Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-
гуманитарлық бағытындағы 10-сынып
мұғалімдеріне арналған құрал
Алматы “Мектеп” 2019
Әдістемелік
нұсқау
Физика
10
Д. М. Қазақбаева, Ж. Ж. Абжалелова
© Қазақбаева Д.М., Абжалелова Ж.Ж.
© “Мектеп” баспасы, көркем
безендірілуі
Барлық құқықтары қорғалған
Басылымның мүліктік құқық тары
“Мектеп” баспасына тиесілі
Қазақбаева Д. М. т.б.
Физика. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық
бағы тындағы 10-сынып мұғалімдеріне арналған құрал / Д.М. Қазақбаева,
Ж. Ж. Абжалелова, — Алматы: Мектеп. — 277 б.
3
Кіріспе
Ұсынылып отырған әдістемелік құрал жалпы орта білім беру деңгейінің
жаңартылған мазмұндағы мектеп бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін
және қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған “Физика” (Д.Қазақбаева,
Б.Кронгарт, У.Тоқбергенова) оқулығын пайда ланатын мұғалімдерге
бағытталған. Құралда 10-сынып физика курсы мазмұнын тақырыптық
жоспарлау үлгісі, оқушылардың дайын дық деңгейіне қойылатын талаптар
және мұғалімдерге арналған ұсыныстар берілген.
Тақырыптық жоспарлау үлгісі физиканы аптасына 2 сағ оқытуға есептелген.
Құралда оқулықта қамтылған “Механика”, “Жылу физикасы”, “Электр
және магнетизм” бөлімдері бойынша тақырыптарды зерделеудің бірқатар
әдістемелік ұсыныстары берілген. Оқу құралының мақсаты — курстың барлық
тақырыптарын ашып көрсету емес, курстың бірқатар тақырыптарына талдау
жасау барысында пән мұғаліміне әдістемелік сипаттағы нұсқаулар ұсыну.
Оқу құралының авторлары курстың нақты материалын оқытудың
мақсаты мен мазмұнына байланысты әр мұғалімнің қалыптасқан өзіндік
ұстанымдарының болатынын ескереді. Өйткені мұғалім білім беруші ғана
емес, оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы болып табылады,
сондықтан оған шығармашылық үдеріс тән.
Физиканың жалпы білімдік курсы физика ғылымының негіздерін
құрайды, алайда физиканың ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды
орын алатынын ескеру қажет. Өзінің мазмұнында деректерді, түсініктерді,
заңдарды, теорияларды, модельдерді, іргелі тәжірибелерді, физика әдістерін
және т.б. қамтитын физикалық теория аясында адамзат қызметінің
түрлі салаларында кеңінен қолданыс табатын ұғымдар, ойлау жүйесі мен
практикалық қызмет үшін тиімді болатын тәсілдер қалыптастырылатын
болады. Оқушылар физиканың практикалық қолданыстарымен, көрнекті
ғалымдардың өмірімен танысады және физиканың әртүрлі кезеңдегі дамуы
туралы мағлұмат алады.
Жаратылыстану саласындағы кең дамыған ғылым ретінде физика ғылыми
көзқарастардың және ғылыми ойлау стилін қалыптастырудың негізі болып
табылады. Физиканың жалпы мәдени мәнділігін ашу және осы негізде
ғылыми дүниетаным мен ой-өрісті қалыптастыру — физика курсының басты
мақсаты. Сонымен қатар, оқытудың негізгі мақсатына физиканы адамзаттық
мәдениеттің маңызды компоненті ретінде таныстыру қажеттігі жатады. Демек,
мектепте физиканы оқытудың мәдени үйлесімділік, гуманитарлық сипаты
болуы тиіс. Осы айтылғандардың бәрі физиканы оқытудың мемлекеттік
стандартына және оқу бағдарламасына сәйкес келеді.
Физикалық білім мазмұнын таңдап алу кезінде физика негіздерін зерделеу
үшін таңдап алынған деректер, түсініктер, заңдар, теориялар оқушыларға
жүйелі берілуі тиіс екені ескерілді. Кез келген ғылымда ақпаратты жүйелеу
оның мәнін түсіну үшін де, ол ақпаратты тиімді пайдалану үшін де маңызды
рөл атқаратыны белгілі. физика пәні бойынша білімді жүйелеу біліктілік,
бірізділік сияқты дидактикалық принциптерге сәйкес жүзеге асырылды.
