«Цифрлық сауаттылық» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
«Цифрлық сауаттылық»» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі:
3-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы негізгі талап – компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. «Цифрлық сауаттылық» пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:
гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);
Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;
перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті
проектор/интерактивті тақта;
Роботтехникаға арналған жиынтықтар.
9. Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады. Олар:
Компьютер;
Интернет желісінде жұмыс істеу;
Ақпаратты ұсыну және өңдеу;
Есептей білу;
Роботтехника.
10. «Компьютер» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) компьютердің құрылғылары; 2) программалық қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік.
11. «Интернет желісінде жұмыс істеу» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
ақпаратты іздеу;
ақпаратпен алмасу.
12. «Ақпаратты ұсыну мен өңдеу» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
мәтіндер;
мультимедиа.
13. «Есептей білу» бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:
алгоритмдер;
программалау.
Достарыңызбен бөлісу: |