Әдістемелік ұсыныстары мен нұСҚаулықтары



бет4/6
Дата01.04.2017
өлшемі1,12 Mb.
#13256
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары

1. Өсімдіктердің шаруашылық-ботаникалық топтары: астық, бұршақ, қияқ-өлең және аралас шөптер.

2. Мал азықтық және арамшөптер (мал жемейтін, зиянды, улы). Мал азықтық өсімдіктерді салыстырмалы бағалау.

3. Шөптесінді қамтуы, желінгіштігі, химиялық құрамы, сіңімділігіне байланысты.

4. Астық, бұршақ, қияқ-өлең, күрделігүлділер, шатыршагүлділер, алабұталар, раушангүлділер, айқышгүлділер, қырықбуындар тұқымдастарына жататын көп тараған өсімдіктердің түрлерінің қысқаша морфологиялық-экологиялық және өндірістік сипаттамалары.
Зертханалық жұмыс 6. Табиғи шабындық пен жайылымды жақсарту әдістері.

Жұмыс мақсаты. Шабындықтар мен жайылымдардың улы және зиянды өсімдіктері.

Пайдасы аз шөптерді улы шөптерден, улы шөптерді өте пайдалы шөптерден ажырата алуды үйрену. Улы шөптердің улылық әсерлерін бәсеңдету шараларын пайдалана білуді үйрену: кейбір шөптердің улық әсерлері шөптің тұқымы пісіп жетілгеннен кейін сабақтарының улылығы жойылып кетеді, яғни шөп түрінде пайдалануға өте жарайды. Керісінше, кейбіреулерінің улылығы артады немесе жоғалмайды. Өсімдіктердің улылығы тағыда экология, климат жағдайларынада байланысты өзгереді.



Жабдықтар мен заттар. Топырағы, жер бедері, өсімдігі көрсетілген облыстық, аудандық жем-шөптік жерлерінің карталары, анықтамалық әдебиеті.

Жалпы ғылыми негіздері. Топырақтың құнарлылығын есепке ала отырып тыңайтқыш жүйесін зерттеу өнімді бағдарлаудың негізгі принциптерінің бірі.

Берілген дәрежедегі өнімді алу мен тыңайтқыштың қолайлы (оптимальды) нормасын енгізгенде мына мәселелерді ескерген жөн:

1) бағдарланған өнім дәрежесін алу үшін өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз ету қажет;

2) топырақ құнарлылығын тиімді сақтау және оны одан әрі қарай молайтуды қамтамасыз ету қажет;

3) жер асты сулары мен сулы жерлерді тыңайтқышпен ластанбауын және сыртқы ортаны қорғауды қамтамасыз ету керек.

Қазіргі уақытта тыңайтқыш нормасын есептеудің екі негізгі бағыты бар. Бірінші бағыт нақтылы аймақтың топырақ жағдайларына жүргізілген далалық тәжірибелердің нәтижелеріне негізделеді. Топырақтың агрохимиялық құрамының егжей-тегжейіне жеткеннен кейін енгізілетін тыңайтқыш нормасына тиісті түзетулер жасалады.



Тапсырманы орындау әдістемесі. Қазіргі кезде есептеу тәсілдері белгілі, бірақ олардың барлығының негізіне қоректік заттарды сіңіру және топырақ пен тыңайтқыштың пайдалану коэффициенттері жатады. Бұл әдістерді М.К.Каюмов шартты түрде мына белгілері бойынша 4-топқа бөлді.

1) тыңайтқыш нормасын бағдарланған өнімнің топырақтың тиімді құнарлылығымен оған енгізілген туктерден алынатын қоректік заттарды есептеп анықтау;

2) тыңайтқыш нормасын бағдарланған қосымша өнімге қарап есептеу, тыңайтылмаған жағдайдағы өнім мөлшері белгілі болғанда, қысқасы тек қана топырақтың тиімді құнарлылығы есебінен алынатын потенциалды мүмкін өнім мөлшерін ескеріп есептеу;

3) тыңайтқыш нормасын бірінші және екінші топтың көрсеткіштеріне сүйеніп анықтау, бірақ топырақ құнарлылығының одан әрі артуы ескеріледі;

4) тыңайтқыш нормасын топырақтың балдық бағасына қарап, белгілі бір дақылдың бір баллға тиесілі өнімін және тыңайтқыштан болатын мүмкін қосымша өнімді ескере отырып анықтау. Бағдарланған өнімге қажетті минералдық және органикалық тыңайтқыш нормасын есептеу барынша кең тараған әдіс. Дұрыс есептелген тыңайтқыш нормасын енгізу 40-70% қосымша жоғары өнім алуға мүмкіндік береді, бұл әдіс суармалы жерлерде өте тиімді.

Есептеуді мына төменгі М.К. Каюмов (1989) ұсынған модификациямен жүргізуге болады:




Нқ=

Өқ · Шқ – Кә · Км · Ктк

Ктш




мұндағы Нқ – берілген өнімге есептелген қоректік заттардың нормасы, кг/га;

Өқ – бағдарланған құрғақ зат өнімінің дәрежесі, ц/га;

Шқ – 1 ц негізгі және тиесінше қосалқы өніммен шығарылатын қоректік заттар, кг;

Кә - топырақтағы қоректік элементтер мөлшері, мг/кг;

Км – мг/100 г қоректік заттарды есептелген тиесінше топырақ қабатына кг/га аудару коэффициенті;

Ктк және Ктш – тиесінше топырақ пен тыңайтқыштан қоректік заттарды пайдалану коэффициенттері, %.

Жоғарыда ұсынған анықтаманы пайдаланып, тыңайтқыш нормасын кг мөлшерінде әсер етуші затын 1 га есептеуге болады, одан әрі туктің мөлшеріне айналдырып ц/га түріне келтіруге болады.

Минералды қоректену элементтерінің (N, Р, К) шығарылуы (Шк) дақылдардың химиялық құрамына негізделіп есептеледі.

Мәселен, бидайдың әрбір центнер астығы мен тиісті мөлшердегі сабаны 4,27 кг азот, 1,24 фосфор және 2,05 калий шығарады, жоңышқа пішені (гүлденудің бас кезінде) 2,6 кг азот, 0,65 кг фосфор және 1,50 кг калий, арпаның астығы (қосалқы өнімімен есептегенде) 2,5 кг азот, 1,09 кг фосфор және 1,70 кг калий шығарады.

Өнімнің жоғарылауы міндетті түрде қоректік заттардың жалпы шығарылуын көбейтеді, бір есте болатын жайт, дақылдардың өнімі қандай үлкен шамаларда өзгергенімен 1 ц негізгі өнімге жұмсалатын қоректік заттардың мөлшері айтарлықтай тұрақты, сондықтан жоспарланған өнімге қажетті тыңайтқыш нормасын кез келген дақыл үшін есептеп шығаруға болады.

Өсімдіктермен шығарылатын қоректік заттардың мөлшері топырақтың типіне, тыңайтқыштың түрі мен нормасына, алғы дақылға, метеорологиялық жағдайларға, жердің мелиорациясына және өнім мөлшеріне тәуелді (М.К.Каюмов, 1977).

Топырақтың N, Р2О5 және К2О (мг/100 топырақтағы) қамтамасыз етілу картограммасының агрохимиялық көрсеткіштерін тиісті – топырақ әртүрлілігі мен есептелген қабаттың тереңдігіне сәйкес келетін коэффициентке көбейту арқылы қанша кг/га болатынын анықтайды. Орта есеппен топырақтың жыртылатын қабатының (0-22 см) 1 га массасын 3000 т деп алсақ, аударма коэффициент (оны әртүрлі топырақ үшін егжей-тегжейлі тексерген жөн) 30-ға тең болады. Егер топырақ қабатын 30 см деп алсақ, онда аударма коэффициенті 40-қа тең, жыртылатын топырақ қыртысының массасын дәлірек анықтау топырақтың көлемдік массасы арқылы жүргізіледі.

