«Үнем – қоғам қуаты» жобасының міндеті – ұқыптылық пен үнемділік, мінез-құлық трендтерін қалыптастыру, прагматикалық дағдыларға, тайм- менеджментке үйрету, қаржы және материалдық ресурстарды сақтау және үнемді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, сыни ойлауға үйрету.
Білім алушылардың экономикалық тәрбиесіне тақырыптық сынып сағаттарын, экскурсияларды, пікірталастарды, рөлдік ойындарды және т.б. өткізу оң ықпал етеді. Бұл ретте «Іскерлік қарым-қатынас этикасы» сынып сағаттары, «Жарнама жасау өнері», «ХХІ ғасыр менеджері», «Көшбасшы нені білуі керек?», «Кәсіпорындардағы қақтығыс жағдайларын шешу» рөлдік ойындары, кәсіпорындарға экскурсиялар және т.б. қамтылуы тиіс. Нәтижесінде білім алушылар тапқырлыққа, бастамашылдыққа; қоғамдық игілікке, жеке табыс пен игілікке ұқыпты қарауға үйренеді.
Білім беру ұйымдарында 1-11-сыныптар аралығында экология бойынша сынып сағаттарын айына бір рет өткізу тәжірибесі өзекті болып қала береді.
Достарыңызбен бөлісу: |