Әдістемелік нұсқаулық астана


Заманауи денсаулық сақтау технологиялары



бет2/3
Дата22.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#12166
1   2   3

Заманауи денсаулық сақтау технологиялары

  1. Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы: стретчинг, ырғақ пластикасы, динамикалық үзілістер, қозғалмалы және спорт ойындары, релаксация, эстетикалық бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, көз гимнастикасы, дем алу гимнастикасы, сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, ортопедиялық гимнастика.

  2. Салауатты өмір салтына үйрету технологиясы: дене шынықтыру сабағы, проблемалық ойын (ойын тренингі және ойын терапиясы), коммуникативтік ойындар, «Денсаулық» сериясынан сабақтар, нүктелі массаж, өз-өзіне массаж жасау, биологиялық кері байланыс (БКБ).

  3. Түзету технологиялары: арттерапия, музыкалық ықпал ету технологиясы, ертегі терапиясы, түспен ықпал ету технологиясы, мінез-құлықты түзету технологиясы, психикалық гимнастика, фонетикалық және логопедиялық ритмика.

Сонымен, қарастырылған әрбір технологияның әрқайсысы денсаулық сақтау бағытында болуы, ал кешенде қолданылатын денсаулық сақтау іс-әрекетінің нәтижесінде балада салауатты өмір-салтына тұрақты мотивация, толыққанды және күрделі емес дамуының қалыптасуы аса маңызды.

Егер мектепке дейінгі ұйымдарда мамандану мен нақты жағдайларға тәуелді болатын технологияларды түзету мүмкіндіктері үшін жағдайлар жасалса, егер балалардың денсаулығының статистикалық мониторингіне сүйеніп, технологиялық ықпал ету қарқындылығына қажетті түзетулер енгізілсе, әрбір балаға жекелей оқыту қамтамасыз етілсе, мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен ата-аналарда оң мотивация қалыптасатын болса, мектепке дейінгі ұйым жұмысында денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды қолдану тәрбие мен білім беру үдерісінің нәтижелілігін арттырады, педагогтар мен ата-аналарда тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған құндылық бағдарын қалыптастырады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау іс-әрекетінің негізгі бағдарына мыналарды жатқызуға болады:


  • балалардың тіршілік әрекетіне санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп пен гигиеналық жағдайларды жасауды ұйымдастыру;

  • тамақтануды ұйымдастыру;

  • балалардың балабақшада болу кезіндегі олардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • балалар мен қызметкерлерге емдеу-профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру;

  • балалардың дене тәрбиесі.

Жалпы денсаулық сақтау шаралар жүйесі төмендегілерден тұрады:

  • балаларды өз дене мүшесіне күтім жасауды оқытудан;

  • дене шынықтырудан;

  • тағамдарды дәрумендеуден;

  • фитопрофилактикадан;

  • натуропатиядан;

  • өзін-өзі психологиялық реттеу жаттығуларын меңгеруден;

  • балалардың қозғалыс әрекетін оңтайландырудан.

Сонымен, кез келген педагогикалық іс-әрекетті әрбір баланың денсаулық жағдайы туралы және дене дамуының деңгейі туралы ақпарат алынғаннан кейін ғана бастаған жөн. Денсаулық сақтау әрекетінің тиімділігі көп жағдайда педагогтың тәрбиеленушілер отбасының өмір сүру жағдайын білуіне, сонымен қатар ұжымның кәсіби дағдылары, бар жағдайларды ескеруі мен оны ұйымдастырудың кешенді тәсілдемесіне байланысты. Саны көп, сапасы жоқ болғаннан, саннан сапасы жоғары, кәсіби болғаны жөн.

Денсаулық сақтау шараларын өткізу кезінде олардың психологиялық – педагогикалық аспектілері күшейтілуі керек. Бұл балалардың өзінің денсаулығына саналы қарым-қатынасын тәрбиелеуді және өзінің денесі туралы автоматтандырылған дағдыларды қалыптастыруды білдіреді.

