Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Көрнекі әрекетте балалардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту
Модуль /пән атауы: Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі
Дайындаған педагог: Нурметова Д.А.
Күні : 2022 жылғы "__" ____________________________________
1.Жалпы мәліметтер Курс: 4
Топ: _____________________________
Сабақ мақсаттары: Жарықтың шағылуы құбылысын сипаттауда қолданылатын түсінікті білу: жарық сәулесі, шашыратқыш бетке жүргізілген нормаль, түсу бұрышы, шағылу бұрышы; сәуленің шағылу заңын көрсететін тәжірибені сипаттау
Жарықтың шағылу заңының мәнін ашу
Арнайы пәндік лексика мен терминология:
Қазақша Орысша Ағылшынша
Жарық Свет light
Жарықтың шағылу заңы Закон отражении света Law of reflection of light
Түсу бұрышы Угол падения angle of incidence
Шағылу бұрышы Угол отражения angle of reflection
Айналық шашырау Зеркальное отражение mirroring
Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:
Жарықтың шағылуы — жарықтың екі ортаның (1-орта мен 2-ортаның) бөліну шекарасына түскен кезде затпен әсерлесуі нәтижесінде бөліну шекарасынан кері қарай таралуы.
Құндылықтарды дарыту - Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)
- Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
- Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
- Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстар Математика
АКТ қолдану дағдылары Есептер мысалын АКТ көмегімен ұсыну
Бастапқы білім Жарық. Жарық көздері
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ой шақыру Қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру
1.Оқушылармен амандасу
2.Түгендеу
3.Сыныптың сабаққа дайындығы
Жарық, жарық көздері тақырыбы бойынша үй тапсырмасын сұрау.
Кубизм әдісін пайдаланып үй тапсырмасы сұралады. Кубиктің алты жағына алты сұрақ жазылады. Оқушы жауап береді, тапсырманы орындайды.
1.Жарық дегеніміз не?(Жарық дегеніміз табиғаты ерекше бөлшектер ағыны немесе фотондар деп атайды)
2.Жарық көздеріне нелер жатады?
3.Жарық жылдамдығы туралы не білесіңдер?
4.Алакөлеңке туралы не білесің?
5. Көлеңке дегеніміз не?
6. Күннің тұтылуы? Айдың тұтылуы?
Оқушылар хабарламасы
Сабақтың ортасы
Суреттердегі судың бетінде қандай құбылыс байқалады?
Осы құбылыстарды қалай түсіндіруге болады
Иа, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы
«Жарықтың шағылуы. Жарықтың шағылу заңы»
1.Жарықтың шағылуын жайында мәлімет беру.
Жарықтың шоғылу және сыну заңдарын алғаш рет Христиан Гюйгенс ұсынған.Оның принципі бойынша екі ортаның шекара бетінен шағылған сәуленің бағынатын заңын қорытып шығарған. Түскен сәуле мен шағылдырушы бетке түсу нүктесінде жүргізілген 2-бұрышы деп аталады.
Жарық сәулелері қандай да бір бетке түскен кезде сол өзі шыққан ортада одан жартылай немесе толық шағылады. Дене беті тегіс немесе ұсақ және өте ұсақ ой-қырлары бар кедір-бұдырлы ьолуы мүмкін. Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарық түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады.
2. Жарық шағылуының заңы
1 заңы Түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.
2 заңы Шағылған сәуле түскен сәуле мен шағылдыратын бетке түсірілген нормаль арқылы өтетін жазықтықта жатады;
3. Жарықтың түсу және шағылу бұрышы жайында түсінік беру.
Түскен сәуле мен сәуленің түсі нүктесінен шағылдыратын бетке тұрғызылған перпендикуляр арасындағы α бұрышы түсу бұрышы деп аталады. Шағылған сәуле мен сәуленің шағылу нүктесінен шағылдыратын бетке тұрғызылған перпендикуляр арасындағы β бұрышы шағылу бұрышы деп аталады.
http://www.bilimland.kz//kk/#lesson=10917
http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba07e-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_3.swf
Практикум
Жарықтың шағылу құбылысы
1.Шағылысқан сәулелердің қайсысы дұрыс салынғанын анықтаңыз
2.Бұдыр беттің үстінде дұрыс көрсетілген суретті көрсетіңіз
3.Жазық беттен шағылған сәуле төменгі суретте көрсетілген. Олардың кейбіреуі дұрыс емес. Дұрыстарын көрсетіңіз
Таратпа парақшалар
Транспортир
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Сабақтың соңы
Үйге тапсырма
Рефлексия
Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін Онлайн тест арқылы қорытындылау
§64. 1-тапсырма. 30°, 45°, 50°, 70°, 90° бұрышпен түскен жарықтың шағылуын сызбамен көрсет
Сабақ соңында оқушылар рефлексия парағын толтырады
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b796b-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/index_listing.html
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Барлық оқушылар: жарықтың шағылу заңын біледі
Көпшілігі: жарықтың шағылу заңын қолдана отырып сызбасын көрсете алады
Кейбір оқушылар: жарықтың шағылу заңын негізге ала отырып жарық құбылыстарын түсіндіре алады Сабақтың басындағы сұрақ-жауап
Нәтижелерді бағалау
оқушылар прак жұмысты орындайды сипаттайтын терминдердің қазақша, орысша және ағылшынша айтылуын біледі. Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау
Көз жаттығуларын орындау
Кабинетті желдету
Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау), серіппелерді ұқыпты қолдану
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?