Егемен Қазақстан


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



бет17/25
Дата10.10.2020
өлшемі1,56 Mb.
#64331
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-бөлім. Магистратура


1. Жалпы ережелер

1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының негізінде әзірленді және жоғары оқу орындарында, оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ӘАОО) олардың типтеріне, түрлеріне және меншік нысандарына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім алушылардың білім беру бағдарламаларының мазмұнына, магистранттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, магистранттардың дайындық деңгейін және дәрежесін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен анықтамалар енгізілген:

1) магистратура – білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша кемінде 2 жыл нормативті оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, кәсіптік практиканың кемінде 6 кредитін және ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін міндетті түрде меңгерту;

бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл нормативтік оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 18 кредитін, практиканың кемінде 2 кредитін және эксперименттік-зерттеу жұмысының кемінде 4 кредитін міндетті түрде меңгерту;

2)магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;

3) магистрлік диссертация – ғылымның қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделіп таңдалған мамандық саласындағы өзекті проблеманың теориялық және/немесе практикалық әзірлемесін қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының бітіру жұмысы;

4) магистрлік жоба – таңдалған мамандықтың өзекті проблемаларының қолданбалы міндетін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және/немесе эксперименттік нәтижелерді қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын бейінді магистратура магистрантының оқу бітіргендегі біліктілік жұмысы;

5) әскери, арнаулы оқу орнындағы магистрлік диссертация – ғылымның заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық табыстарына негізделген таңдалған мамандық саласындағы маңызды проблемалардың теориялық және/немесе практикалық әзірлемелерінен тұратын дербес ғылыми зерттеуді білдіретін магистранттың бітіру жұмысы;

6) жоғары оқу орны компоненті – мамандықтың білім беру бағдарламасы шеңберінде игеру үшін дербес әскери, арнаулы оқу орны анықтайтын оқу пәндерінің тізбесі және кредиттердің тиісті көлемі;

7) кәсіптік құзыреттер – құқық қорғау органдары жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;

8) біліктілік сипаттамасы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;

9) біліктілік талаптары – құқық қорғау, ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды.

2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) магистрлер даярлауды:

1) осы стандартқа және магистратура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;

2) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;

3) оқу жұмыс жоспарларына;

4) академиялық күнтізбеге;

5) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;

6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;

7) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

ӘАОО магистрлерді даярлауды:

1) ӘАОО-да іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар және біліктілік тізбесіне;

2) осы стандартқа;

3) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарына;

4) пәндер бойынша үлгілік және жұмыс оқу бағдарламаларына;

5) академиялық күнтізбеге;

6) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:

1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұны мен оқытуды анықтайды;

2) магистранттардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне және даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.

4. Стандарт талаптары:

1) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын;

2) білім беру бағдарламаларын;

3) оқу жұмыс жоспарларын;

4) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;

5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларын;

6) магистранттардың жеке жоспарларын әзірлеу кезінде міндетті.

5. Магистратураның білім беру бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан магистратураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары жүзеге асырады.

6. «Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» оқытудың нәтижелері Дублин дескрипторларының 2-деңгейі (магистратура) негізінде айқындалады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де, модульдің, жеке пәннің деңгейінде де сипатталады.

Екінші деңгейдегі дескрипторлар:

1) ғылыми зерттеулер контексiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн негiз немесе мүмкiндiк болып табылатын жоғары бiлiм деңгейінде меңгерген дамытылып отыратын бiлiмі мен түсiнігін көрсете білу;

2) зерттеп отырған саламен байланысты контекстер мен одан да кеңірек (немесе пәнаралық) салаларда жаңа немесе белгісіз жағдайлардағы проблемаларды шешуде бiлiмін, түсінігін және қабілетін қолдана алу;

3) бiлiмдi интеграциялау, қиындықтарды жеңе білу және толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде тұжырымдамалар жасау, осы тұжырымдамалар мен білімін этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып қолдана білу;

4) өз қорытындыларын және бiлiмін, олардың негіздемесiн мамандар мен маман еместерге айқын және ашық хабарлау;

5) білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

7. «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мақсаты мен құндылығы, білім беретін оқу бағдарламаларын игерудің нормативтік мерзімдері, жоғары оқу орындарында білім алушылардың міндетті меңгеруін, олардың типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан міндетті түрде меңгеруі тиіс мазмұнның көлемі көрсетілген.

8. «Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар» деген бөлімде магистранттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пән немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредит санымен өлшенетіні көрсетілген.

9. Осы стандарт магистранттарды даярлау деңгейіне және жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне міндетті қойылатын талаптар негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді көздейді.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет