10.2 Әртүрлі азықтық дақылдардан дайындалған пішендеменің қоректілігі мен құрамы; 10.3 Мал азықтандыруда пішендемені ұтымды пайдалану жолдары; 10.4 Тамыр-түйнек жемістілер-азықтық және қант қызылшасы, сәбіз, топинамбур (жер алмұрты), турнепс секілді тамыр жемістілер, картоп.
Пішендеме дайындаудың ғылыми негізі;
Пішендеме. Пішендеме салу белгілі ылғалдылыққа дейін дегдітілген (провяливание) өсімдік жасушасының анаэробтық ортада «физиологиялық құрғақтық» (физиологическая сухость) күйіне еніп, қоректік заттарын сақтайтын қасиетіне негізделген жемшөпті консервілеу әдісі. Сүрлемдеуде шикізат қоректік заттарының сақталуын органикалық қышқылдар қосындысының ортаны қышқылдандыруы (рН = 4—4,2) қамтамасыз етсе, пішендемеге салынған шикізаттың онша қышқылданбаған (рН = 5— 5,5) ортадағы қоректік заттарын сақтауы өсімдік жасушасының А. Михин (1937) «физиологиялық құрғақтық» деп атаған жағдайына байланысты.
Шабылған өсімдік шикізаты дегдітіліп, жасуша ылғалдылығы азайған сайын құрғақ затының молаюынан осмостық қысымы жоғарылап, су ұстаушы күші (водоудерживающая сила клеток) өсе түседі де, 68- 70% ылғалдылықта - 21—27 кгк/см2, 59-60% ылғалдылықта - 31- 37 кгк/см2, 50-55% ылғалдылықта 50—62 кгк/см2 болады. Сөйтіп бұл ылғалдылықта көбінің сорушылық күші (сосущая сила) 50—52 кгк/см2 болып келетін өсімдіктің эпитафтық микрофлорасының бактерияларына өзінің қоректік сөлін (нәрін, шырынын, сайып келгенде қоректік зат- тарын) бермей сақтай алады. Сору күші бактериялардікінен 5-6 есе жоғары (220-295 кгк/см2) көгерткіш саңырауқүлақтарының (плесневые грибы) дамуын пішендеме салынған ортада орнатылған анаэробтық жағдай мен көмірқышқылының жиналуы тежейді.
Пішендеменің қоректілігінің сақталуы дегдітілген көктің құрғақ затының жоғарылатылуымен қамтамасыз етілетіндіктен, оған салынатын дақылдың қантының деңгейіне (қанттық минимумына) сүрлемдегідей онша қатаң талап қойылмайды. Пішендемеге қантының мөлшері қанттық минимумға шамалас қиын сүрлемделетін дақылдарды да сала береді. Әдетте, пішендемені 50—55% ылғалдылыққа дейін дегдітілген бір және көп жылдық бұршақ түқымдастар көгінен, 40-45% ылғалдылыққа дейін дегдітілген астық түқымдастар көгі мен олардың қосындыларынан, жақсартылған табиғи шабындықтар көгінен дайындайды.
Қажетті технологиясын сақтап, дұрыс дайындалған пішендеме дәмі, түсі, қоректілігі көкшөптікіне үқсас, мал түлігі ірі (пішен) және шырынды (сүрлем) жемшөп орнына тек өзін сүйсініп жейтін тұщы азық болып табылады. Микробиологиялық ашытулар сүрлемдегендей өріс алмағандықтан, пішендеме құрамында сүрлеммен салыстырғанда қоректік заттары (айталық, қанты) толығырақ сақталып, қоректілігі жоғары келеді.
Пішен ылғалдылығындағы (15—17%) құрғақтыққа дейін кептірілмейтін пішендемеде өсімдіктің қоректі де нәзік жапырақтары толығырақ сақталып, механикалық шығындары кемиді. Сүрлеммен салыстырғанда ондағы микробиологиялық ашытулар аз көлемде өтіп, сүрлем қышқылдығына жеткізбей-ақ сақталатындығынан өсімдік қанты мен басқа да қоректік заттары толығырақ сақталады. Шабылғаннан кейін бірден туралып салынатын сүрлем көгімен салыстырғанда дегдітіліп барып тапталатын пішендеме шикізатынан шығатын сөл шығыны да кемиді. Осының бәрі пішендемеге салу арқылы жемшөп дайындалу барысындағы биологиялық, микробиологиялық және механикалық шығындар көлемін пішен жинау шығындарымен салыстырғанда 2 есе, сүрлем салу шығындарымен салыстырғанда 3 есе азайтады. Мұны жемшөп дайындауда қолданылатын тәсілдердегі орын алатын шығындар түрі мен көлемін салыстырудан байқауға болады (5-кесте).