Сауықтыру педагогикасының негізгі сипаттамасы келесідей:


  • бала дамуының қол жетімді нормасы мен мінсіз үлгісі ретінде дені сау бала туралы түсінік;

  • дені сау бала біртұтас дене және рухани организм ретінде қарастырылады;

  • сауықтыру емдеу-профилактикалық шаралар ретінде емес, балалардың психофизикалық мүмкіндіктерін дамыту, кеңейту ретінде қарастырылады;

  • балаларды сауықтыру бойынша жұмыстар тек медициналық әдістермен ғана жүзеге асырылмайды;

  • медициналық әдістерді қолданудың тиімділігі оларды психология- педагогикалық әдістермен толықтырған кезде артады.

Проблемалық оқыту технологиясы Чикагода 1894 жылы оқытудың негізін оқу жоспары емес, ойындар мен еңбек іс-әрекеті құрайтын тәжірибелі мектептің негізін қалаған американдық философ, психолог пен педагог Дж.Дьюи (1859-1952 жж.) теориялық қағидаларына негізделеді. Осы мектепте қолданылған әдістер, тәсілдер, оқытудың жаңа қағидаттары теориялық тұрғыдан негізделмеген және тұжырымдама түрінде қалыптаспаған болатын, алайда ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында кеңінен қолданысқа енді. Білім беру үдерісінде баланың дербестілігін дамытуға бағытталған проблемалық оқыту әдісі қолданылады.

Проблемалық технологияның мақсаты: өзіндік іс-әрекеттің тәсілдерін меңгеру, білім, қабілет, дағдыларды игеру, танымдық және шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту болып табылады. Проблемалық оқыту мотивацияның ерекше түрін жасауға негізделген, сондықтан проблемалық жағдайлардың тізбегі болатын материалдардың дидактикалық мазмұнын барабар жасауды талап етеді. Проблемалық жағдай белгісіз мазмұнына, проблема деңгейі, ақпараттың келісілмеу түрі, басқа әдістемелік ерекшеліктер бойынша әртүрлі болуы мүмкін.

Проблемалық әдістер – оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетіне, проблемалық жағдайды жасауға негізделген, күрделі мәселелерді іздеу мен шешуді қарастыратын, білім, талдау, жеке фактілері астарынан құбылыс, заң көру қабілеттілігін талап ететін әдістер. Проблемалық оқытудың заманауи теориясында проблемалық жағдайдың екі түрі бар: психологиялық және педагогикалық. Біріншісі оқушылардың іс-әрекетіне қатысты болады, екіншісі оқу үдерісін ұйымдастыруын білдіреді.

Педагогикалық проблемалық жағдай – таным объектісінің жаңалығын, маңыздылығын, әсемділігін және басқа да айрықша қасиеттерін көрсететін педагогтың белсенді сұрақтары мен іс-әрекеттері көмегімен жасалынады. Психологиялық проблемалық жағдайды жасау жекелей жүреді. Өте қиын емес, өте жеңіл емес таным тапсырмалары балалар үшін проблемалық жағдай жасамайды.

Проблемалық жағдай оқыту үдерісінің барлық сатысында: түсіндіру, бекіту, бақылау кезінде жасалынуы мүмкін.



Проблемалық оқытудың артықшылықтары:

  • балалардың жоғары деңгейдегі дербестілігі;

  • баланың танымдық қызығушылығын немесе тұлғалық мотивациясын қалыптастыру;

  • балалардың ойлау қабілеттіліктерін дамыту.


Танымдық–жобалық іс-әрекетінің технологиясы

Жобалық іс-әрекет – бұл білім беру мазмұнының кез келген бағыты бойынша іздеу, зерттеу, практикалық тапсырмаларын шешу үшін белгілі бір жоспарлар, белгілі бір мақсаттары бар мақсаттылық іс-әрекет. Жобалық іс-әрекет негізінде ересектер мен балалардың белгілі бір практикалық проблеманы бірлесе жұмыс істеу үдерісінде қол жеткізілетін іс-әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның барысында бала өзі үшін көптеген жаңа және бұрын білмегенді ашады) туралы идея жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық іс-әрекетте көруге, зерделеуге, қолдануға болады.

Педагог баланың іс-әрекетін бақылау арқылы оны бірте-бірте қатысуға тартады, эпизодқа қатысуға, кейінірек серіктестікке, соңында ынтымақтастыққа жетелейді. Ересектердің жобалық іс-әрекетін сатылай ынталандыру баланың ұжымда жұмыс істеу қабілеті мен өзінің темпераментін, мінез-құлқын ортақ істің мүдделеріне бағындыру, шығармашылық жанжалдарды шешу, келісімділікке қол жеткізу, іс-әрекет қатысушыларына көмек көрсету, әрқайсысының іс-әрекетін бағалау қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Шығармашылық жобалау педагогтан балаға деген төзімділік, махаббат, оның ересектер әлеміне кіру жолында мүмкіндіктеріне сенуді талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларда жобалық іс-әрекетті дамытуда үш кезеңді көрсетуге болады, ол мәні бойынша шығармашылық болып табылатын зерттеу, іздеу, проблемалық әдістерінің жиынтығын қосатын жобалық іс-әрекетінің педагогикалық технологиясының бірін білдіреді.



Бірінші кезең – үш жарым жастан бес жастағы балалармен іске асыруға болатын еліктеу-орындаушы кезең. Бұл кезеңде балалар «екінші рөлдегі» жобаға қатысады, ересектердің тікелей ұсынысы бойынша немесе оған еліктеу арқылы іс-әрекеттерді орындайды.

Екінші кезең – әртүрлі бірлескен іс-әрекет тәжірибесі бар, іс-әрекеттерді келісетін, бір-біріне көмек көрсете алатын бес-алты жастағы балалар үшін тән дамытушы кезең. Бала ересектер көмегіне сирек жүгінеді, құрдастарымен бірлескен іс-әрекетті белсендірек ұйымдастырады. Балаларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дамиды, олар өздерінің, құрдастарының әрекеттерін объективті бағалауға қабілетті. Бұл жаста балалар проблеманы түсінеді, мақсатты айқындайды, іс-әрекет нәтижесіне жету үшін қажетті құралдарды таңдауға қабілетті болып табылады. Олар ересектермен ұсынылған жобаларға қатысуға дайындығын көрсетеді, сонымен қатар шығармашылық, зерттеу, тәжірибелі-бағдарлы жобалардың жөнелтпелі нүктесі болып табылатын проблеманы өз бетімен табады.

Үшінші кезең – алты жастағы балалар үшін тән шығармашылық.

Ересектерге осы кезеңде балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту және қолдау, балалардың алдағы іс-әрекетінің мақсаты мен мазмұнын дербес анықтау, жобамен жұмыс жасау тәсілдері мен оны ұйымдастыру мүмкіндіктерін таңдау үшін жағдай жасау өте маңызды.


Танымдық-жобалық іс-әрекеттің әрбір кезеңіндегі ересектер мен балалар әрекеттерінің алгоритмі


Әрекет алгоритмі

Жобалық іс-әрекеттің

еліктеу-орындаушы кезеңі

Жобалық іс-әрекеттің дамытушы кезеңі

Жобалық іс-әрекеттің шығармашылық кезеңі

1-қадам

Балалардың қажеттіліктеріне жауап беретін проблемаларды анықтау

Балалардың немесе екі тараптың қажеттіліктеріне жауап беретін проблемаларды ересектердің немесе балалардың көрсетуі

2-қадам

Жоба мақсаттарын, оның мотивациясын қою

Жоба мақсаттарын, нәтижені болжауды бірлесе анықтау

Жоба мақсаттарын, нәтижені болжауды балалардың дербес анықтауы

3-қадам

Балаларды іс-әрекетті жоспарлауға және белгіленген жоспарды іске асыруға қатысуға тарту

Балалардың ересектердің елеусіз көмегімен іс-әрекеттерді жоспарлауы; құралдарды анықтауы

Балалардың іс-әрекеттерді жоспарлауы (ересектің серіктес ретінде ықтимал қатысуы кезінде), жобаны іске асыру құралдарын айқындауы

4-қадам

Нәтижеге қол жеткізу бойынша ересектер мен балалардың бірлескен іс-әрекеті

Балалардың жобаны орындауы; ересектердің сараланған көмегі

Балалардың жобаны орындауы; шығармашылық жанжалдарды шешу, келісімділікке қол жеткізу, өзара оқыту, бір-біріне көмек көрсетуі

5-қадам

Орындаудың бірлескен талдауы

Нәтижені талқылау: жұмыс барысын, әрқайсысының әрекетін, табыстар мен табыссыздықтар себептерін анықтау