Оқулық авторлары физика курсындағы оқу материалдарын жетекші
физикалық идеялардың немесе принциптердің айналасына топтау немесе
біріктіруді, яғни, оны генерализациялауды басшылыққа алды.
4
Әлемнің осы заманғы бейнесі — іргелі физикалық теориялар тұрғысынан
табиғаттағы процестер мен объектілер туралы түсініктердің жүйесі болып
табылады. Демек, оқушылар әлемнің физикалық бейнесі жайлы түсінік алу
үшін іргелі физикалық теориялардың мазмұнын, олардың негізінде жатқан
философиялық идеяларды, осы теориялардың ерекшеліктері мен өзара
байланыстарын білуі тиіс.
Оқу материалын физикалық теориялар айналасына топтастыру оқушы-
лардың теориялық ойлау элементтерін, теорияның танымдығы рөлімен,
теория мен эксперименттің арақатынасымен байланысты әдіснамалық білімдер
жүйесін қалыптастыруға, тарихи тәсілді жүзеге асыруға, физиканы қоғамның,
мәдениеттің дамуымен байланыстыруға ықпал етеді. Бұл оқу материалын
зерделеудің эмпирикалық негізін кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Физика курсында зертханалық жұмыстар қарастырылған, олар бақылаулар,
болжамдар жасауға үйретіп, қарапайым практикалық дағдылармен қарулан-
дыруды көздейді.
Оқу материалы деңгейінде мазмұнды ашуда жаратылыстану пәндерімен де,
әдебиет, тарих және т.б. гуманитарлық пәндермен де пәнаралық байланыстар
ескерілген.
Жаңа ұғымдар тәжірибе деректерін талдау негізінде енгізіледі, ал бұл өз
кезегінде оқушыларға олардың анықтамаларының мағынасын ұғынықты түрде
жеткізуге мүмкіндік береді. Физикалық шаманың анықтамасын және осы
анықтамаға сай келетін формуланы білумен қатар оқушылар бұл шаманың
Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (ХБЖ) өлшем бірлігін де білуі керек.
Бұл білімдер оларға зерделенген құбылыстар мен заңдарда, жалпы алғанда
қоршаған әлемде бағдарлана алуға мүмкіндік береді.
Күрделі материалды түсіндіру кезінде дәлелдеулерге ғана көп арқа сүйемей,
көрнекілікке, түсініктілікке, тілдің анықтығына, жеке қағидаларды көрсету
үшін нақты мысалдарға көбірек көңіл бөлген дұрыс. Оқыту процесінде
көрсетілімдік тәжірибелерге, оқушылардың өздері бақылаған құбылыстарына,
жүргізген бақылауларына сүйенген жөн.
Физиканы оқытуда тарихи тұрғыдан қарауға елеулі көңіл бөліну керек.
Мысалы, кейбір бөлімдерді қарастырылатын құбылысқа қатысты ғылыми
көзқарастардың қалыптасуын қарастырумен аяқтаған орынды болмақ.
Физика оқушылардың алдында әлдеқашан ашылып қойған ережелер мен
заңдардың жиынтығы емес, қоршаған әлемді танып-білу үшін өз үлестерін
қосқан бірнеше буындағы ғалымдардың шығармашылық ізденіс те рінің
процесі мен нәтижесі ретінде қарастырылуы тиіс. Мұғалімнің көрсеті лімдік
тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа материалды түсіндірудегі ізденім-
паздығы әртүрлі есептермен, тапсырмалармен, тәжірибелермен, дидактикалық
материалдармен, ғылыми-көпшілік әдебиетті пайдалана отырып, тарихи және
қызықты есептерді шығарумен жалғасын табатын болады.
Жоғары сыныптарда физиканы оқыту мұғалімнің пәнді жақсы меңгеріп
қана қоймай, оның әдістемелік шеберлігін де талап етеді. Шығармашылықпен
жұмыс істейтін мұғалім үшін әдістемелік нұсқау осы ізденіс жолындағы
көмекші құрал болып табылады.
Àâòîðëàð
5
ФизиКа Курсын оҚытуДың ҚоғаМДыҚ-
гуМанитарлыҚ бағытынДағы
10-сыныпҚа арналған бағДарлаМа
түсінік хат
Табиғаттың жалпы заңдары туралы ғылым болып табылатын физика,
мектептегі оқу пәні ретінде қоршаған әлем туралы білім жүйесіне елеулі үлес
қосады. Ол қоғамның экономикалық және мәдени дамуындағы ғылымның
рөлін түсінуге, қазіргі заманғы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына ықпал
етеді.
Мектептегі физикалық білім беру мазмұнының даму тенденциясы
Физикалық ғылымның ғарыштық құбылыстар, Жер бедері мен планеталардағы
құбылыстар, заттың конденсацияланған күйі заманауи физика проблемалары,
тіршілік дүниесіндегі және тірі объектілердің кейбір қасиеттері, ақпараттық
жүйе салаларындағы зерттеу объектілерінің кеңеюімен байланысты.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарға арналған “Физика” оқу
пәнiнің мазмұны мәдениеттiң құрамдас бөлiгi ретiндегi физика туралы,
әлемнiң физикалық бейнесi, физика ғылымының даму жолдары мен кезеңдерi
жайлы және қоғамның, экономиканың, жалпыадамзаттық мәдениеттiң
дамуымен, тұтас алғанда философиялық идеялардың, ғылыми ақиқатқа
деген философиялық көзқарастың дамуы туралы оқушылардың түсiнiгiн
қалыптастыруға, өз бетiнше ойлау, бiлiм алу дағдыларын, шығармашылық
қабiлеттіліктерін, адамның дүниеге қатынасын айқындайтын әлеуметтiк мәнi
бар бағдарларды дамытуға әсер етуi тиiс.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпқа арналған “Физика” оқу
пәнін оқытудың басты мақсаттары – оқушыларда ғылыми дүниетаным
негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық бейнесін біртұтас қабылдай алуды
қалыптастыруға, құндылық бағдарларды тәрбиелеуге ықпал ету.
Оқу пәнін оқытудың мiндеттерiне мыналар кiредi:
— Физика ғылымының негiзi болып табылатын эксперименттiк деректер,
ұғымдар, заңдар, теориялар және олардың практикалық қолданыстары туралы
бiлiм беру;
— Физика ғылымының негiзгi әдiстерi — теориялық және эксперименттiк
әдiстермен таныстыру;
— құралдарды, аспаптарды пайдалана бiлу, эксперимент нәтижелерiн өңдеу
сияқты тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру;
— оқушылар бойына физика ғылымына деген шынайы құрмет пен
сүйiспеншiлiктi дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабiлет-
терiн дамыту.
“Физика” пәні бойынша білім беру мазмұны ғылымилық, жүйелілік,
түсініктілік, біртұтастық, сабақтастық сияқты принциптер негізінде таңдалып
алынған.
6
оҚу пәнінің базалыҚ МазМұны
(Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)
Механика (16 сағ)
Êèíåìàòèêà. Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері.
Салыстырмалы қозғалыс. Қисықсызықты қозғалыс кинематикасы.
Äèíàìèêà. Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары. Бүкіләлемдік
тартылыс заңы. Гравитациялық өрістегі снарядтың қозғалысы.
Статика және гидростатика. Массалар центрі. Тепе-теңдік түрлері.
Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс. Паскаль заңын қолдану. Торичелли
тәжірибесі.
Сақталу заңдары. Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары.
Гидродинамика. Сұйықтық кинематикасы.
Көрсетілімдер:
1. Санақ жүйесін модельдеу.
2. Траекторияның таңдалып алынған санақ жүйесіне тәуелділігі.
4. Механикалық қозғалыстың түрлері.
5. Баллистикалық пистолеттен атылып шыққан снарядтың қозғалысы.
6. Қозғалыстың салыстырмалылығын көрсетілімдеу.
7. Денелердің инерциямен қозғалуы.
8. Денелердің инерттілігі.
9. Денелердің өзара әсерлесуі кезіндегі үдеулерінің олардың массаларына
тәуелділігі.
10. Серпімділік күшінің деформацияға тәуелділігі.
11. Үйкеліс күштері.
12. Потенциалдық энергияның кинетикалық энергияға және керісінше,
түрленуі.
13. Жіпке және серіппеге ілінген жүктің еркін тербелістері.
14. Реактивтік қозғалыс.
15. Зымыранның моделi.
16. Импульстiң сақталу заңы.
Практикалық жұмыс: сапалық, есептеу және эксперименттік есептер
шығару.
Зертханалық жұмыс: “Тұтқырлығы әртүрлі сұйықта қозғалатын кішкентай
шардың қозғалысын зерттеу”.
Молекулалық Физика (16 сағ)
Молекулалық-кинетикалық теорияның негіздері. Молекулалық-кинети-
калық теорияның негізгі қағидалары. Термодинамикалық параметрлер.
Кристалл және кристалл емес заттар.
Газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер. Адиабаталық
процесс.
Термодинамика негіздері. Термодинамика заңдарын қолдану. Жылу қоз-
ғалт қыштары.
Сұйық және қатты денелер. Ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі.
Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар.
7
Көрсетілімдер:
1.
Жылулық қозғалыстың моделі.
2. Броундық қозғалыстың моделі.
3. Штерн тәжірибесінің моделі.
4. Көлем тұрақты болғанда температураның өзгеруіне байланысты газ
қысымының өзгеруі.
5. Қысым тұрақты болғанда температураның өзгеруіне байланысты газ
көлемінің өзгеруі.
6. Температура тұрақты болғанда қысымының өзгеруіне байланысты газ
көлемінің өзгеруі.
7. Жұмыс атқарылғанда және жылу берілу кезінде денелердің ішкі
энергиясының өзгеруі.
8. Жылу қозғалтқыштарының модельдері.
Практикалық жұмыс: сапалық, есептеу және эксперименттік есептер
шығару.
Электр және магнетизм (29 сағ)
Электростатика. Электр өрісі. Электрсыйымдылық. Конденсаторлар.
Сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр мөлшері.
Тұрақты ток. Ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі.
Кернеу және потенциалдар айырмасы. Толық тізбек үшін Ом заңы. Электр
тогының жұмысы мен қуаты.
Әртүрлі ортадағы электр тогы. Металдардағы электр тогы. Жартылай
өткізгіштердегі электр тогы. Электролиттердегі электр тогы. Газдардағы
электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Жартылай өткізгішті құралдар. Асқын
өткiзгiштiк.
Магнит өрiсi. Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы
ережесі. Ампер күші, Лоренц күші. Заттың магниттік қасиеттері. Жасанды
магниттер. Соленоид.
Электромагниттiк индукция. Электромагниттiк индукция заңы.
Электромагниттік құралдар. Магниттік-резонанстық томография.
Көрсетілімдер:
1. Электрометр. Зарядталған денелердің өзара әсерлесуі.
2. Электр зарядының сақталуы.
3. Электр зарядының бөлінгіштігі.
4. Зарядталған шардың электр өрісі.
5. Зарядталған конденсатордың энергиясы.
6. Толық тiзбек үшiн Ом заңы.
7. Өткізгіштерді тізбектей жалғау.
8. Өткізгіштерді параллель жалғау.
Практикалық жұмыс: сапалық, есептеу және эксперименттік есептер
шығару.
Зертханалық жұмыс: “Электролиттердегі электр тогының пайда болу
шарттарын зерттеу”.
Физикалық практикум (7 сағ)
8
оқу материалын тақырыптық жоспарлау үлгісі
бөлімдер, тақырыптардың атаулары
сағат саны
теория прак. барлығы
№
1-тоқсан
1-бөлім. МеХаниКа (16 сағ)
I
Кинематика (4 сағ)
3
1
4
1
Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен
графиктері
1
1
2
Салыстырмалы қозғалыс
1
1
3
Қисықсызықты қозғалыс кинематикасы. БЖБ
1
1
4
Есептер шығару
1
1
II
Динамика (5 сағ)
4
1
5
5
Күштер. Күштерді қосу
1
1
6
Ньютон заңдары
1
1
7
Бүкіләлемдік тартылыс заңы
1
1
8
Гравитациялық өрістегі снарядтың қозғалысы. БЖБ
1
1
9
Бақылау жұмысы
1
1
III
статика және гидростатика (3 сағ)
3
3
10
Массалар центрі. Тепе-теңдік түрлері
1
1
11
Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс.
1
1
12
Паскаль заңын қолдану
Торричелли тәжірибесі. БЖБ
1
1
IV
сақталу заңдары (1 сағ)
1
1
13
Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары
1
1
V
гидродинамика (3 сағ)
1
2
3
14
Сұйықтық кинематикасы. БЖБ
1
1
15
№ 1-зертханалық жұмыс:
“Тұтқырлығы әртүрлі сұйықта қозғалатын кішкентай
шардың қозғалысын зерттеу”
1
1
16
ТЖБ №1
1
1
2-тоқсан
2-бөлім. МолеКулалыҚ ÔÈÇÈÊÀ (16 сағ)
VI
Молекулалық-кинетикалық теорияның негіздері (4 сағ)
4
4
17-18
Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі
қағидалары. Термодинамикалық параметрлер
2
2
19-20
Кристалл және кристалл емес заттар. БЖБ
2
2
VII
газ заңдары (4 сағ)
3
1
4
21
Идеал газ күйінің теңдеуі
1
2
22
Есептер шығару
1
1
23-24
Изопроцестер. Адиабаталық процесс. БЖБ
2
2
VIII
термодинамика негіздері (4 сағ)
3
1
4
25-26
Термодинамика заңдарын қолдану
2
2
27
Жылу қозғалтқыштары. БЖБ
1
1
28
Есептер шығару
1
1
IX
сұйық және қатты денелер (4 сағ)
3
1
4
29
Ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі
1
1
30-31
Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік
құбылыстар. БЖБ
2
2
32
ТЖБ №2
1
1
9
3-тоқсан
3-бөлім. ЭлеКтр Және МагнетизМ (29 сағ)
X
Электростатика (4 сағ)
3
1
4
33
Электр өрісі
1
1
34-35
Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Сыйым ды
лықтың
өлшем бірлігі және электр мөлшері. БЖБ
2
2
36
Есептер шығару
1
1
XI
тұрақты ток (7 сағ)
7
7
37-38
Ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі
2
2
39
Кернеу және потенциалдар айырмасы
1
1
40-41
Толық тізбек үшін Ом заңы
2
2
42-43
Электр тогының жұмысы мен қуаты. БЖБ
2
2
XII
әртүрлі ортадағы электр тогы (9 сағ)
7
2
9
44
Металдардағы электр тогы
1
1
45
Жартылай өткізгіштердегі электр тогы
1
1
46
Электролиттердегі электр тогы
1
1
47
Газдардағы электр тогы
1
1
48
Вакуумдағы электр тогы
1
1
49
№ 2-зертханалық жұмыс:
“Электролиттердегі электр тогының пайда болу
шарттарын зерттеу”
1
1
50
Жартылай өткізгішті құралдар
1
1
51
Асқын өткiзгiштiк. БЖБ
1
1
52
ТЖБ №3
1
1
4-тоқсан
XIII
Магнит өрiсi (5 сағ)
5
5
53-54
Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы
ережесі
2
2
55
Ампер күші. Лоренц күші
1
1
56
Заттың магниттік қасиеттері
1
1
57
Жасанды магниттер. Соленоид. БЖБ
1
1
XIV
Электромагниттiк индукция (4 сағ)
3
1
4
58
Электромагниттiк индукция заңы
1
1
59
Электромагниттік құралдар
1
1
60
Магниттік-резонанстық томография. БЖБ
1
1
61
ТЖБ №4
1
1
62-68
Физикалық практикум (7 сағ)
7
7
10
Практикалық жұмыстардың мазмұны:
1. Есептеу, сапалық және экспериментік есептер шығару.
2. Тұрақты токтың магнит өрісінің индукциясын зерделеу.
№1-зертханалық жұмыс: “Тұтқырлығы әртүрлі сұйықта қозғалатын
кішкентай шардың қозғалысын зерттеу”.
№2-зертханалық жұмыс: “Электролиттердегі электр тогының пайда болу
шарттарын зерттеу”.
Оқушылардың өздік жұмыстарына арналған тапсырмалар:
1
. “Электр зарядтары — өндірісте көмекші ме, әлде зиянды ма?”
2. “Энергия үнемдегіш шамдар — қыздыру шамдарына балама бола ала
ма?” деген тақырыптарға баяндама, эссе, реферат немесе т.б. дайындау.
Практикалық жұмыс: “Тұрмыстық құралдардың тұтынатын қуаты мен
жұмысын есептеу”.
Пікірталас тақырыбы: “Электромагниттік өріс — дос па, әлде дұшпан ба?”
Шығармашылық жобалар үшін ұсынылатын тақырыптар:
1
. Компьютердің электромагниттік өрісі.
2. Біздің айналамыздағы электр өрісі.
оҚыту әДісі
МеХаниКа
Механиканы зерделеудің
мақсаты – оқушыларда механиканың негізгі
заңдары мен принциптері (Ньютон заңдарының жүйесі, импульс пен
механикалық энергияның сақталу заңы, суперпозиция принципі) туралы
түсініктер қалыптастыру және жүйелеу.
Мектептің негізгі деңгейіндегі физика курсымен салыстырғанда 10-сынып-
та механиканы зерделеуде танымның теориялық әдістерінің рөлі артады.
Бұл бөлімнің бірқатар тақырыптары оқушылар үшін жаңа болып табыл-
мағанымен, классикалық механиканы зерделеу білімді тереңдету және
жүйелеу, қарастырылатын материалдың дүниетанымдық және тарихи-
ғылы ми аспектісін толығырақ ашу, күрделілеу математикалық аппаратты
қолдану тұрғысынан жоғарырақ деңгейде өтетін болады. Механика негіздерін
қалыптастыруда тәжірибелер жүргізуге үлкен көңіл бөлінеді.
Ұсынылып отырған 10-сыныпқа арналған физика курсының “Механика”
бөлімі оқушыларды зерделенетін құбылыстар ауқымымен және осы
құбылыстар жайлы білімнің дамуымен таныстырудан басталады. Әрбір тарау
жалпылаушы қорытындылармен аяқталады, олар арқылы оқушылардың
Физикалық теориялар жайлы білімі жүйеленеді.
Механикада адамға үйреншікті, оның өзі өмір сүретін макродүние зерттеледі,
сондықтан, ондағы материалдың табиғат объектілерімен байланысын
оқушылар тікелей қабылдайды. Механиканың негізінде Ньютонның үш
заңы, Бүкіләлемдік тартылыс заңы, салыстырмалылық принципі тәрізді аса
маңызды принциптер жатыр. Механиканың негізгі принциптерінен бірқатар
дербес заңдар мен салдарлар (мысалы, Ньютон заңдарынан салдар ретінде
сақталу заңдары) шығарылады.
Механика заңдары физиканың барлық бөлімдерінде кеңінен қолданылады.
Олар газдардың молекулалық-кинетикалық теориясын жасауға негіз болып
табылады, элементар бөлшектердің қозғалысын зерттеуде маңызды рөл
11
атқарады. Энергияның сақталу және түрлену заңы материяның бір түрден
екінші түрге өтуімен байланысты барлық процестерді түсіндіруде пайда-
ланылады. Механиканың масса, күш, энергия, жұмыс, қуат, жылдамдық,
үдеу, импульс тәрізді ұғымдары физиканың барлық бөлімдерінде кездеседі.
Механиканы зерделеу кезінде табиғаты әртүрлі физикалық процестер мен
құбылыстарды сипаттау үшін ықшамдалған қарапайым модельдер кеңінен
қолданылады. Механикалық қозғалыстарда денелердің инерттілік, тартылыс,
серпімділік, үйкеліс және т.б. қасиеттері, сонымен қатар денелердің әртүрлі
деформациялануы, түрліше күштерді тудыруы және т.б. қасиеттері байқалады.
Теориялық материалды оқып-үйрену барысында оқушылар анализ, синтез,
дедукция, индукция тәрізді танымдық әдістерді игереді, олар өз кезегінде
оқушылардың логикалық ойлау жүйесінің дамуына септігін тигізеді.
Механиканың қолданылуы нақты мысалдармен бекітіледі: күнделікті
қолданылатын (оның ішінде үйде пайдаланылатын) техниканың жұмысы,
зымырандық техника, ғарышқа ұшу.
Достарыңызбен бөлісу: |