5-кесте. Түрлі тәсілмен дайындалган жемшөп шығыны
Дайындау
тәсілі
|
Дайындау барысындағы шығын көлемі, %
|
Жасуша
тынысымен
|
Фермент-
телумен
|
Шыққан
Сөлмен
|
Механ-лық
шығын
|
Барлығы
|
Пішенге кептіру
|
10-15
|
~
|
-
|
15-20
|
25-35
|
Сүрлемдеу
|
3-5
|
10-12
|
1-3
|
1-4
|
15-32
|
Пішендеме салу
|
3-5
|
2-4
|
0-1
|
2-4
|
7-14
| Ескерту. Пішенге кептірілген шөптің жауын-шашында қалуы қоректік заттарының 2-10%, тіпті одан көп шайылуына соқтырады.
Сапалы, қоректілігі жоғары пішендеме дайындау үшін оған салынатын дақылдың қоректік заттары мен витаминдері толығырақ сақталатын кезеңінде, атап айтқанда, бұршақ тұқымдастар көгін бүршіктеніп гүлдене бастаған, ал астық тұқымдастарды масақтанған кезеңінде шабады. Зерттеулерде бүршіктеніп гүлдене бастаған кезеңінде шабылған бүршақ түқымдастар көгінен салынған пішендеменің құрғақ затында 18,8% протеин, 23,7% жасұнық, 151 мг/кг каротин сақталған да, оның толық гүлденген кезеңінде салынған пішендеме құрғақ затында, тиісінше, 13,5%; 27,4% және 119 мг/кг сақталған. Демек, вегетациялық кезеңі өскен сайын бұршақ тұқымдастар көгінің құнды протеиндік пен витаминдік қоректілігі төмендеп, қорытылуын қиындататын жасұнық көлемі жоғарылаған.
Осыдан пішендемеге салынатын көкті бойында қоректік заттары, оның ішінде, әсіресе протеині мен каротині толық жиналған кезеңінде шапқан дұрыс. Әдетте, шабысты өсімдіктің ылғалы буланатын (испарение) жолдары (поры) ашық таңғы сағат 4—7-де шауып, ауа райы мен шабындық өнімділігіне байланысты жайылған күйде немесе бөкестерде 45—55% ылғалдылыққа дейін кептіріп дегдітеді. Ауа райы ыстық болса, орташа өнімді (120-150 ц/га) шабындық көгін бірден бөкестеп дегдітеді.
Қажетті ылғалдылыққа дейін дегдітілген көкті 0,2—0,3 см шамасында турап, 450-500 кг/м3 тығыздықпен мұқият және ұзақ (тәулігіне салынатын 1 м қабатын 15-18 сағат бойы) таптап, пішендеме салынатын мұнара не орды (траншеяны) 3—5 тәулікте нығыздап толтырады. Салынған пішендеме үстіңгі қабатына 50—80 см кептірілмеген көк балаусасын ұсақтап салып, ауа өткізбейтін полимерлік жарғақпен (пленкамен) қымтап жабады. Жарғақ үстіне 0,5-1 см қайнатылмаған әк жайып, оны азық қиқымы, ағаш үгіндісі немесе олар болмаған жағдайда ылғалды топырақпен көмеді.
Салу технологиясы сақталып, дүрыс дайындалған пішендеменің әр 1 тоннасына 1—1,5 м3 С02 жиналып, ішкі температурасы 37—38°С-тан жо- ғарыламайды. Ондай сапалы пішендеме салуға болат, алюминий, бетон не пластмассадан тығыз жабылатын етіп қүйған 200—1600 м2, үстіңгі не астыңғы жағынан ішіндегі жемшөп механикалық түрде шығарылатын мұнаралар ыңғайлы. Пішендеме салу технологиясы сақталмауынан анаэробтық жағдай туғызылмай, салынған шикізатқа оттегі енсе, сору күші бактериялардікінен 5-6 есе жоғары көгертуші балдырлар (плесени) өніп, азықты көгертіп, бұзады.
Дегдіту уақыты созылып немесе пішендемені ашып ала бастағанда ауа оттегі көптеп енген жағдайда пішендеменің ішкі температурасы 50— 60°С-на дейін көтеріліп, оның құрамындағы протеині натурасызданып, қорытылуы нашарлайды. Мұндай пішендемеде жоғары температураға төзімді термофилдік бактериялардың өсуінен ішкі қызуы 85-90°С-на дейін көтеріліп, қоректік заттарының ыдырап «жануы» өрістеп, қышқылдылығы төмендейді. Сондықтан пішендемені ордан ашып алғанда кезде ішіне ауа мен жарықтың аз енуін қадағалайды.
Дегдіту мерзімі қысқарған сайын өсімдік қоректік затгары мен каротині толығырақ сақталатынын ескеріп, шабылған көктің ылғалдылығын 3—8 сағатта қажетті деңгейге кептіруді көздейді. Жапырағы жылдам кеуіп, сабағының кебуі созылған пішендеме де өрістейтін пайдасыз ашытулардың алдын алуды ойластырады. Ол үшін шабылған көкті мыжып (плю- щение), сабағының бүтіндігін зақымдап, бөкес астындағы массаны әлсін-әлсін үстіне шығара араластырып, ылғалды жағының булануын өсіріп, кебуін жылдамдату шараларын қолданады.
Шабылған дақыл ылғалдылығының дайындалған азық сапасына тигізетін әсерін 6-кестеден көруге болады.
6-кесте. Әр түрлі ылғалдылықта дайындалған жемшөптегі ашытқылау
|
|
|
Құрғақ затында
|
Қышқылдар арақатынасы
|
Жемшөп
|
Ылғалы
|
РН
|
ғы орг. қыш-
|
|
%
|
|
түрі
|
%
|
|
Қылдары
|
|
|
|
|
|
|
%
|
сүт
|
сірке
|
майлы
|
Сүрлем
|
65
|
4,2
|
4,9
|
47,8
|
52,2
|
-
|
Пішендеме
|
46
|
5,3
|
2,7
|
89,5
|
10,5
|
-
|
Кесте дерегінен 65% ылғалдылықта сүрлемделген дақылдың қатты қышқылданып, құрғақ затында жиналған органикалық қышқылдарында сүт қышқылының үлесі сірке қышқылынікімен шамалас болған болса, 46% ылғалдылықта пішендемеге салынған дақыл малға жағымды тұщылығын сақтап, қышқылдарында сүт қышқылының үлесі басым сапалы мал азығы болып дайындалатынын көреміз.
1 кг І-класс пішендемесінде — 0,32 а.ө., ІІ-класс пішендемесінде — 0,29 а.ө., ІІІ-класс пішендемесінде - 0,25 а.ө., кластан тыс пішендемеде 0,20 а.ө. болады. Пішендемеге, негізінен, қиын сүрленетін бұршақ түқымдастар көгін салатындықтан, оның протеиндік қоректілігі де жоғары болады. Мысалы, жүгері сүрлемінің 1 кг-да — 0,2 а.ө., 14 г қорытылатын протеин болатын болса, жоңышқа пішендемесінің 1 кг-да - 0,35 а.ө., 38 г қорытылатын протеин болады. Пішендеме қоректік заттарының қоры- тылуы да сүрлемдікінен жоғары болғандықтан тәуліктік сауымы 8—10 кг сиырды қыста пішендеме мен сүрлем орнына пішендеме беріп, жемсіз азықтандыруға болады. Сапалы пішендемені тәулігіне сиыр басына — 15—20 кг, тана басына — 2—4 кг, торпақ басына — 10—12 кг, саулық басы- на — 3—4 кг, тоқты басына 1—2 кг жегізуге болады.
Тамыр-түйнек жемістілер-азықтық және қант қызылшасы, сәбіз, топинамбур (жер алмұрты), турнепс секілді тамыр жемістілер, картоп.
Достарыңызбен бөлісу: |