6-қадам




Жобаны дамытудың келешегін бірлесе айқындау

Жобаны дамытуды бірлесе айқындау


Жобалық іс-әрекет балаларды проблеманы шешуге, іс-әрекеттің мақсатын қоюға және жоспарлауға үйретуге мүмкіндік береді. Жобалық іс-әрекет өзінің әрекетін және жұмыс барысын талдау, нәтижесін көрсету қабілетін дамытады. Балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекетінің нәтижесін макет, плакат, үлгі, театрға қоюға бейімдеу, сахналық көріністі қолдану арқылы презентация түрінде көрсетуге болады.
Педагог пен балалардың танымдық-жобалық іс-әрекетінің алгоритмі


Жобалық іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

  1. Проблеманы айқындау

Балаларды проблемалық жағдайға, ойлау қажеттілігіне жетелеуінен өзі үшін проблеманы қалыптастырады

Проблеманы көруге, маңызды мәселелерді тұжырымдауға үйренеді

  1. Іс-әрекет мақсаттарын анықтау

Балалардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сүйене отыра, мақсат қояды

Іс-әрекет мақсатын белгілейді (қоршаған әлемнің белсенді зерттеушісі болады)

3. Нақты ой

Не болатындығын және қандай нәтижеге алып келетіндігін ойластырады

Талқылауға қатысады: қандай да бір істі қалай ұйымдастыру керек, кез келген пікірді, тіпті стандартты емес және күтпеген пікірлерге дейін тыңдау

4. Жоспарлау

Дидактикалық, әлеуметтік, заттық-материалдық және жеке-тұлғалық жағдайларға тәуелді балалармен жұмыс жасаудың негізгі кезеңдерін анықтайды

Сүйікті сабақтарды атайды, ойындар ұсынады, операциялардың кезектілігін анықтауға қатысады

5. Жобаны іске асыру және тұрақты рефлексия

Іс-әрекеттердің интеграциясы арқылы олардың әртүрлі түрлерін ұйымдастырады және мотивация береді. Рефлексияны және жеке қадамдарды уақытылы түзетуін жүргізеді

Іс-әрекеттің әртүрлі түрлеріне қатысады, тәрбиешінің серіктестігі мен көмекшісі ретінде болады

6.Нәтижелерді талдау және презентация

Балалармен бірлескен іс-әрекеттегі оң және теріс сәттерді анықтайды

Ересектің көмегімен күші келетін талдауды жүргізеді. Қол жеткізілетін нәтижелердің ойын презентациясына қатысады



Танымдық-жобалық іс-әрекеттің технологиясын қолдану мақсаттары: баланың ұжымда жұмыс істеу қабілеті, өзінің темпераментін, мінез-құлқын ортақ істің мүдделеріне бағындыру, шығармашылық жанжалдарды шешу қабілеті, келісімділікке қол жеткізу, іс-әрекет қатысушыларына көмек көрсету, әрқайсысының іс-әрекетін бағалау қабілетін қалыптастыру.
Жобалар технологиясы

Заманауи жағдайда мектеп жасына дейінгі бала мектепке барған кезде «таза парақ» ретінде бола алмайды. Бірінші сынып оқушысына қойылатын талаптар көп жағдайда «дамытуға, үлесін қосуға, ақпараттандыруға, жаттығуға және т.б.» мәжбүр етеді. Ақпараттар мен білімнің көп көлемін білетін балалар оларды жүйесіз алады. Ересектің борышы – балаға қажетті ақпаратты табуға және алуға, оны жаңа білім түрінде меңгеруге көмектесу. Педагог баланы сауатты басқарады, тәрбиеленушіге білім беру әдістері мен тәсілдерін анықтайды.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жобалық іс-әрекетінің ерекшелігі қоршаған әлемде қайшылықтарды дербес таба алмауы, проблеманы тұжырымдай, мақсатты (ойды) анықтай алмайтындығы болып табылады.

Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу-білім беру үдерісінде проблемалық іс-әрекет ынтымақтастық сипатында болады, бұл үдеріске мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары мен балалары қатысады, сонымен қатар ата-аналар мен отбасының басқа мүшелері тартылады.


Жобаны дайындаудың І кезеңі

Балаларға талқылау үшін проблема қойылады. Бірлескен талқылау нәтижесінде болжам ұсынылады, ол іздеу іс-әрекет үдерісінде балалармен расталынады.


Жұмыстың ІІ кезеңі

Мақсатқа қол жеткізу (болжам – жобаның мақсаты) бойынша іс-әрекеттердің бірлескен жобасы дайындалады. Алғашқыда жалпы талқылау балалар белгілі бір зат немесе құбылыс туралы білетіндігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Содан кейін жауаптарды топқа көрсету мақсатында жауаптар ватманға жазылады. Жауаптарды тіркеу үшін балаларға таныс және түсінікті шартты схемалық символдар қолданылады. Екінші сұрақ қойылады: «Біз нені білгіміз келеді?». Жауаптар қисынсыз болса да, жауаптар қайтадан тіркеледі. Әрбір баланың көзқарасына төзімділікпен қарап, балалардың жөнсіз айтқандарына әдептілік таныту маңызды. Барлық балалар өздерінің ойларын айтып болған соң, «Сұраққа жауапты қалай табу керек?» деп сұрау қажет. Осы сұраққа жауап бере отыра, балалар өздерінің жеке тәжірибелеріне сүйенеді. Міндетті түрде балалардың жас ерекшеліктері ескеріледі.

Кіші мектеп жасына дейінгі балалар үшін жетелеуші сұрақтар қолданылады; ересек мектеп жасында дейінгі балалар үшін көбірек дербестілік беріледі. Қойылған сұрақтың шешімі ретінде әртүрлі шаралар болады: кітап, энциклопедия оқу, ата-аналарға, мамандарға жүгіну, тәжірибе, тақырыптық саяхаттар жүргізу. Келіп түскен ұсыныстар тәрбиешінің дайын тақырыптық жоспарына толықтырулар мен өзгерістер болып табылады.

Жұмыстың алдын ала кейбір жоспарланған нысандарының орындарына, оқу жоспарына балалар іс-шараларын қоса алғанда жоспарлауда икемділік таныту, балалардың қызығушылықтары мен пікірлеріне өз жоспарларын бағындыра алу маңызды. Мектепке дейінгі балалық шақтың құндылығын өмір кезеңі ретінде және содан кейін болашаққа дайындық кезеңі ретінде бірінші орынға қоя отырып, бұл қабілет тәрбиешінің жоғары кәсіби шеберлілігінің, бар стереотиптен бас тартып, оның дайындығының көрсеткіші болып табылады.


Жұмыстың ІІІ кезеңі

Балалар зерттейді, тәжірибе жасайды, іздейді. Ойдың ізденгіштігін дамыта отырып, бала ойлауын белсендіру үшін проблемалық жағдайды, бас қатырғышты шешу ұсынылады. Бала өз бетімен тануға, түсінуге, істеп көруге, ойлап табуға болатындай жағдай жасау қажет. Бұл жағдайда танымдық-жобалық іс-әрекеттер бойынша бұрыштар ерекше рөл атқарады.


Жұмыстың IV кезеңі

Жобаның презентациясы болып табылады. Презентация балалардың жасына және жобаның тақырыптарына байланысты әртүрлі нысанда болуы мүмкін: қорытынды ойын-сабақтар, сұрақ-жауап сабақтары, тақырыптық көңіл көтеру, альбомдарды, сурет көрмелерін, шағын мұражайларды, шығармашылық өнертабыстарды, көрмелерді дайындау.



ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНДІРУ
Балалармен жұмыс жасаудың интерактивті нысандары мен әдістері
1. Интерактивті оқытудың негізгі ұғымдары мен мәні

Мектепке дейінгі жас үшін маңызды іс-әрекеттердің бірі – бұл қарым-қатынас. Ол тұлғаның дамуының қажетті шарты. Сондықтан педагог пен тәрбиешінің міндеті – осы іс-әрекетті арнайы ұйымдастыру, оның ішінде ынтымақтастық атмосферасын құру, балалардың бір-бірімен, балалар мен ересектің өзара сенімділігін жасау. Міндеттің шешімі педагог пен тәрбиешінің интерактивті әдістерін қолдану болып табылады.

Интерактивті – бір нәрсемен (мәселен, компьютермен) немесе біреумен (адаммен) диалог, әңгімелесу тәртібінде болу немесе өзара әрекет ету қабілеттілігін білдіреді. Тәрбиеші оқыту үдерісінің ұымдастырушысы, топ көшбасшысы, мектеп жасына дейіні балалардың бастамасы үшін жағдай жасаушы рөлін атқарады.

Интерактивті оқыту негізіне жататын білім беру үдерісі барлық балалар таным үдерісіне тартылатындай, олар нені біледі және ойлайтындығы бойынша ұғыну және ойлау мүмкіндігі болатындай ұйымдастырылған. Таным, оқу материалдарын меңгеру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балалардың бірлескен іс-әрекеті әрқайсысы өзінің ерекше жеке үлесін қосатынын, біліммен, идеямен, іс-әрекет тәсілдерімен алмаса жүретінін білдіреді. Игілікті және өзара қолдау атмосферасында жүреді, бұл жаңа білім алумен қатар, таным іс-әрекетінің өзін дамытады, оны кооперация мен ынтымақтастықтың барынша жоғары нысандарына ауыстыруына мүмкіндік береді.


2. Интерактивті оқытудың ерекшеліктері

Интерактивті оқытудың ерекшеліктері қандай?

Біріншіден, интерактивті педагогикалық өзара әрекет ету оған қатысушылардың қарым-қатынастарының қарқындылығы мен олардың коммуникациясы, іс-әрекеттерінің алмасуы мен олардың әртүрлілігі, нысандары мен тәсілдерінің жоғары деңгейлігімен сипатталады.

Екіншіден, интерактивті оқыту балалар өзінің және өз достарының тәжірибелерімен тікелей өзара әрекет етуіне негізделген, себебі көптеген интерактивті жаттығулар баланың өзінің тәжірибесіне жүгінеді. Жаңа білім, қабілет мұндай тәжірибелерге байланысты және соның негізінде қалыптасады.

Үшіншіден, тапсырманың тек бір дұрыс жауап болуын қарастырмайды, бір басым пікірдің үстем етуіне жол берілмейді. Бала тәжірибесіне негізделетін шешімді табу үдерісі маңызды.

Төртіншіден, интерактивті оқыту үшін қатысушылардың өздерінің іс-әрекеттері мен орын алған өзара әрекет етудің мақсатты рефлексиясы тән.

Бесіншіден, интерактивті оқыту білім беру үдерісіне қатысушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекет үлгілерін өзгертуге, жетілдіруге бағытталған.

Алтыншыдан, интерактивті оқыту барысында балалар өз пікірлерін қалыптастыруға, өз ойын дұрыс айтуға, өз көзқарасын дәлелді құруға, пікірталас жүргізуге, басқа адамды тыңдауға, балама пікірді құрметтеуге үйретеді.

Жетіншіден, қатысушылардың диалогтық қарым-қатынас барысында сыни ойлауға, талқылауға, естіген ақпараттар мен жағдайларды талдау негізінде қарама-қайшы проблемаларды шешу қабілеті қалыптасады, олар балама пікірді өлшеуге, ойластырылған шешім қабылдауға үйренеді. Жұмысты мұндай ұйымдастыру кезінде бала өзінің пікірін, көзқарасын білдіруді, баға беруді ғана емес, «әріптестерінің» сенімді дәлелдерін естуінен кейін өз көзқарасынан бас тарта алады немесе оны едәуір өзгерте алады.
3. Интерактивті оқытудың әдістері

Қазіргі таңда әдіскерлер мен педагог-практиктер оқыту үшін топпен жұмыс істеудің бірқатар нысандары мен әдістерін дайындады. Олардың ішіндегі барынша танымал әдістерге мыналар жатады:



  • case-study (нақты, практикалық жағдайдың талдауы);

  • интерактивті және рөлдік ойындар;

  • «ми шабуылы»;

  • пікірталастар;

  • жоба әдісі;

  • ассоциация әдісі.

Бұл нысандар/әдістер алдыңғы сабақтан немесе күнделікті тұрмыстан алынған, балаларда бастапқы түсінігі бар қандай да бір проблеманы сабақта талқылаған жағдайда тиімді болады. Сонымен қатар, талқыланатын тақырыптар өте тар ауқымда болмауы керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативті қабілеттіліктерін дамыту. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының коммуникативтік құзыреттілігі

Коммуникативтік қабілеттіліктер балаға қарым-қатынаста туындайтын әртүрлі түрдегі тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді: эгоцентризмді (яғни, баланың басқа адамның позициясы мен жағдайы сәйкес келмейтінін түсіну) еңсеру, әртүрлі коммуникативтік жағдай мен олардағы әрекет ету ережелерін білу, коммуникативтік жағдайдағы өзінің мінез-құлқын барабар және шығармашылық тұрғыда құру.