1 кесте – 1 ц негізі және тиесінше қосалқы өніммен шығарылатын қоректік заттар (М.К.Каюмов, Н.И.Можаев)




Дақылдар

Негізгі өнім

Шығарылған, кг/ц

1 ц өнімге шығарылған NРК мөлшері, кг

N

Р2О5

К2О

Жаздық бидай

астық

4,27

1,24

2,05

7,56

Күздік бидай

-//-

3,25

1,25

2,00

6,40

Күздік қара бидай

-//-

3,10

1,37

2,60

7,07

Арпа

-//-

2,50

1,09

1,75

5,34

Сұлы

-//-

2,95

1,31

2,58

6,84

Жүгері

-//-

3,03

1,02

3,13

7,18

Қарақұмық

-//-

3,40

1,86

3,31

8,57

Тары

-//-

3,30

1,02

3,26

7,58

Құмай

-//-

3,63

1,12

1,54

6,29

Асбұршақ

-//-

6,00

1,52

2,00

10,12

Сиыржоңышқа

-//-

0,23

1,31

1,56

9,10

Рапс

тұқым

4,90

2,30

3,30

10,20

Жоңышқа*

пішен

2,60

0,65

1,50

4,75

Эспарцет

-//-

2,50

0,46

1,30

4,26

Сиыржоңышқа

-//-

2,27

0,62

1,00

3,89

Еркекшөп

-//-

1,30

0,21

1,05

2,56

Қылтықсыз арпабас

-//-

1,41

0,21

1,13

2,75

Судан шөбі

-//-

1,44

0,38

1,15

2,97

Тары

-//-

1,81

0,47

1,45

3,73

Итқонақ

-//-

1,50

0,76

1,20

3,16

Сұлы

-//-

1,76

0,42

1,55

3,73

Күздік қара бидай

-//-

1,34

0,42

1,10

2,86

Асбұршақ

-//-

2,36

0,51

0,75

3,68

Картоп

түйнек

0,62

0,30

1,45

2,37

Мал азықтық қант қызылшасы

тамыржеміс

0,40

0,13

0,46

0,99

Азықтық шалқан

-//-

0,25

0,14

0,40

0,79

Ескерту* - мал азығына жиналған дақылдардың өсіп-даму кезеңі: бұршақ тұқымдастар – гүлденудің бас кезі, астық тұқымдастар – масақтану (шашақтану).
Көптеген мәліметтерге қарағанда, топырақтың сіңімді қоректік заттарынан өсімдіктер 5-10% фосфор, 10-12% калий және 20-25% жеңіл гидролизденген азотты пайдаланады (2 кесте).

Суармалы жерлерде қоректік заттарды пайдалану топырақта да, тынайтқышта да жоғарылайды.

Заттарды пайдаланудың ең дәл коэффициенттерін нақты аймақта, топырақта, дақылдарға далалық тәжірибелер жүргізу нәтижесінде алуға болады, бірақ олар ылғалдану жағдайларына байланысты әр жылдары әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан, есептеу үшін өніммен шығарылған қоректік заттардың мөлшері және өсімдіктердің топырақтағы қоректік заттармен қамтамасыз етілуі туралы деректер болу керек, тек сонда ғана жоспарланған өнімге жетіспейтін қоректік заттар мөлшерін тынайтқыш есебімен толықтыру қажет.
2 кесте – Дақылдардың топырақ пен тынайтқыштан қоректік заттарды пайдалануы, % есебімен, (М.К.Каюмов, 1989)


Қоректік заттар
N

Р2О5

К2О

Суарылмағанда
Топырақ

20-25

5-10

10-12

Минералды тынайтқыштардан: дәнді дақылдар, жүгері көкбалаусасы, вика-сұлы қоспасы (жасыл азық)

50-60

10-25

60-70


Көпжылдық шөптер (пішен), картоп, мал азықтық қант қызылшасы










Суарылғанда

Топырақтан

30-35

25-30

10-15

Тынайтқыштан

80-90

30-35

90-95

Шамамен есептегенде өніммен шығарылған минералды қоректену элементтерін, топырақ пен тыңайтқыштан қоректік заттарды пайдалану коэффициенттері жөніндегі нормативті материалды тиісті анықтамалардан алу керек, алайда кейіннен ол көрсеткіштер егжей-тегжейлену қажет. М.К.Каюмовтың (1989) пікірінше, тыңайтқыштан қоректік заттарды пайдалану коэффициентін азот үшін 85-90%, фосфор үшін 40-45 және калий үшін 90-95% дейін көтеруге болады, осы мақсатпен тыңайтқышты локальды, ленталы және тамыртұсына енгізу әдісімен пайдаланған жөн. Бірақ бұл көрсеткіштерге жақсы ылғалданған жағдайда, ал Солтүстік Қазақстанда көпшілік жылдары тек қана суармалы жерлерде қол жеткізуге болады.



Жұмысты орындаудағы сақтандыру шарттары. Зертханалық жұмыстардың сақтандыру шарттарын студенттердің оқып танысып жақсы білуі қажет және осы шартты оқып танысқаннан кейін сақтандыру журналына қол қояды. Студент жабдықтар мен құралдарға сақтықпенен қарауы қажет. Жоғарғы көрсетілген шарттармен танысып, оны орындауды міндет тұтпаған студент зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді.

Зертханалық жұмыстарды орындау әдістемесі. Студент күні бұрын зертханалық жұмыс бағдарламасымен танысып, оны орындау жүйесінің жоғарыда көрсетілген ғылыми негіздеріне сүйеніп және басқа да әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалуы қажет. Осының барлығын жұмыс дәптеріне жазуы керек және дәптерін жұмыс орындау жеріне алып келуі тиіс.

Зертханалық жұмысты орындау және есеп беру шарттары. Студенттің жұмыс орындау үшін дайындаған дәптері толық керекті дәрежеде толтырылуы қажет. Сол дәптердегі кестелер, схема мен диаграммалар толық толтырылуы керек. Студент сабақтың соңында жұмыс дәптерін тексеруге тапсырады. Оқытушы тексеру нәтижесінде студенттің қалай орындағанын анықтап бағалайды. Жұмыс жүйелі түрде орындалмаған жағдайда студент өзі немесе топтасып жұмысты қайта орындайды. Студент қатыспаған дәрістерді өз еркіменен оқып конспект дайындауы тиіс. Зертханалық жұмыс дәптерімен және дәріс конспектісі болмаған жағдайда студент емтихан мен сынаққа жіберілмейді.

Зертханалық жұмысты орындауға берілген тапсырма. Студент ұсынылған әдебиеттерді оқып және осы зертханалық тапсырмада берілген табиғи шабындық пен жайылымды жақсарту әдістерімен танысып жазбаша түрде жауап беру керек. 6 зертханалық жұмысындағы келтірілген кестелерді толтырып тапсыру керек.
Ұсынылған әдебиеттер


  1. Андреева Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. М., Агропромиздат, 1989.

  2. Асанов К.А. Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984.

  3. Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995.

  4. Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985.

  5. Кузьмин Н.А., Новиков Н.Н. Кормопроизводство. Л., Колос, 2004.

  6. Можаев Н.И, Серикбаев Н.А. Луговое и пастбищное кормопроизводство. Астана, 2002.



Бақылау сұрақтары

1. Табиғи өсімдік қауымын жақсартудың әдістері мен негіздерін қолдану.

2. Шабындық пен жайылымға мәдени-техникалық жұмыстар жүргізу.

3. Сумен қамтамасыз етілуін жақсарту және ретке қою.

4. Шабындық пен жайылымға тыңайтқыш шашу.

5. Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту жүйесі.

6. Ауыспалы егіс қолдану.

7. Көлтабандағы табиғи өсімдік қауымын жақсарту.

8. Сортаң жерлердің табиғи өсімдіктерін жақсарту, өнімін көтеру.

9. Шөлейт жерлердің құм басқан жерлерін жақсарту.



Зертханалық жұмыс 7. Шабындықтарды және жайылымдарды пайдалану.

Жұмыс мақсаты. Шабындықтар мен жайылымдардың негізгі қоңырбас тұқымдас шөптеріндегі тұқымдарын анықтау.

Көпжылдық астықтұқымдас шөптердің тұқымдарын морфологиялық ерекшеліктері (тұқымның жалаңдығы, түсі, ірілігі, ұзындығы, қылтықшығы), бұршақтұқымдас шөптерді тұқымдарының (ұзындығы, дөңгелектігі, түсі, тұқым тыртықшасы, мәрмір суреті, түбіршегінің көлемі) құрылымдылығы арқылы анықтай білуді үйрену.



Жабдықтар мен заттар. Екпе жайылым ұйымдастыру жөніндегі міндеттер. Есептеу техникасы. Анықтама әдебиеті.

Жалпы ғылыми негіздері. Екпе жайылымдар (суарылмайтын және суарылатын) табиғи шөптен, сол сияқты екпе шөптен жасалынуы мүмкін.

Әр аймақта шөптер қоспасының түрі мен құрамын шөптер сорттарының және жемшөптік дақылдарының сол аймаққа бейімделуін ескере отырып таңдап алған жөн. Бұл облыстар бойынша сорттардың аудандастырылуында қарастырылған көрші облыстарда аудандастырылған өзге сорттар топырақ-климат жағдайлары бірдей болғанда ғана қолданылуы мүмкін неғұрлым қолайлы табиғи жағдайларға бейімделген сорттарды шабындықтар мен жайылымдардың шөптер қоспасына енгізуге болмайды.

Сорттарды таңдап алған кезде табиғи жемшөптік жерлердің жақсартылатын типтерінің экологиялық жағдайларын да ескерген жөн, мұнда әсіресе қозғаушы күштермен сипатталатын типтер үшін қатаң жағдайлар - өзен алқабы мен көлтабандарды ұзақ уақыт бойы су басу, эрозияға көп ұшыраған және қарашірігі шамалы топырақ, жерге көмілген ұсақ ағаштардың көп болуы (бұталар басын кеткен шалғындарды фрезелеу арқылы игергеннен кейін), іріп-шіріген шымтезекті батпақ т.б. ескеріледі. Бұл өсімдіктің экологиялық типін қамтып көрсетуге тиіс – мезофит, ксерофит, галлофит т.б.

Топырақтың су-ауа және қоректік режимдері кенет өзгергенде, жер асты суының деңгейін ескере отырып шөптердің түрлері мен сорттарын таңдап алғанда; өсірілген шөптердің қосымша ылғалдандыруға әсерленгенде, суармалау режимі (календарлық мерзімдер, су және ауа температурасы, суары және су қаптату ұзақтығы т.б.) көрсетілгенде мелиорациялау әдісін ескеру қажет.

Шөп қоспаларын таңдап алған кезде екпе жемшөптік жерлердің өнімділігінің жоспарланатын дәрежесі түбегейлі жақсарту технологиясы өсірілетін шөптің азотқа мұқтаждығын қамтамасыз ету әдістері ескеріледі.

Екпе шөптердің азот қорегінің көзі ретінде минералдық және органикалық тыңайтқыштарды (көң, сұйық көң, көңнің және өнеркәсіптің күнделікті ағындылары) пайдаланғанда шөптердің негізгі типі астықтұқымдастар болуға тиісті, биологиялық азотты пайдаланғанда – орманды-далалық аймақта шөптердің астықтұқымдас – бұршақтұқымдас типіне көбінесе фарфор және калий тыңайтқыштары және далалық шөлейт аймақтарда және шөл аймақтың ылғалмен қанағаттанарлық дәрежеде қамтамасыз етілген жерлерінде фосфор тыңайтқышы беріледі.

Шөптерді пайдалану әдісі – пішен шабу, жайылым құрастырылған (пішен шабу-жайылым), көп орымды, бұл әдіс шөптер қоспасын ең алдымен өсімдік жапырақтарының жоғарғы орналасуы (жима тарғақ, шалғындық көде, қызыл субетегесі, көпжылдық райграс т.б.) бойынша іріктеп алған кезде ескерілуге тиіс. Еліміздің оңтүстік аудандарында ылғал жеткілікті болғанда қылтықсыз арпабас жайылым және орымды шөптер үшін толық компонент бола алады, бірақ көтеріңкі шиендегіштік талаптарды ескере отырып, арнайы кәсіпке бейімделген көп орымды және жайылым шөптерінің жайықтары орта шенінде төменгі жағында орналасуы ерекше ескерілуге тиіс.

Екпе шабындықтар мен жайылымдар жасаған кезде шаруашылықта бар жерлердің әртүрлі типтерін игеруге байланысты шөп шабу және жайылым конвейерін көздеген жөн, экологиялық жағдай (температура режимі, ылғалдандыру жағдайы, топырақ қуаты т.б.) әртүрлі болғандықтан олардан азық әр мезгілде түседі. Жақсы жылытатын шамалы оңтүстік экспозиция баурайларымен салыстырғанда анағұрлым ерте шығады. Орманды-далалық аймақтың сай-салалық шалғындармен ойпаңды, құрғатылған және суы ұзақ жайылатын шалғындармен салыстырғанда ерте шығатын шөптердің қалыптасуына неғұрлым қолайлы келеді. Бір экологиялық типтің көлемді табиғи жемшөптік жерлерінде шөп түрлерін таңдай алу арқылы әртүрлі кезеңде (ерте, орташа, кеш) шығатын шөптер қоспаларын жасау қажет. Шабындықтар мен жайылымдарда конвейерлерді ұйымдастыру көк шөп пен шикізат түсу кезеңін ұзатуға, жинастыру техникасының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, әсіресе сіңімді протейннің болуы шөп сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Шабындықтарда шөптің жедел шығуына қарай екпе шөп типін астықтұқымдастардың гүлдей бастауы көп орымды шөптерде – түптену басталу шағында, жайылымдарда – ерте шығатын шөп үшін түптену шағында шөптің биіктігін және кеш шығатын шөп үшін – бастана бастау шағының жылдамдығын (мұнда шөптің сапсы мен желінгіштігі кенет төмендейді) ескере отырып таңдап алады.

Оны үстіне жайылымдарда көп орымды пайдаланған кезде ерте шыққан шөп неғұрлым тез өсуімен қабат оның түрлерінің неғұрлым жиі таратылуына, малды жиі жайып, шымның тапталуына төзімді болуға тиіс. Шөптердің кеш типі өсіп жетілудің кеш мерзімінде шөп сапасын неғұрлым ұзақ сақтауы керек. Әдетте осы талаптарға сәйкес астықтұқымдас-бұршақтұқмдас шөптер сай келеді және беде, жоңышқа, лотус басым түседі. Тек әдетегіден тыс жағдайда ғана шөптің кеш шығатын типін өзге түрлерден қалыптастырады. Ұзақ уақыт бойы су қаптатқанда кеш шығатын типін астықтұқымдастар шөбі (суоты, шалғындық атқонақ, батпақ көде), ал қуаң аймақта – сораңдар мен жусандар өсетін жайылым құрайды.

Екпе шөптің тез жетілетін типі басым келеді, оның қалыптасуы үшін агрофитоценозбен пайдаланудың алғашқы жылдарында себілетін шөп қоспасының құрамына тұқымының көтеріңкі нормасы алынады, тез жетілетін және бәсекелесуге өте қабілетті келетін түрлер үшін себу нормасы 40-50%, өсу қарқыны төмендеу келетін түрлер үшін 60-70%. Бірге болатын түрлерді олардың бір түрі өсетін егістіктердегі себу нормасының 20%-ті есебінен енгізіледі. Жылдар бойынша үстемдік ететіндердің – қысқа мерзімді түрдің неғұрлым ұзақ жыл бойғы түрімен алмасуы және осыған сәйкес жайылым немесе шабылатын шөп конвейері жүйесінде осы шөп өсетін орнының алмасуы мүмкін. Екпе шөп қоспаларының құрамындағы түрлердің жалпы саны 3-4-тен аспауға тиіс.

Қысқа мерзімді пайдаланылатын шөп қоспалары үшін бұршақтұқымдастармен және қопсыңқы тіпті астықтұқымдастармен шектелуге болады. Шабындықтар мен жайылымдар өнімділігін ұзақ уақыт 8-10 жылға дейін, одан арттыру үшін орманды-далалық аймақтарда ұзақ жылға көгентамырлы және қопсыңқы-көгентамырлы және қопсыңқы-астықтұқымдастарды шөлейт аймақта және солтүстік шөлде – қопсыңқы түпті астықтұқымдастарды (майман тарлау, еркекшөп) және жартылай бұталары, оңтүстік шөлде – шөптерді, бұталарды (сексеуіл), жартылай бұталарды (жусан теріскен, изен т.б.), таулы аудандарда – ұзақ жылғы түрлер, ал эрозияға ұшырау қаупі бар жерлерде – көгентамырлы нығыз шымды астықтұқымдастар енгізу қажет.

Ерекше жағдайларды типке неғұрлым бейімделіп тіршілік ететін жерде бір түрдің есесінен екпе шөптер өсіруге болады. Мысалы, ұзақ уақыт су жайылатын шабындықтарда бір түр егістігінен екпе шөптер – қамыс тәрізді қоспастан, кәдімгі бекманиядан, жатаған бидайықтан, сортаң топырақты жерлерде – майман тарлаудан, сары түйежоңышқадан т.б. өсіруге болады.

Тапсырманы орындау әдістемесі. Далалық аймақта шөп қоспаларының құрамын анықтайтын негізгі қозғаушы күштердің бірі – ылғалдандыру. Сондықтан табиғи жемшөптің жерлер типтерін жақсартқан кезде олардың ылғалдандырылуы жеткіліксіз болады (баурайлар, жазықтық жерлердің жеңіл топырағы т.б.). Өнімділігі мен тұрақтылығы жағынан ксероморфты түрлердің – еркекшөптің, тарлаудың, көгілдір бидайықтың т.б., бұршақтұқымдастардан – эспарцеттің, сарыбас жоңышқаның, сондай-ақ жағымды ылғалдандырғанда (өзен алқабы, көлтабандар немесе суармаландыру) – мезофиттік түрлердің (қылтықсыз арпабас, шалғындық субетеге, жима тарғақ т.б.) артықшылығы бар.

Орманды-далалық аймақтар жағдайында бұршақтұқымдас-астықтұқымдас шөп қоспаларының өнімділігі мол. Оның үстіне, олар астықтұқымдастарға қарағанда топырақ құнарлығын арттыруға себін тигізеді, сондай-ақ шөп сапасының неғұрлым жоғары болуымен көзге түседі. Ірі өнеркәсіп фермалары үшін жайылым аумағының 60-70 проценті бұршақтұқымдас-астықтұқымдас шөптер және 30-40 проценті астықтұқымдастар болуы керек.

Бұл аймаққа астықтұқымдас шөптер тек ұзақ уақыт бойы су жайылатын шалғындар мен көлтабандарда, ұсақ және қыртыс қабаты сортаң жерде ғана тиімді.

Далалық аймақта жоңышқа-астықтұқымдас шөптердің өнімділігі суарғанда гектарына 8-10 мың, суармағанда 2,5-3 мың жемшөп өлшемі. Әсіресе, азот, фосфор тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіргенде екпе астықтұқымдастар шөбінің өнімділігі өзен алқаптары мен көлтабандарда 40-50 ц/га, шабындықта 15-20 ц/га.

Жайылымдар мен шабындықтарда шөптің конвейермен келіп түсуі тез жетілгіштігі түр айырмашылығы негізінде ғана емес, сонымен қатар шөптің тыңайтқыштары жүйесімен ұштастырып, әрқилы дәрежеде бұршақтұқымдастармен қанығуы арқылы іске асырылады. Жоңышқа мол жерде конвейер жүйесінде кеш тиіп қалыптастырылады, бұл пайдалану кезеңін 30 күнге дейін ұзартуға мүмкіндік береді.

Орманды-далалық аймақта ерте пайдалану үшін жима тарғақ басым, орманды-далалық және далалық аймақтардың оңтүстік бөлігін шабындықтарында эспарцет пен еркекшөп, талшықты бидайық (талшықты регнерий), майман тарлау, орташа мерзімі пайдаланылатын жайылымдар үшін – қылтықсыз арпабас, шалғындық субетеге, жоңышқа мен бидайық (көгентамырсыз), кеш мерзімде пайдаланылатын жайылымдар үшін көгілдір бидайық жарамды. Бұршақтұқымдастардың болуын азайтқан кезде (30-40%) астықтұқымдастар мен бұршақтұқымдас шөптердің өсіп шығуын жеделдету үшін азот тыңайтқыштары енгізіледі.

Далалық аймақтың баурайлы жерлерінде және орманды-далалық аймақтың оңтүстік экспозициясының (қуаңшылыққа) баурайларында негізгі бұршақтұқымдас бөліктері қуаңшылыққа төзімді топырақ құнарлығына жөнді талап қоймайды – сарыбас жоңышқа және эспарцет, ал астықтұқымдастардан тарақша еркекшөп, қылтықсыз арпабас, бидайық (көгентамырсыз), орташа бидайық (көгілдір), майман тарлау; сумен шайылған топырақты қылтықсыз арпабасты көгентамырлары қысқа арпабаспен алмастырады.

Жұмысты орындаудағы сақтандыру шарттары. Зертханалық жұмыстардың сақтандыру шарттарын студенттердің оқып танысып жақсы білуі қажет және осы шартты оқып танысқаннан кейін сақтандыру журналына қол қояды. Студент жабдықтар мен құралдарға сақтықпенен қарауы қажет. Жоғарғы көрсетілген шарттармен танысып, оны орындауды міндет тұтпаған студент зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді.

Зертханалық жұмыстарды орындау әдістемесі. Студент күні бұрын зертханалық жұмыс бағдарламасымен танысып, оны орындау жүйесінің жоғарыда көрсетілген ғылыми негіздеріне сүйеніп және басқа да әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалуы қажет. Осының барлығын жұмыс дәптеріне жазуы керек және дәптерін жұмыс орындау жеріне алып келуі тиіс.

Зертханалық жұмысты орындау және есеп беру шарттары. Студенттің жұмыс орындау үшін дайындаған дәптері толық керекті дәрежеде толтырылуы қажет. Сол дәптердегі кестелер, схема мен диаграммалар толық толтырылуы керек. Студент сабақтың соңында жұмыс дәптерін тексеруге тапсырады. Оқытушы тексеру нәтижесінде студенттің қалай орындағанын анықтап бағалайды. Жұмыс жүйелі түрде орындалмаған жағдайда студент өзі немесе топтасып жұмысты қайта орындайды. Студент қатыспаған дәрістерді өз еркіменен оқып конспект дайындауы тиіс. Зертханалық жұмыс дәптерімен және дәріс конспектісі болмаған жағдайда студент емтихан мен сынаққа жіберілмейді.

Зертханалық жұмысты орындауға берілген тапсырма. Студент ұсынылған әдебиеттерді оқып және осы зертханалық тапсырмада берілген шабындықтарды және жайылымдарды пайдаланумен танысып жазбаша түрде жауап беру керек. 7 зертханалық жұмысындағы келтірілген кестелерді толтырып тапсыру керек.
Ұсынылған әдебиеттер


  1. Андреева Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. М., Агропромиздат, 1989.

  2. Асанов К.А. Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984.

  3. Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995.

  4. Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985.

  5. Кузьмин Н.А., Новиков Н.Н. Кормопроизводство. Л., Колос, 2004.

  6. Можаев Н.И, Серикбаев Н.А. Луговое и пастбищное кормопроизводство. Астана, 2002.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет