Әдістемелік нұсқау Физика 10


тоҚсанДыҚ ЖиынтыҚ бағалау



Pdf көрінісі
бет26/26
Дата13.03.2020
өлшемі1,89 Mb.
#60078
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
19a38f73885070998eadef0f10417db4
1566913256337, СОР Алгебра 7кл каз, 19a38f73885070998eadef0f10417db4, 1567089479235, 19a38f73885070998eadef0f10417db4, 19a38f73885070998eadef0f10417db4, СОЧ Алгебра 7кл каз, sor geografiya 7kl kaz, sor fizika 7kl kaz n2, 1384409234447

тоҚсанДыҚ ЖиынтыҚ бағалау
1. тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты.
—  Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  мақсаты  оқушылардың  тоқсан 
барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
— Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспар-
ланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар.
Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  10-сыныптарына  арналған  “Физика” 
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
3. Күтілетін нәтижелер
Оқушы:
— қоршаған әлемді тану және ондағы өзінің орнын сезіну үшін ғылыми 
ұғымдар  мен  терминдерді,  заңдар  мен  заңдылықтарды  пайдалана  біледі, 
табиғаттағы процестердің себеп-салдарлық байланыстарын анықтай алады;
—  табиғи  құбылыстар  мен  процестердің,  заңдар  мен  заңдылықтардың 
болмысын және олардың түсініктемелерін ашу үшін тәжірибелік эксперимент-
тік, зерттеушілік жұмыс жүргізе біледі;
— әлемнің ғылыми бейнесі туралы өз көзқарасын кеңейту үшін, жағдай-
ларды  бағалау  және  белгілі  шешім  қабылдау  үшін  жаратылыс-ғылыми 
білімнің  ақпараттық-ұғымдық  аясында  түсінігі  болады,  оларды  пайдалана 
біледі.
4. ойлау дағдыларының деңгейі.
ойлау
дағдыларының 
деңгейі
сипаттама
ұсынылатын 
тапсырмалар
білу және
түсіну
Білу:
— бастапқы физикалық ұғымдарды;
—  сәйкес  бөлімдердегі  ұғымдарды, 
ф о р м у л а л а р д ы ,   з а ң д а р д ы   ж ә н е 
физикалық тұрақты шамаларды;
—  физикалық  шамалардың  өлшем 
бірліктерін;
— физикалық құбылыстарды.
Түсіну:
—  шамалардың  физикалық  мағына-
сын, механика, астрономияның негізгі 
терминдері мен заңдарын;
— физикалық құбылыстардың маңыз-
ды лығын.
Деңгейді тексеру
үшін көп 
таңдауы бар
тапсырмалар 
(КТБ)
және/немесе
Қысқа жауапты 
(ҚЖ)
қажет ететін
тапсырмаларды
пайдалану
ұсынылады.
Қолдану
Қолдану:
— процестер мен құбылыстарды сипат-
тау  үшін  негізгі  физикалық  ұғым дар 
мен терминдерді;
Деңгейді тексеру
үшін Қысқа 
жауапты
(ҚЖ)

