Әдістемелік кеңес №1



бет1/17
Дата07.02.2022
өлшемі95,65 Kb.
#94774
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Әдістемелік кеңес №1
05.09.2017 жыл





Қаралатын мәселелер

Өткізу формасы

Уақыты

Жауаптылар

Қыркүйек №1
Тақырыбы: Педагогикалық қызмет барысында тәрбиеленушілерге жүйелі білім беру.
Жүргізілу түрі: Дөңгелек үстел

1.

Педагогикалық үдерісті жаңа оқу жылына дайындау, педагогтардың құжаттарды талапқа сай толтырулары:
- перспективалық жоспар, циклограмма, мониторинг;
- өзіндік білім көтеру тақырыптары мен жоспарын талқылау;
- портфолио жинақтау;
- вариативтік компонент бағдарламаларын, шығармашылық жобалар дайындау, бекіту.

Әдіскер-Жылкыбаева К.О.

2.

Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын талқылап, бекіту

Әдіскер-Жылкыбаева К.О.

3.

Өзара сабаққа қатынасу, тәжірибе алмасу – педагогтың кәсіби өсуінің факторларының бірі.

Әдіскер-Жылкыбаева К.О.

4.

«Балбөбек» І- кіші тобындағы балалардың бейімделуі.

Психолог – Н.Иманбай

5.

Ағымдағы мәселелер.

Әдіскер-Жылкыбаева К.О.

1 әдістемелік кеңеске педагогтардың қатысуын тіркеу




Тақырыбы: Педагогикалық қызмет барысында тәрбиеленушілерге жүйелі білім беру.
Жүргізілу түрі: Дөңгелек үстел
Күні: 05 қыркүйек 2017 жыл



Педагогтардың аты-жөні

Қызметі

Қолы

1.

Жылкыбаева К.О.

Әдіскер




2.

Серік Г. Б.

Тәрбиеші




3.

Куршибаева А. Б.

Тәрбиеші




4.

Токсанова А.У.

Тәрбиеші




5.

Умирзак

Тәрбиеші




6.

Толеубаева К.А.

Тәрбиеші




7.

Акишова С. О.

Тәрбиеші




8.

Муканова К. Н.

Тәрбиеші




9.

Абдуллаева С. Б.

Тәрбиеші




10.

Берлибаева А.

Ағылшын тілі мұғалімі




11

Салауатова Г.

Музыкалық жетекші




12.

Бодыкова А.К.

Тәрбиеші





Әдістемелік кеңес отырысы
Хаттама №1


Уақыты:05.09.2017 жыл
Тақырыбы: Педагогикалық қызмет барысында тәрбиеленушілерге жүйелі білім беру.
Жүргізілу түрі: Дөңгелек үстел
Әдістемелік кеңес төрайымы: Жылкыбаева К.О
Хатшы: Бодыкова А. Қатысқаны:12
Қатыспағаны:-
Күн тәртібінде:

1.

Педагогикалық үдерісті жаңа оқу жылына дайындау, педагогтардың құжаттарды талапқа сай толтырулары:
- перспективалық жоспар, циклограмма, мониторинг;
- өзіндік білім көтеру тақырыптары мен жоспарын талқылау;
- портфолио жинақтау;
- вариативтік компонент бағдарламаларын, шығармашылық жобалар дайындау, бекіту.

Әдіскер-Жылкыбаева К.О.

2.

Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын талқылап, бекіту

Әдіскер-Жылкыбаева К.О.

3.

Өзара сабаққа қатынасу, тәжірибе алмасу – педагогтың кәсіби өсуінің факторларының бірі.

Әдіскер-Жылкыбаева К.О.

4.

«Балбөбек» І- кіші тобындағы балалардың бейімделуі.

Психолог – Н.Иманбай

5.

Ағымдағы мәселелер.

Әдіскер-Жылкыбаева К.О.

Тыңдалды: Педагогикалық үдерісті жаңа оқу жылына дайындау, педагогтардың құжаттарды талапқа сай толтырулары:
- перспективалық жоспар, циклограмма, мониторинг;
- өзіндік білім көтеру тақырыптары мен жоспарын талқылау;
- портфолио жинақтау;
- вариативтік компонент бағдарламаларын, шығармашылық жобалар дайындау, бекіту.
Сөйледі: әдіскер К.О. Жылкыбаева биылғы оқу жылында тәрбиешілердің құжаттарында өзгешеліктер бар. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Стандартта айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі –Үлгілік бағдарлама) Стандарт талаптарына сәйкес:
- балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сай білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға;
- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеуге;
- баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құруға;
- мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз етуге;
- балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіруге;
- әртүрлі жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуына мониторингті ұйымдастыруға;
- мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Үлгілік бағдарламаның мазмұнын іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру арқылы қамтамасыз етіледі.
Білім беру салаларының өзара байланысуы балада қоршаған ортаның тұтас бейнесінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың міндеттерін біріктіру әдісімен іске асырылады. Мысалы, «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметін, сондай-ақ күн тәртібінің сәттерін өткізуде педагог балалардың ауызекі сөйлеуін дамытады, сөздік қорды толықтырады, санауға, би қимылдарын қолданып, музыканың сүйемелдеуімен жаттығулар орындауға үйретеді. Кіріктіру ұстанымын қамтамасыз ету балалардың танымдық белсенділігін дамытуға және қоршаған ортаны тұтас қабылдауға ықпал етеді.
2017-18 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хат негізінде балабақшада өтпелі тақырыптар жасалынып, бекітілді. Өтпелі тақырыптар балалардың жас ерекшеліктерін, бөбекжайдың тақырыптық бағытын ескере отырып, шығармашылық құзыреттілік танытуға бағытталған. Педагог-мамандар перспективалық жоспарды бекітілген өтпелі тақырыптарға сәйкес құрайды, нақты жас тобының перспективалық жоспарында педагог-маманның жоспарына сілтеме жасалады.
Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіруді балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес Үлгілік бағдарлама мазмұнын игерудің сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ете отырып тәрбиешілер өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар жазады.
Перспективалық жоспарға сәйкес балаларды қабылдау, ұйымдастырылған оқу қызметі, серуен, балалардың үйге қайтуы, т.б. күн тәртібіндегі процестердің орындалуын қамтитын және өтпелі тақырыптарға сәйкес бір аптаға арналған циклограмма құрастырылады.
Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:
- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары Перспективалық жоспарға сәйкес анықталады;
- өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық ұстанымын сақтау;
- Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- балаларды дамыту мен оқытуды қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;
- циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны қалыптастыру.
Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу-білім беру процесін тиімді ұйымдастыру және балаларды сапалы тәрбиелеу және оқытумен қамтамасыз ету үшін келесі тәсілдер мен ұстанымдар қарастырылады:
- тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары – педагогтар, психологтар, ата-аналардың баланың тұлғасының қалыптасуында және оның қабілеттерінің дамуында кешенді тәсілі;
- балалардың жас, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес олардың дамуына әрекеттік тәсіл;
- балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуда денсаулықты сақтау тәсілі;
- баланың даму деңгейіне мониторинг жүргізуге және мектепке дейінгі ұйым қызметіне инновациялық тәсіл;
- оқытудың тұтастық, сабақтастық, үздіксіздік ұстанымдары келесі бөлімде бұрын игерген білімді бекітуді, кеңейтуді және тереңдетуді жалғастыратын білім беру салаларының бөлімдерінің арасындағы байланыс ретінде;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, білім беру процесін интерактивті құру.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мазмұнына мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқыту және дамыту бағдарламалары бар, ресурстар кіретін интерактивті жабдықтар жатады. Бұл технологиялар балалардың логикасының, ойлауының, сенсорлық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.
2017-2018 оқу жылында республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында түрлі кезеңдерде баланың даму динамикасын анықтауға, педагогтың болашаққа алдағы амалдарын белгілеуге, баланың жеке дамуы үшін қажетті жұмыстар жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай мониторинг енгізілді. Мониторинг жүргізу үшін индикаторлар жартыжылдық бойынша білім беру салаларынан күтілетін нәтижелер болып табылады. Мониторинг жүргізудің басты тәсілі баланың күнделікті өмірінде жүргізілетін бақылау тәсілі болып табылады.
Диагностика оқу жылының басында, ортасында және аяғында:
- бастапқы – қыркүйекте;
- аралық – қаңтарда;
- қорытынды – мамырда жүргізіледі.
Бастапқы бақылау алдыңғы жас тобындағы мәліметтер
(ІІ жартыжылдықтың күтілетін нәтижелері) негізінде жүргізіледі. Осы диагностика негізінде тәрбиеші психолог және педагог-мамандармен бірге Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықтайды, сондай-ақ, балаға педагогикалық қолдау қажет ететін жұмыстың міндеттері анықталады.
І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аралық диагностика (қаңтарда) жүргізіледі. Аралық педагогикалық диагностиканың жүргізілу мақсаты баланың даму динамикасын анықтау болып табылады.
Қорытынды диагностика ІІ жартыжылдықтың нәтижелері негізінде жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша Үлгілік бағдарламаның мазмұнын игеру деңгейі анықталады және баланың алдағы даму болашағы белгіленеді.
Стандарт талаптары бала дамуының 3 деңгейдің болуын болжайды:
1-деңгей – бала сол немесе басқа қимылдарды қайталай алады;
2- деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді;
3- деңгей – бала өзінің жасай алатынын қолданады.
Мониторинг нәтижелері бақылау парағында толтырылады. Алынған мәліметтер негізінде баланың жеке даму картасы толтырылады. Баланың жеке даму картасын балалармен жұмыс істейтін педагогтар, мамандар толтырады және оны баланың мектепке дейінгі ұйымда болған барлық уақытында жүргізеді. Топтың Бақылау парағын тәрбиеші мектепке дейінгі ұйым бойынша жинақ есепті құрастыру үшін әдіскерге береді.
Сонымен бірге, педагогтардың таңдаған өзіндік білім көтеру тақырыптарына тоқталатын болсам, өзіндік білім көтеру тақырыптарын үш жылға немесе бес жылға аласыздар. Сол тақырып аясында әр жылы балалармен, ата-аналармен кеңейтілген жұмыс жасап, өздеріңіздің кәсіби біліктіліктеріңізді жан-жақты жетілдіріп отырасыздар. Биыл бір тақырып алып, оны аяқтамай келесі жылы басқа тақырып алуға болмайды. Өйткені алған тақырыптарыңыздың нәтижесіне жетулеріңіз керек. Ол жылдан-жылға балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ұлғайып, соңында бір нәтижеге жетулеріңіз керек.
Портфолио-бұл педагогтың өздігінен білім көтеруде жинақталған құжаттары және оны өзінің кәсіби іс-әрекет нәтижелеріне баға беруі мен саналы түрде ұғынуында пайдалануы. Педагог портфолиосы жеке кәсіби жетістіктерін, тәрбиеленушілерді оқытудағы, тәрбиелеудегі және дамытудағы нәтижелерін, педагогтың білім беру саласына қосқан үлестерін біріктіретін жеке папкасы болып табылады. Портфолио педагогке тәжірибелік іс-әрекет нәтижелерін көрсетуге, өзінің кәсіби құзырлығын бағалауға және өз жұмысына салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан, сіздерде әр жылы портфолиоларыңызды толықтырып, жинақтап отыру арқылы өз-өздеріңізге баға беріп отырасыздар. Сол арқылы, келешекте жасалынатын жұмыстарыңызды жоспарлап алуға мүмкіндік береді. Портфолиоларыңызды реттеп, дайындап қойыңыздар.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес екінші кіші топтан бастап вариативті компонент енгізіледі. Апталық вариативтік компоненттің жалпы көлемі:

