Әдістемелік көмекші құрал (1 – 4 кластар үшін)


Теңдіктер тура шығатындай етіп, арифметикалық амал таңбаларын қой



бет86/104
Дата24.11.2023
өлшемі5,81 Mb.
#193323
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104
Байланысты:
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы

3.Теңдіктер тура шығатындай етіп, арифметикалық амал таңбаларын қой.
3 3 3=30 ; 6 6 6=30; 5 5 5=30;
4.Есепте: 900т:6 625г:5г 100кг:2 216кг:9кг 960кг:8 320кг:5 810г:30г 480т:30т 5.Логикалық есептер: 1.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың басы –төрттеу,аяқтарының саны 10.Аулада қанша тауық,қанша бұзау бар?(1 бұзау, 3 тауық. 4+2+2+2=10;) 2.Математикалық фокус. «Ойлаған санды табу». Сан ойла. оны екі еселеп, 5-ті қос.5-ке көбейт.10-ды қосып, 10-ға көбейт.Нәтижең қанша?Ойлаған саныңды табамын.Мысалы.9х2=18. 18+5=23. 23х5=115. 115+10= 125. 125х10=1250.Фокус сыры.Нәтижеден 350-ді азайту керек.Айырманың жүздігі ойлаған сан болады:1250-350=900. 9-ойлаған сан.
8-сабақ. Тақырыбы:Жылдамдық, қашықтық, уақытқа берілген күрделі есептерді шығару,кері есеп құру. Мақсаты:1.Оқушыларды есептің жаңа түрімен таныстыру, терминдерді дұрыс қолдана алуға үйрету, қозғалысқы берілген есептерді құрастырып және шығаруды пысықтай түсу; 2.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру; 3.Әдемі.таза жаза білуге дағдыландыру. Түрі:жаңа білім беру. Әдісі:сұрақ-жауап,іс жүзінде талдау, түсіндіру, өзін-өзі бағалау. Көрнекілігі:тірек сызбалар, карточкалар, суреттер,Формулалар,интерактивті тақта; І.«Ой шақыру» стратегиясы.Математика сабағына ену. (Өткен сабақты қайталау) 1.8 санының квадраты. 2.Ұзындық өлшем бірліктерін ата. 3.Тік төрбұрыштың ауданын қалай табамыз? 4.Көбейтудің қандай қасиеттерін білесіңдер? 5.5*8 6.1км неше метр-ге тең? 7.63:9; 8. Фигураның периметрін қалай табамыз? 9.Перпендикуляр мен параллельдің айырмашығы неде

ІІ.Жаңа материалмен танысу:
Сабақтың тақырыбымен таныстыру. «Жылдамдық.Уақыт. қашықтық». Суретпен жұмыс: (жаяу адам.трактор,жеңіл машина суреттері) -Суретте нелерді көріп тұрсыңдар? -Трактор қозғалыста ма?Оны неден байқадыңдар -Жеңіл машина ше?Ал, адам ше? (үшеуі де қозғалыста) Бұлардың қозғалысы жөнінде не айтуға болады? -Олардың бір сағатта бара алатын қашықтықтары бірдей бола ма, әлде әр түрлі бола ма?-Неліктен? Қайсысы басқаларынан баяу, қайсысы жылдам қозғалады? -Міне, балалар осындай жағдайдағы қозғалыстағы денелер бір сағатта немесе бір минутта жүріп өткен жолын,яғни қашықтықтарын кесінділер арқылы көрсетейін.
--------------------------  5км-бұл жаяу адамның қозғалыс жылдамдығы сағатына 5 км -------------------------- 10км-трактордың қозғалыс жылдамдығы сағатына 10км --------------------------- 60км- машинаның қозғалыс жылдамдығы минутына 60 км
Сонымен,балалар қозғалыстағы денелер жылдамдық, уақыт, қашықтықпен белгіленеді екен.Олай болса ,қозғалыс денелерінің атауларының немен өлшенетінін қалай жазылып, оқылатынын еске түсіріп қайталап өтейік. Атауы s v t Өлшемдері км км/сағ сағ Формуласы s=v х t v=s:t t=s:v
ІІІ.Кесте бойынша есептер құрастыр және шығар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет