеге жету жолдары
Жүргізілу түрі: конференция
Әдістемелік кеңес төрайымы: Жылкыбаева К.О
Хатшы: Бодыкова А.
Күн тәртібінде:

1.

№1 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

2.



Барлық топтардың тәрбиешілерімен мамандардың жұмыс бағдарламаларының (шығармашылық жоба, вариативка) сараптама нәтижелері.

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

3.

Дамыту орталықтарын ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілерді дамыту

тәрбиеші – С.Акишова

4.

«Тәлімгер мектебі» жұмысының барысы

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

5.

Жас мамандармен жұмыс барысы

әдістемелік бірлестік жетекшісі - А.Куршибаева

6.

Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбие беруде дамытушылық жұмыстарын жетілдіру .

Тәрбиеші - А.Бодыкова

7.

Ағымдағы мәселелер.

әдіскер-Жылкыбаева К.О.



Тыңдалды: №1 Әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева мемлекеттік стандарт талаптарына сай топтарда бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметтері жүргізіліп жатыр. Педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде білім беруде. Әдістемелік нұсқаулық хат негізінде тәрбиешілер мен мамандардың перспективалық жоспарлары бекітіліп, циклограмма жазылуда. Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары бекітіліп, педагогтармен жұмыстар жүргізілуде. Өзіндік білім көтеру тақырыптары алынып, жоспары жасалынды. Тілдер күніне орай мерекелік ертеңгілік жоспарға сай өтті, ағылшын, орыс тілі мұғалімдері ұйымдастырылған ашық оқу қызметтерін өткізді. Қарттар күніне орай сурет көрмесі, «Атадан балаға өнеге» атты аталар сайысы өтті. Оған 3 ата қатысып, немерелерімен бірге өнерлерін көрсетті. Алтын күз мерекесі де өте жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар риза болып, ризашылықтарын білдіріп жатты.
Шешім: Өткен әдістемелік кеңес отырысының шешімі қанағаттанаралық деп танылсын.
2.Тыңдалды: Барлық топтардың тәрбиешілерімен мамандардың жұмыс бағдарламаларының (шығармашылық жоба, вариативка) сараптама нәтижелері.
Сөйледі: әдіскер Казына Оразалиевна өскелең ұрпақты адамгершілік-рухани тәрбиелеу мәселесі қашанда өзекті болып келді. Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген біртұтас педагогикалық процесс құру арқылы мектепке дейінгі баланың рухани-адамгершілік және патриоттық дамуына қолайлы жағдай жасау болып отыр. Дәл осы мектепке дейінгі аралық - балаға рухани-адамгершілік тәрбие беру үшін өте ыңғайлы кезең. Себебі, бұл кезеңде бала айналаны аса сезімталдықпен, үлкен әсермен қабылдайды. Сондықтан да, жалпыадамзаттық құндылықтар, рухани эталондар мен мінез-құлық ережесін қалыптастыру үшін бұл аралықты өткізіп алмау керек. «Бала өмірінің алғашқы 7 жылында жинақталған көзқарас оның тұтас өміріне азық болады. Бірақ, қазіргі ата-аналар балалардың рухани дамуына мүмкіндік бермей, ерте жастан интеллектін дамытуға басымдық беріп жүр. Оларға баласының мектепке барғанша әріптерді білуі, ағылшын тілінде сөйлеуі және жаза білуі маңызды. Өй-өрені қуып жүргенде, кішкентай адамның рухани-адамгершілік дамуы көлеңкеде қалады. Онсыз барлық сатып алынған білім түкке аспай қалады, баланың эмоционалды-рухани жетілмеу мәселесі туындайды. Өзін жақсы түсінген адам, өз сезімдерін жүгендей білген адам нағыз табыстылардың қатарынан көрінеді. Мұны Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында ерекше атап көрсетті. Осы мақсатта балабақшада балаларға рухани адамгершілік тәрбие беру, өз елінің салт-дәстүрін сүйіп, құрметпен қарайтын, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген өз елінің патриотын тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық қазына» вариативтік компонент бағдарламасы жасалынды, арнайы мұражай кабинеті ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бұйымдармен толықтырылып, жабдықталды. Баланы ерте жастан жалпыадамзаттық құндылықтарға үйретудің адамгершілік, өзін-өзі тану, даралық пен патриоттық негізін қалауға көмектеседі.
Күннің екінші жартысында өтілетін вариативтік компонент бағдарламаларының және тәрбиешілердің шығармашылық жобалары бойынша сараптама талдау жүргізілді. Нәтижесінде, вариативтік компонент бағдарламалары уақытылы жүргізілуде, этнопедагог К.Муканова тәрбиеленушілерді бағдарлама аясында салт-дәстүрлермен таныстырып, әдет-ғұрыптарымызды үйретуде. Өзге ұлт балаларының мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, сұраққа анық жауап бергені көңілге қуаныш ұялатты.
Қазақстан әлемдік қауымдастыққа екпіндеп басып келеді және өзінің алдына жоғары даму мақсатын қояды. Әлем барынша әртүрлі және көптілді болып келеді, және көптеген балалар бір тілден артық тіл қолданатын ортаға түседі. Уақыт талабына сай, саясы тар мақсаттағы сапалы білім емес, шет тілдерді үйренуге дәл осындай қырынан қарау керек.
Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім үлкен рөл атқарады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».
Қазіргі қоғам мәселелерінің бірі тек қана экономикалық жағдайға бейімделген тұлғаны тәрбиелеу емес, сонымен бірге нақты заманға лайық белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің бірі – халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдени аралық қарым - қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілінде қарым - қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту сәбилердің коммуникативті даму біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Біздің бөбекжайда да ағылшын тілі ересек топта аптасына бір сағат, екінші кіші топтан бастап күннің екінші жартысында вариативтік компонент өтіледі. Вариативтік компонентті бақылау нәтижесінде ағылшын тілі бойынша балалар өздерінің аттарын айтумен, сәлемдесумен ғана шектеліп қалған. Ортаңғы топ балалары түстерді, пішіндерді білмейді, ересек топ балалары бір-екі сөзден тұратын сөйлемді құрастырып айта алмайды. Тәрбиешілер К.Толеубаева, С.Акишовалар шығармашылық жобалары арқылы ата-аналармен, балалармен жоспар бойынша жұмыстар жүргізген. Әлі де болса толықтыруларды қажет етеді. Барлық педагогтар шығармашылық жоба жазып, өздерінің кәсіби біліктіліктерін көтеріп отыру қажет,-деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет