Кӛпмәдениетті және кӛркем-эстетикалық тәрбие: эстетикалық сана-сезім; эстетикалық талғам мен сезім; қазақ халқының, Қазақстандағы басқа да этностар мен этникалық топтардың ұлттық мәдениет құндылықтарын кӛркемдік-эстетикалық қабылдау.
Кӛпмәдениетті және кӛркем-эстетикалық тәрбие мектепте ӛзге мәдениеттердің, ұлттардың, діндердің ӛкілдерімен толерантты қарым-қатынас орнатуға бағытталуы тиіс. Осы бағытты іске асырудың негізгі тетіктері Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; балалар мен жастар жұмыстарының кӛрмесін, халықтар достығы фестивальдарын, тілдік және шығармашылық клубтарды, конкурстарды ұйымдастыру; кездесулер: белгілі адамдармен, ӛнер қайраткерлерімен. Жыл сайын тәрбие жұмысының жоспарына білім алушыларды кӛпмәдениетті және кӛркем-эстетикалық тәрбиелеу шараларын енгізу ұсынылады (тӛзімділік сабақтары, Жер күніне арналған акциялар, Халықаралық бейбітшілік күніне арналған бір сағаттық ақпарат және т.б.).
Кӛркем-эстетикалық тәрбие аясында орта білім беру ұйымдарында отандық мәдениет жетістіктерін – кітаптар, пьесалар, мүсіндер, суреттер, музыкалық әуендер, халық ауыз әдебиетіндегі Ұлы Дала мұрагерлерінің үздік мұралары – ертегілерді, аңыздарды, оқиғаларды, ӛсиеттерді, эпостарды меңгеру және жетілдіру жатады. Тұрақты тақырыптық кітап кӛрмелерін ұйымдастыру ұсынылады.
Театр ӛнері арқылы адамгершілік-эстетикалық тәрбие балаларға адамның іс-әрекеттерін қалыптастыратын әрекеттерді қабылдау, түсіну және түсіндіру шеберлігін қалыптастыруға негіз болатын, оның кӛркем тілімен танысуға кӛмектеседі. Ӛскелең ұрпақты театр ӛнері әлеміне тарту мақсатында әр мектепте «Балалар мен театр» ағартушылық жобасын жүзеге асырудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |