Оқушы белсендiлiгi негiзгi екi түрге бөлiнедi: сыртқы және iшкi белсендiлiк. Сыртқы белсендiлiгi көбiнесе ойын арқылы ,қимыл- қозғалысы, өмiрлiк әрекетiне байланысты болып келедi. Оқушының iшкi белсендiлiгiне оның ойлау әрекетiндегi белсендiлiгi жатады. Оқушының iшкi, сыртқы белсендiлiгiн бөле-жара , бiр-бiрiнен ажырата қарауға болмайтындығы байқалады. Баланың ойы,қабылдауы, дағдысы сырттан болатын әсердiң негiзiнде iшкi әсерлердi туғызып, қабылдау белсендiлiгiн арттырады.
Ойын әрекетi- өзiндiк әрекет.Баланың ойын үстiнде өзiн-өзi жаттықтыруы,өмiрдi бiлуге құштарлығы ,шынығуы,шыңдалуы,оның ақыл-ойы ,дене еңбегiндегi белсендiлiгiн арттырып, алға қойған мақсатына жетуге деген ерiк қайратын шыңдайды. Осының нәтижесiнде өз бетiмен дербес белсендiлiгi пайда болады. Соның нәтижесiнде оқушының өз бетiмен iзденуi, бiлiмдi қажетсiнуi өсiп, нақтылы қажеттiлiкке ұласады. Атап айтқанда, бiлiм алудағы оқушы белсендiлiгi мен бiлiмдi игеруге деген саналылық ұстанымы оқушы дербестiгiн туғызып,өздiгiнен оқу, бiлiм алу дағдысын қалыптастырады.
Оқушылардың оқу қызметiн белсендiрудiң тәжiрибелiк тәсiлдерiне компьютерлiк технологияны оқу үрдiсiне кеңiнен пайдалану жатады. Интернет, мультимедиялар, электрондық сөздiктер, электрондық оқулықтар тәрiздi интерактивтi оқыту әдiстерiнiң оқу үрдiсiне қосқан жаңалықтары есебiнен оқытушылар «тақтаның алдына тұрып түсiндiру» сияқты мiндеттерден құтылады.Оқушыларды оқытуда мультимедиа құралдарын пайдалану, ресурстармен жұмыс iстеу дағдыларын қалыптастыру мұғалiмдердiң оқытудың мультимедиа құралдарының дидактикалық сипаттамаларын бiлу мен оларды пайдалана бiлуiн қажет етедi.
Жаңа технологияларды күнделiктi сабақ үрдiсiне пайдалану үшiн мұғалiм оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескере отырып,педагогтiк мақсат-мүддесiне сай өзiнiң шеберлiгiне орай таңдап алады.Мұғалiмдерге шығармашылық еркiндiк берiледi. Оқушы қабiлетiн арттыру –iзденiмпаз,шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында.
Жаңа технологияны пайдалану төмендегi нәтижелерге қол жеткiзедi:
Оқыту үрдiсiне барлық оқушылар толық, белсендi араластырылады.
Жаңа ақпараттармен қамтамасыз етiледi.
Пiкiр алмасу жүзеге асады.
Оқу мотивациясы жоғарлайды.
Ой ұшқырлығы , шешiмдер таба бiлу әрекеттерi дамиды.
Жаңа қоғамға сай адамды қалыптастыру-қазiргi заманғы бiлiм беру жүйесiнiң алдында тұрған басты мiндет. Мұғалiм еңбегiнiң бүгiнгi нәтижесi қандай болса,елдiң, қоғамның ертеңi сондай болмақ. Олай болса, мұғалiмге жүктелетiн мiндет өте ауыр, тек өз iсiне берiлген ,жаңалықты жатсынбай қабылдайтын мұғалiм ғана шәкiрттiң жанына нұр құяды демекпiн.
Достарыңызбен бөлісу: |