  • екінші кіші топтың балалары үшін – 1сағат;

  • ортаңғы топтың балалары үшін – 2 сағат;

  • ересек топтың балалары үшін – 3 сағатты құрайды.

Вариативті компонентті анықтауда балалардың жас және жеке ерекшеліктері, мен мүмкіндіктері, қажеттіліктері, қызығушылықтары және мектепке дейінгі ұйымның бағыты ескерілуі қажет. Вариативті компонент мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқу жүктемесінің шекті деңгейінен асырылмай ұйымдастырылады. Біздің бөбекжайда «Ұлттық қазына» және «Ағылшын тілін үйренеміз» вариативтік компонент бағдарламалары жасалынып, бекітілді. «Ағылшын тілін үйренеміз» вариативтік компоненті «Қазына», «Қарлығаш» ІІ кіші және «Еркетай» ортаңғы, «Ақбота» ересектер тобында өтіледі. Ал, «Ұлттық қазына» вариативтік компоненті «Еркетай» ортаңғы, «Ақбота» ересектер тобында күннің екінші жартысында жүргізіледі. Тәрбиешілер циклограманы толтырғанда вариативтік компонентті көрсетесіздер. Бөбекжайдың даму стратегиясы негізінде «Тәлімгер», «Тілашар», «Шынықсын денеміз», «Жас ата-аналар мектебі», «Отбасы-алтын ұя» шығармашылық жобалары дайындалған. Осы жобалар өз жұмыстарын әрі қарай жандандыру қажет.
Сонымен бірге, әдіскер К.Жылкыбаева жас мамандар мен оларға бекітілген тәлімгерлер туралы тоқталып өтті. Биылғы оқу жылында бөбекжайда 2 жас маман жұмыс істейді. Олар тәрбиешілер А.Бодыкова мен П.Умирзак. Бұл мамандарға тәлімгерлер бекітілді. Тәлімгерлер өздерінің жұмыс жоспарларын жасап, бекіту керек. Жас мамандар өзара ұйымдастырылған оқу қызметтеріне кіріп, іс-тәжірибе алмасу және үнемі ізденісте болып, өздерін жан-жақты көрсете білу керек,- деді.
Шешім:

  1. Перспективалық жоспар, циклограмма 2017-2018 оқу жылындағы әдістемелік нұсқаулық хат талаптарына сай толтырылсын.

  2. Әр педагог өз білімін көтеру тақырыбы аясында жан-жақты жұмыстарды жүргізуді жандандырсын.

  3. Шығармашылық жобалар жұмысы жүйеленсін.

2. Тыңдалды: Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын талқылап, бекіту.
Сөйледі: Әдіскер К.О.Жылкыбаева оқу жылында әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мақсатында әдістемелік тақырып таңдау керектігі туралы айтты. Педагогикалық тақырыптың өзекті мәселеге байланысты болуы, өзекті мәселенің оқу жылына қойылатын мақсат-міндеттеріне байланысты және әр педагогтың біліктілік дағдыларына қатысты болуы керек дегенді айтты. Қазіргі кезеңде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту педагогтар тарапынан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан педагогтардың әрбір іс-әрекетті жаңаша түрде, дәстүрлі, дәстүрлі емес түрлерін өту дағдыларын жетілдіруді талап етеді. Қазіргі заман талабына сай тәрбиеленушілерге жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып, білім мен тәрбие беруді ойластыру қажет. Сондықтан педагогтардың ізденіп, жаңаша жұмыс жасауларын қадағалап, бақылауға алу және оны әдістемелік бірлестік жұмысының жоспарына енгізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет