Жаңашыл сабақты қалай дайындау керек?
Сабақ- оқыту процессiнiң ең негiзгi құрамдас бөлiгi. Мұғалiм мен оқушылардың оқуға деген ынтасы барлық жағдайда сабаққа бағытталады. Сондықтан да қандай да бiр оқу пәнi бойынша оқушылардың оқу сапасы көбiнесе сабақты өткiзу деңгейiмен ,оның мазмұны мен әдiстемелiк толық сипатымен ,оның болмысымен айқындалады. Бұл деңгей барынша биiк болу үшiн мұғалiм сабаққа даярлану барысында оны шығармашылықпен байытып,кез келген өнер туындысы секiлдi ойы, түйiнi, шешiмi бар өзiндiк педагогикалық шығармаға айналдыруға ұмтылуы керек. Мұндай сабақты қалай құру керек? Мәнiне еш күдiк келмейтiндей бiлiм мен iскерлiкке оқушыларды қаруландырып қана қоймайтын, сонымен бiрге сабақта орын алатын әрекеттердiң бәрi оқушылардың шынайы қызығушылығын, соған берiлгендiгiн, олардың шығармашылық танымын қалыптастыратын сабаққа қалай қол жеткiзуге болады? Сонымен:
Достарыңызбен бөлісу: |