Заманауи мектепке дейінгі білім беруде коммуникативтік саланың дамуы аяқ асты орын алады, арнайы қалыптастырудың пәні болып табылмайды. Сол уақытта, қарым-қатынастың белгілі бір нысандарын құру мектепке дайындықтың қажетті алғышарты болып табылады.


Ойын іс-әрекеті үдерісінде ересектер мен баланың интерактивті өзара әрекет етуі

Ойын – баланың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Іс-әрекеттің бұл түрі балалардың ересектердің өміріне қатысуын ынталандыруын іске асыратын құрал қызметін атқарады. Балалар ойын арқылы:



  • өзінің жеке өмірлік жоспарын құруға үйренеді;

  • іс-әрекеттерді және оларға қол жеткізудің құралдарын анықтайды, жасайды;

  • конструктивті қарым-қатынас және басқа адамдармен өзара әрекет ету мектебінен өтеді.

Ойын – баланың танымдық және әлеуметтік, физикалық және психикалық дамуының, жалпы адами мәдениеттің негіздерін қалыптастырудың әрекетті құралы болып табылады. Мектепке дейінгі кезең соңында балада өзінің мінез-құлқын басқару қабілеті, ережелер мен талаптарға бағыну қабілеті туындайды. Көптеген зерттеушілер ойын мен оқу іс-әрекетінің генетикалық сабақтастылығына сүйене отырып, ойыннан бірте-бірте мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға өтудің маңыздылығын көрсетеді. Ғалымдардың зерттеуі ойын іс-әрекетінің дамуының төмен деңгейі бар балалар үшін оқу іс-әрекетінің дамуының төмен деңгейі тән екендігін дәлелдеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің ата-аналарымен жұмыс жасаудың интерактивті нысандары

(ата-аналар үшін кеңес беру бөлімдер жұмысында қолдану үшін)

Ата-аналармен жұмыс жасаудың барлық нысандары ұжымдық, индивидуалды және көрнекілік-ақпараттық болып бөлінеді. Ата-аналармен ұжымдық жұмыс жасау нысандары: ата-аналар жиналысы, конференциялар, консилиум, клубтар, зерттеу-жобалық, рөлдік, еліктеу және іскерлік ойындар (соның ішінде тренингтер), байқаулар, сұрақтар мен жауаптар кеші.

Жұмыстың индивидуалды нысандары: әңгімелесу, кеңес беру, сауалнама жүргізу, отбасына, үйіне бару.

Ақпараттық: ата-аналар бұрышы, әртүрлі көрмелер (балалар жұмысы, табиғи материалдардан балалардың ата-аналарымен бірлесе жасаған жұмысы, «Балалар кітаптары», «Отбасы альбомы» және т.б.), ақпараттық қағаздар: жиналыс, саяхат туралы хабарламалар, өз еркімен көмектесушілерге алғыс хат, ата-аналар газеті, «Баланы тәрбиелеудегі әкенің рөлі», «Үйде оқимыз» тақырыптық қағидаты бойынша құрылған жылжымалы папка, радио-эфир.

Қоғамдық тәрбие өзіне көптеген қызметтер мен міндеттерді алды, ол өз кезегінде балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігі мен жауапкершілігін төмендетті. Қазіргі таңда ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру өзекті болып табылады. Педагогтың отбасыға қатысты кез келген бастамасы баланың ересектермен қарым-қатынасы мен эмоционалдық жай-күйін нығайту, сауықтыруға бағытталған. Адамзаттың тарихында өсіп келе жатқан ұрпақтың 2 тармағы қалыптасты: отбасылық және қоғамдық. Әрбір тармақ өз алдына тәрбиелеудің әлеуметтік институтын білдіреді. Тәрбиеленушілердің отбасыларымен жұмыс жасауда педагогтар ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінде заманауи тәсілдерді ескеруі қажет.


Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет