Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы


Мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты келесі құндылықтарды



бет56/65
Дата04.03.2022
өлшемі0,72 Mb.
#134347
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65
Байланысты:
ӘНХ (2)

Мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты келесі құндылықтарды қалыптастыру: отбасы мүшелері арасындағы сыйласымдылық, үлкенді құрметтеу, ананы сыйлау, әкені қадір тұту, отбасы берекесі, отбасылық дәстүрлер, бауырмалдық, туысқандық, денсаулыққа қамқорлық, салт-дәстүр сабақтастығы, сүйіспеншілік.

Отбасында, мектепте, қоғамдық ортада құндылықтар негізінде балаларды тәрбиелеу – қазіргі уақыттың өзекті мәселесі. Отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері мектептердің тәрбие жұмысында, балалардың бос уақытын ұйымдастыру аясында қосымша білім беруде, мәдени-бұқаралық іс- шараларда, конкурстар мен сынып сағаттарында, ата-аналар жиналыстарында, үйірме жұмыстарында, сондай-ақ еңбек тәрбиесінде, бірлесіп еңбек етуде көрініс табуы тиіс.
Ата-аналар жиналыстарын дәстүрлі емес форматта өткізу: «Кәсіби мамандарды шақыра отырып баспасөз конференциялары», «Ата-аналар сенбіліктері», «Психологиялық тренинг», «Отбасын таныстыру», «Тәжірибе алмасу» және т.б. ұсынылады. Оқушылар «Ауылдағы 2 апта», «Ата-анамыздың жұмыс орнындағы он күн» жобалары аясында өздерінің жан-жақты дамуы мен шығармашылық әлеуетін жүзеге асыра алады (НЗМ тәжірибесі бойынша).
«Отбасы –мектеп» жобасы отбасының тәрбиелік әлеуетін, білім беру ұйымдарында білім алушылардың ата-аналарымен қарым-қатынасын үйлестіру және отбасылық тәрбиені жақсарту үшін педагогтердің әлеуетін арттыруға бағытталған.
Ата-аналарға арналған лекториялар, ата-аналар кештерін, Ашық есік күндерін, тренингтер өткізу, «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі»,
«Ана мектебін» құру ұсынылады. Бұл мектептерді құрудың мақсаты – бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін арттыру.
Ата-аналардың, қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет