Сөйлегендер: К.О.Жылкыбаева: Дамытушы орта дайындауда ата-аналармен қандай жұмыстар жүргізіп отырсыз?
С.Акишова: Ата-аналар жиналысында дамытушы ортаның балалардың дамуына пайдасы туралы айтып, тренинг өткіздім. Содан кейін ата-аналардың қызығушылығы оянып, өздері түрлі қалдық материалдардан дидактикалық материалдарды жасап келе бастады. Қазір орталықтарды толықтырып жатырмыз.
К.Толеубаева: Тобыңызда қандай дамытушы орта дайындарған?
С.Акишова: «Сюжетті-рольді ойын», шығармашылық бұрышы, табиғат бұрышы, «Қуыршақ театры» бұрышы, дидактикалық ойындар бұрышы дайындалған.
Шешім: барлық топтарда дамытушы ортаны толықтыру жұмыстары жүргізілсін.