Жалғасы
267
—  қолданбалы  және  оқу  тапсырма-
ларын  орындау,  практикалық  және 
зертханалық  жұмыс тарды  орындау 
бары сында физика заңдары мен форму-
лаларын;
—  нәтижелерді  ұсынуда  графикалық 
тәсілдерді;
—  өлшем  бірліктердің  Халықаралық 
бірліктер жүйесін;
—  алынған  білімдерін  физикалық 
құбылыстардың  жүру  жағдайларын 
және процестерді түсіндіруге.
қажет ететін 
тапсырмаларды 
және/
немесе толық
жауапты (ТЖ) 
қажет
ететін 
тапсырмаларды
пайдалану 
ұсынылады.
Жоғары
деңгей
дағдылары
(талдау,
жинақтау,
бағалау)
Талдау:
—  эксперимент  нәтижесінде  алынған 
деректерді;
—  графиктік  және  кестелік  нысанда 
берілген ақпаратты.
Жинақтау:
— кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баян-
дама,  таныстырылым  түрінде  көрсету 
үшін жинақталған және өңдел ген дерек-
терді, ақпараттарды;
—  гипотеза,  дәлел  және  түсініктеме 
жасауға арналған ғылыми модельдерді 
және дәлелдемелерді;
— эксперимент және зерттеулер жүргізу 
жоспарын.
Бағалау:
—  жасалған  эксперименттің  нәтиже-
лерін.
Деңгейді тексеру
үшін Қысқа 
жауапты
(ҚЖ) қажет 
ететін
тапсырмаларды
және/немесе 
Толық
жауапты (ТЖ) 
қажет
ететін 
тапсырмаларды
пайдалану
ұсынылады.
5. ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды 
тоқсандарға бөлу
тоқсан
білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей
дағдылары
ұсынылған
ұсынылған
ұсынылған
I
56 %
20 %
24 %
II
32 %
52 %
16 %
III
20 %
60 %
20 %
IV
24 %
56 %
20 %
барл-
ығы
33 %
47 %
20 %

268
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде 
қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, 
кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, 
білім  алушыларға  жұмыстың  орындалу  ұзақтығы  хабарланады.  Білім 
алушыларға  жұмыс  барысында  бір-бірімен  сөйлесуге  болмайтындығы 
ескертіледі. Нұсқаулықпен таныс тырып болғаннан кейін білім алушыларға 
тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын 
қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты 
орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер 
немесе  калькуляторлар  (спецификацияда  рұқсат  берілген  жағдайлардан 
басқа уақытта) пайдалануға мүмкін діктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. 
Олардың  жұмыс  уақытында  бір-біріне  көмектесуге,  көшіріп  алуға  және 
сөйлесуге болмайтындығы ескертіледі.
Білім  алушыларға  дұрыс  емес  жауапты  өшіргішпен  өшірудің  орнына, 
қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты 
білім  алушылар  тарапынан  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  болады. 
Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты 
оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық  жиынтық  бағалау  аяқталғаннан  кейін  білім  алушы лардан 
жұмысын  тоқтатып,  қалам/қарындаштарын  партаның  үстіне  қоюын  өтіну 
керек.
7. Модерация және балл қою
Барлық  мұғалімдер  балл  қою  кестесінің  бірдей  нұсқасын  қолданады. 
Модерация  үдерісінде  бірыңғай  балл  қою  кестесінен  ауытқушылықты 
болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы — 40 мин
Балл саны — 25 балл
Тапсырма түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; 
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

269
ЖиынтыҚ бағалауДың ҚұрылыМы.
—  Берілген  нұсқа  көп  таңдауы  бар  тапсырмаларды,  қысқа  және  толық 
жауапты сұрақтарды қамтитын 10 тапсырмадан тұрады.
—  Көп  таңдауы  бар  тапсырмаларға  оқушылар  ұсынылған  жауап 
нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
—  Қысқа  жауапты  қажет  ететін  сұрақтарға  оқушылар  есептелген  мәні, 
сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
—  Толық  жауапты  қажет  ететін  сұрақтарда  оқушыдан  максимал  балл 
жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап 
етіледі. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу 
қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан 
тұруы мүмкін.

270
1-тоҚсан боЙынШа ЖиынтыҚ бағалау тапсырМаларының сипаттаМасы 
бөлім
тексерілетін мақсат
ойлау
 дағды-
ларының
 
деңгейі
т
апсырма
 
саны
т
апсырма

 1
тапсырма 
түрі
о
рындау
 
уақыты,
 
мин
балл
бөлім
 
бойынша
 
балл
Молеку-
лалық-
кинети-
калық 
теория 
ның 
негіздері
10.2.1.1 
— 
молекулалық-
 
