«Кіріспе сабағы» бөлімі: 1) білім алушыларға «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұнын;
2) «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғану», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Алғашқы әскери дайындық пәнін жүргізу және ұйымдастыру» және оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 бұйрығы. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің кепілі» бөлімі:
1) Мемлекет қорғанысының конституциялық негіздері – Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, олардың құрамы және атқаратын қызметтерін;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері. Әскери бөлімнің жауынгерлік туы. Әскери анттың əскери қызметкерлерге қоятын талаптары. Әскери қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті борышы және міндеттерін;
3) Экстремизм және терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке тигізетін салдары – Экстремизм түрлері: саяси, діни, экономикалық және экологиялық. Экстремизм, терроризм, олардың өзіндік сипаттары. Қазіргі әлемдегі террорлық қауіп-қатерлердің ұлғаю себептерін қамтиды.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары» бөлімі:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары, олардың әскери ұжым қызметі мен тұрмыс-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілерін;
2) Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары –Бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші әскерилер, олардың құқықтары мен міндеттері. Әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі. Бұйрық, оны беру жəне орындау тəртібі. Бастықтарға жəне шені жоғарыларға мəлімдеме жасауды;
3) Әскери тәртіп, оның мәні мен мағынасы – Әскери тәртіп, марапаттау және жазалау. Әскери тәртіпті сақтау бойынша әскери қызметшілердің міндеттері. Сарбаздарға көрсетілетін марапат түрлері. Сарбаздарға берілетін тәртіптік жазалауларды қамтиды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және педагогикалық кең мағынада тәрбиелеу – бұл білім алушылардың, балалар мен жасөспірімдердің, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және қабілеттерін дамыту мақсатында арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын ықпал ету.
Білім беру жүйесін нығайту және жаңғырту жағдайында егеменді Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсендірілуі табыстылық коды, әлеуеті мен құндылығы бар екенін түсіну маңызды.
Осыған орай, нақ орта мектеп жасы Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары, бостандықтары мен міндеттері өзегі болып табылатын білім алушылардың құқықтық білім жүйесін қалыптастыруда шешуші болып саналады. Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жөнінде ақпарат алу және ұсыну тәсілдері әртүрлі: сынып сағаттары, әр түрлі адамдармен (құқық қорғау органдарының қызметкерлері, куәгерлер, саясаткерлер, мемлекеттік қызметшілермен) әңгімелесу; күнделікті өмірде әр түрлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында дәрістер, пікірталастар, талқылаулар; іскерлік ойындар; сабақтарда және факультативтік сабақтарда азаматтық пен патриотизмге, мораль мен адамгершілік ұғымдарына байланысты проблемаларды талқылау, киноматериалдарды қарау және т. б.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет социумды тұрақтандырудың басты факторларының бірі болып табылады, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің табыстылығын анықтайды.