TAB –курсордыоң немесе сол панельге ауыстыру;
Ctri+O – екі панельді қатар экраннан жою;
Ctri+F1 – сол жақ панельді экраннан жою;
Ctri+F2 – оң жақ панельді экраннан жою;
Ctri+Q – ағымды (курсор тұрған) каталогтың мазмұнын, көлемін көрші панельде көрсетеді;
Ctri+L – C дискісіндегі, жедел жадыдағы информацияның, қалған бос орынның көлемін көрші панельде көрсетеді;
Home – курсорды панельдің ең бірінші жолына жедел ауыстырады;
End - курсорды панельдің ең соңғы жолына жедел ауыстырады;
Басқа дискіге көшу: Керек дискі мазмұнын кез - келген панельде көруге болады:
Alt + F1 - сол жақ панельде диск атауларының тізімін шығарады;
Alt + F2 - оң жақпанельде диск атауларының тізімін шығарады.
Файлдарды іріктеу: Ctrl + F3 – Файлдарды аты бойынша іріктеу;
Ctrl + F4 - Файлдарды кеңейтілуі бойынша іріктеу;
Ctrl + F5 – Файлдардың құрылған датасы және уақыты бойынша іріктеу;
Ctrl + F6 - Файлдарды көлемі бойынша іріктеу;
Ctrl + F7 – Файлдарды іріктемеу (дискіге жазылған тәртібімен шығару).
Жаттығулар
Диск таңдау тәртібі:
Дискетаны А: диск қозғағышына салыңыз;
Alt + F1 – пернелерін қатар басу (Alt пернесін басып тұрып F1 басыңыз!);
Курсормен А: дискісін таңдап –ді бассаңыз, А: дискісінің мазмұны сол жақ панельде шығады;
Оң жақ панельде А: дискісін таңдау тәртібін дәптерге жазыңыз.
Каталог құру тәртібі:
Ескерту: Міндетті тұрде, құрылатын каталогтың орыны:диск оның ішіндегі каталог ағымды болуын ұмытпаңыз!
Мысалы: Түпкі А:\ дискісінде CLASS деген атпен каталог құрайық.
Дискетаны А: диск қозғағышына салыңыз;
Кез келген панельде А: дискісін таңдаңыз (А: дискісі ағымды болғанына көз жеткізіңіз);