кинетикалық теорияның 
не
гіз
гі 
қағид
ала
ры
 
ме
н
 
идеал газды сипаттау 
Білу және 
түсіну
4
1
КТБ
3
3
8
10.2.1.1 — 
молекулалық-
кинетикалық теорияның 
негізгі қағидалары мен 
идеал газды сипаттау 
Қолдану
2
КТБ
3
2
8
ҚЖ
5
1
9
ҚЖ
3
2
газ 
заңдары
10.2.2.1 — идеал 
газ күйінің негізгі 
теңдеуін қолдану 
және изопроцестер 
графиктерін ажырату 
Білу және 
түсіну
2
3
ТЖ
5
3
7
4
ҚЖ
3
4
термо-
динамика 
негіздері
10.2.3.1 — 
термодинамиканың 
бірінші және екінші 
заңының мағынасын 
түсіндіру 
Білу және 
түсіну
2
5
ТЖ
2
3
5
10.2.3.1 — 
термодинамиканың 
бірінші және екінші 
заңының мағынасын 
түсіндіру;
Қолдану
10
3
2
ҚЖ
3

271
сұйық 
және 
қатты 
денелер
10.2.4.1 — ауаның 
салыстырмалы 
ылғалдылығын анықтау
Қолдану
2
6
ТЖ
5
2
5
10.2.4.2 — сұйықтың 
беттiк керiлу 
құбылысының 
табиғатын түсіну 
және қылтүтіктік 
құбылыстардың өмірдегі 
маңызы
Білу және 
түсіну
7
ТЖ
5
3
барлығы:
10
40
25
25
Ескерту
:* —
 өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
Жалғасы

272
тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1.  Молекулалық-кинетикалық  теория  негіздеріне  сүйеніп,  газ  тәрізді, 
сұйық  және  қатты  денелер  молекулаларының  қозғалысындағы  сапалық 
айырмашылықтарды түсіндіріңдер.
а) 
 [1]
ә) 
 [1]
б) 
 [1]
2. Атомының массасы 3,52 · 10
–25
 кг болатын заттың молярлық массасын 
есептеңдер.
а) заттың молярлық массасын анықтайтын формуланы анықтаңдар 
 [1]
ә) есепті формулаға қойып шығарыңдар
 [1]
3.  Суда  жүзіп  жүрген  сіріңке  талдарының  арасындағы  су  бетіне  сабын 
кесегін тигіз. Суға қант кесегін тигізіп, тәжірибені қайталаңдар. Неліктен 
бірінші  жағдайда  сіріңке  талдары  бір-бірінен  алыстайды,  ал  екіншіде  — 
жақындайды?
а) Сұйықтың беткі қабаттарының қасиеттері неге байланысты?
 [1]
ә) Сабын мен су молекулалары өзара тартылады, сонда судың беткі қабаты 
қалай өзгеретітін анықтаңдар 
 [1]
б) Қант бөлшектері су молекулаларының арасынан орын алып, оның беткі 
қабатын қалай өзертетінін анықтаңдар 
 [1]
4. Судың беттік керілу коэффициентін анықтау үшін сыртқы саңылауының 
диаметрі 2 мм тамызғыш қолданылады. 40 тамшының массасы 1,8 г. Осы 
берілгендер бойынша есептегенде судың беттік керілу коэффициентінің мәні 
қандай болады?
 [4]
5.  Қаныққан  будың  қысымы:  а)  температураға;  ә)  көлемге  қалай  бай-
ланысты?
 [3]
6. Қандай жағдайда будың қысымы артып, салыстырмалы ылғалдылығы 
кемиді?
 [2]
7. Болат пен мыстың созылу диаграммасы бойынша олардың механикалық 
қасиеттерін сипаттаңдар (1-сурет).

273
1-сурет
а) 
 қай бөліктері болаттың серпімді материал екенін көрсетеді: (
σ ~ l).  
[1]
ә) 
  қай  бөліктері  болаттың  аққыштығының  нашарлығын 
көрсетеді.
[1]
б) 
 қай бөліктері — мыстың болаттан қарағанда қатаюға төзімді 
болатынын, ал болаттың үлкен кернеуде қатаятынын көрсетеді.
 [1]
8.  Молекулалық-кинетикалық  теорияның  негізгі  қағидаларын  атаңдар. 
Олардың  дұрыстығын  қандай  фактілер,  тәжірибелер  және  құбылыстар 
дәлелдейді?
 [1]
9. Молекулалық-кинетикалық теорияны негізге алып, қатты денелердің 
механикалық қасиеттеріндегі өзгерістерді, деформациялардың әртүрінің пайда 
болу себептерін түсіндіріңдер.
 [2]
10.  Жабық  ыдыстағы  газды  қыздырғаңда  (салқындатқанда)  1-күйден 
2-күйге өтті. Процестерді 
VÒ координатасында кескіндеңдер. Осы кезде газ 
қысымы қалай өзгереді?
 
 [2]

274
1-тоҚсан боЙынШа балл Қою Кестесі

Жауап
балл
Қосымша 
ақпарат
1
а) Газдарда молекулалар өте алшақ орналасады, 
кеңістікте үлкен жылдамдықпен хаосты қозғалады, 
өзара өте әлсіз тартылады.
ә) Сұйықта молекулалар бір-біріне жанаса жақын 
орналасады; тепе-тендік қалпының айналасында 
секіріп қозғалады; өзара тартылады.
б) Қатты денелерде молекулалар тепе-тендік 
қалпының айналасында тербеліп қозғалады; өзара 
күшті тартылады.
3
2
Ì = m
0
·N
A
.
Ì = 0,21 кг/моль.
2
3
1. Молекулалардың өзара әсерлесуіне байланысты.
2. Сабын мен су молекулалары өзара тартылады да, 
судың беткі қабаты кішірейеді.
3. Қант бөлшектері су молекулаларының арасынан 
орын алып, оның беткі қабатын ұлғайтады.
3
4
Шешуі: Тамшыға екі күш әсер етеді:
беттік керілу күші 
F
1
 = 2
σπR, ауырлық күші 
F
2
 = 
ò
1
g. 
Тамшы тепе-теңдікте тұр, олай болса 
F
1
 = 
F
2
 немесе 
2
σπr = ò
1
g, бұдан 
σ = 
m g
r
1
2
π
.
Бір тамшûның массасы 
ò
1
 = 
m/n және тамызғыш 
радиусының 
r = d/2 болатынын ескеріп, соңғы 
теңдеуді былай жазамыз: 
σ = 
mg
dn
π
.
Æ а у а б ы
δ = 7,2·10
–2
 Н/м.
4
5
Қаныққан бу өзінің сұйығымен тепе-теңдікте 
болады. 
а) Газ күйінің теңдеуі бойынша 
ð 
N
V
kT немесе 
ð nkT. Тұрақты көлемде температураның 
жоғарылауымен молекулалар концентрациясы 
артады, олай болса қысым да артады;
ә) көлемінің өзгеруімен ондағы буланатын және 
конденсацияланатын молекулалар саны бірдей 
өзгереді.
3
6
ϕ =

P
P
k
100%.
2

Жалғасы
275
Салыстырмалы ылғалдылықтың кему жағдайлары:
а) температураның жоғарылауы;
ә) температураны қаныққан будың қысымы 
айналадағы қысымнан тезірек жоғарылайтындай 
етіп өзгерту.
7
а) 01 мен 0
′1′;
ә) 12 мен 1
′2′ көрсетеді;
б) 23 пен 2
′3′ көрсетеді.
3
Графиктің 
көмегімен 
анықтайды
8
а) Заттың бөлінгіштігі; 
ә) бөлшектердің жылулық қозғалысы;
б) бөлшектердің өзара әсерлері; 
в) броундық қозғалыс;  
г) диффузия құбылысы;
ғ) химиялық реакция. 
1
9
1.1. Қатты денелердің а) механикалық кернеу, 
ә) серпімділік модулі, б) созылу диаграммасы 
сияқты механикалық қасиеттері сипатталады.
1.2. Қатты денелердің механикалық қасиеттерінің 
өзгеруі бөлшектердің арасында өзара әсер 
күштерінің болатындығымен түсіндіріледі.
1.3. Деформациялардың а) созылу, ә) ығысу, 
б) майысу, в) бұралу түрлері аталады.
1.4. Деформациялардың пайда болу себептері 
бөлшектердің арақашықтығының өзгеретінімен 
түсіндіріледі.
2
10 а) 
соnst, изохоралық процесс;
ә) газ күйі 
ð
1
Ò
1
 
= ð
2
Ò
2
 заңдылығымен өзгереді;
б) қыздырғанда қысым артады;
в) салқындатқанда қысым кемиді.
2
Жалпы балл:
25

МазМұны
Кіріспе ....................................................................................................................................................3
Физика курсының  оқытудың қоғамдық-гуманитарлық  бағытындағы 10-сыныпқа 
арнал ған бағдарламасы  ................................................................................................. 5
Оқу пәнінің базалық мазмұны  ....................................................................................... 6
Оқу материалын тақырыптық жоспарлау үлгісі ................................................................ 8
Оқыту әдісі Механика  ..................................................................................................10
Динамика  ...................................................................................................................19
Сақталу заңдары  .........................................................................................................24
Жылу физикасы  ..........................................................................................................30
Молекулалық физиканың негізгі түсініктері мен теңдеулері  ............................................31
Термодинамика  ...........................................................................................................36
Электр жіне Магнитизм  ...............................................................................................45
Тұрақты ток  ................................................................................................................52
“Физика” оқу пәні бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыру және оны жүзеге 
асыру жағдайларына қойылатын талаптар ......................................................................63
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі ..........................................67
Жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері  .........73
ҚысҚа МерзіМДі Жоспарлау
1-бөлім. МЕХАНИКА
I. Кинематика негіздері .................................................................................................76
ІІ. Динамика .............................................................................................................. 102
III. Статика және гидростатика .................................................................................... 118
IV. Сақталу заңдары ................................................................................................... 132
V. Гидродинамика ...................................................................................................... 137
2-бөлім. ЖЫЛУ ФИЗИКАСЫ
VI. Молекулалық-кинетикалық теорияның негіздері ...................................................... 146
VII. Газ заңдары  ........................................................................................................ 160
VIII. Термодинамика негіздері ..................................................................................... 165
IX. Сұйық және қатты денелер .................................................................................... 175
3-бөлім. ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНЕТИЗМ
X. Электростатика ...................................................................................................... 184
XI. Тұрақты ток ......................................................................................................... 193
XII. Әртүрлі ортадағы электр тогы ............................................................................... 206
XIII. Магнит өрiсi ....................................................................................................... 228
XIV. Электромагниттiк индукция................................................................................. 249
Тоқсандық жиынтық бағалау ....................................................................................... 266
Жиынтық бағалаудың құрылымы  ............................................................................... 269
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі  .................................................................... 272
1-тоқсан бойынша балл қою кестесі  ............................................................................. 274

Учебное издание
Казахбаева Данакуль Мукажановна
абжалелова Жадыра Жиенбаевна
ÔÈÇÈÊÀ
Учебное пособие для 10 классов общественно-гуманитарного направления 
общеобразовательных школ
(
на казахском языке)
Редакторы 
А. Сабдалиева
Көркемдеушi редакторы 
А. Ақыл
Техникалық редакторы 
И. Тарапунец
Компьютерде беттеген 
Г. Хаширова
Баспаға Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң № 0000001 
мемлекеттiк лицензиясы 2003 жылы 7 шiлдеде берiлген
ИБ № 
Басуға 08.18 қол қойылды. Пiшiмi 70×100
1
/
16
. Офсеттiк қағаз. Қарiп түрi “SchoolBook 
Kza”. Офсеттiк басылыс. Шартты баспа табағы қосарбет. Шартты бояулы беттаңбасы . 
Есептiк баспа табағы қосарбет. Таралымы дана.  
Тапсырыс 
“Мектеп” баспасы, 050009, алматы қаласы, абай даңғылы, 143-үй
Факс: 8(727) 394-37-58, 394-42-30
тел.: 8(727) 394-41-76, 394-42-34
е-mail: mektep@mail.ru 
Web-site: www.mektep.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет