Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



бет34/65
Дата04.03.2022
өлшемі0,72 Mb.
#134347
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65
Байланысты:
ӘНХ (2)

2020-2021 оқу жылы
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жүргізілуі тиіс.


Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі:
«Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011жыл;
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;
«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169- VI Заңы;
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі
Заңы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында ӛлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы.
2020-2021 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде
«Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын жүзеге асыру арқылы оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілін енгізу тәрбие жұмысының ерекшелігі болып табылады.
Аталған жобаның мақсаты:
білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту;
білім алушылардың ӛзін-ӛзі тануын, ӛздігінен дамуын, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтенуін қалыптастыру;
экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз ӛмір салтын тәрбиелеу.
Тәрбие жүйесін білім беру ұйымының ұжымы бірігіп жүзеге асырады. Білім алушылардың дамуы үшін жобаны жүзеге асыруға барлық қызметкерлер ӛз үлесін қосады. Жақсы қасиеттер «Мен айтқандай істе» тұрғысынан емес,
«Мен сияқты істе» тұрғысынан берілуі тиіс. Ӛзінің ӛнегелі үлгісі негізінде баланы тәрбиелеу – мақсатқа жеткізетін бірден-бір дұрыс тәрбие кӛзі болып табылады.
Бұл бағдарламаны білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен, әлеуметтенудің басқа нысандарымен –білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тығыз байланыста және ынтымақтастықта тәрбие жұмысының негізгі бағыттары аясында жүзеге асырады:
Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, қҧқықтық тәрбие.
Рухани-танымдық тәрбие.
Ҧлттық тәрбие.
Отбасылық тәрбие.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
Кӛпмәдениетті және кӛркем-эстетикалық тәрбие.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі, салауатты ӛмір салтын қалыптастыру.
Тәрбие жұмысының негізін жалпыадамзаттық құндылықтар (сенім, ақиқат, әсемдік, бостандық, қайырымдылық, жақсылық, махаббат, және т. б.) және ұлттық құндылықтар – (тәуелсіздік, патриотизм, толеранттылық, ана тілі, заңға бағынушылық, этникалық мәдениет, салт-дәстҥр) құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет