Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер


Мал азықтандырудың ғылыми негіздері, әртүрлі азықтар, олардың қоректілігі, пайдалану жолдары, мемлекеттік стандарттьщ талабы



бет2/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС
Мал асылдандыру, Мал азығының түрлері

1.1 Мал азықтандырудың ғылыми негіздері, әртүрлі азықтар, олардың қоректілігі, пайдалану жолдары, мемлекеттік стандарттьщ талабы,

1.2 Ауылшаруашыльщ малдарының түріне, жынысына, жасына байланысты нормалап азықтандыру.

Мал шаруашылығыньң дамуы үш факторға негізделеді. Оның біріншісі - мал басының тұқымдық қасиеттері, яғни генотипі; екіншісі - сол генотиптік қасиеттердің айқындалуына ең күшті әсер ететін сыртқы орта, яғни фенотиптік фактор болып табылатын қоректендіру мөлшері мен сапасы; үшіншісі - бағып-күту жағдайлары. Осылардың ішінде малдың жеке басының өсіп-жетілуі мен дамуына, яғни онтогенезі мен өнімділігіне қоректендіру факторларының ықпалы басым. Сондықтан мал басын сақтап, сапалы, мол өнім өндіру үшін азықтандыруды, яғни қоректенуін ұйымдастыруды ғылыми негізделген түрде жүргізу қажеттігі айқындалады.

Шаруашылықтағы мал басының қоректенуін дұрыс ұйымдастыру үшін жеткілікті жемшөп қоры жиналуы керек. Сол жиналған жемшөп қорын мал азығына тиімді түрде пайдалана білу қажет. Ол үшін мал шаруашылығының мамандары мал түлігі мен үй құсының ас қорыту барысының әр тетігін жете біліп, оның ерекшеліқтеріне сәйкес жемшөп түрін үнемді жұмсап, мүмкіндігінше аз азық шығынымен мал мен құс басының жоғары өнімділігін қамтамасыз етулері керек. Өйткені мал мен құс шаруашылығы өнімін өндіруде сол өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын тікелей шығындардың басым бөлігін азық пен азықтандыруға жұмсалатын шығындар құрайтыны белгілі.

Мал мен құс басының қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастырып, шаруашылықтағы жемшөп қорын физиологиялық тұрғыдан үнемді де ұтымды, ал экономикалық тұрғыдан тиімді жұмсауды ғылыми тұрғыдан мал азықтандыру пәні негіздейді. Пәнді игеру барысында студенттер мал мен құс өнімділігін арттырып, өнім бірлігін, яғни 1 л сүт, 1 кг ет, 1 ц жүн, 1000 жұмыртқа өндіруге жұмсалатын азық шығынын азайтып, олардың өзіндік құнын кеміту арқылы сатудан түсетін пайданы өсіреді, яғни шаруашылық саласының экономикалық рентабельдігін қамтамасыз етеді.

Білімді маман қолдағы мал мен құсты өсіру мақсатына, яғни олардан өндірілетін өнім бағытына сәйкестендіре азықтандыру арқылы ас қорыту жүйесі мен зат алмасу ерекшелігін қалыптастырып, организмдегі морфофункционалдық өзгерістерді қажетті өнім түзуге бағыттай алады. Мұны іске асыру үшін мал түлігі мен құс түрінің ас қорытуының морфофункционалдық құрылымы мен бүкіл қоректену биохимиясын қажетгі өнімділікке бағыттай білу керек.

Қоректену барысындағы биохимиялық өзгерістердің материя мен энергия алмасуының жалпы физикалық-химиялық зандылықтарына сәйкес өтетіндігі мал азықтандыру білімі туралы деректер жинала бастағаннан-ақ айғақталған. Мысалы, XVII ғасырдың екінші жартысында Пристли мен Шелл ауадағы оттегін ашып, Лавуазье оның тіршілікке қажеттігін дәлелдегеннен кейін, организм тіршілігіне қажетті қоректік затгардың маңызы айқындала бастады. 1836 жылы Ж. Бусенгоның жемшөп коректілігінің азот көлемімен тығыз байланысты екенін дәлелдеуі, қоректенудегі протеин маңызын анықтауға мүмкіндік тудырды. Ю. Либихтың зерттеулерінің нәтижесінде азықтағы негізгі қоректік заттардың физиологиялық қызметі анықталып, олардың құрамында тіршілікке аса қажетті заттар - витаминдер табылды.

Осы ашылған жаңалықтарды тірі организмде де материя сақталуы заңдылығының орын алуына үйлестіре келіп, Э. Вольф, В. Геннеберг пен Ф. Штоман қоректік заттар қорытылуын, ал М. Рубнер, К. Фойт, В. Пашутин мал денесіндегі энергетикалық алмасуды айқындады. 1842 жылы М. Шосса құс сүйегінің дамуына кальций қажеттігін дәлелдегеннен кейін 1859 жылы Лоуэс пен Джильберт мал денесінің минералды құрамы туралы деректер жариялады. 1873 жылы Бунге күйісті малдың ас тұзына мұқтаждығын байқап, кейіннен оның Абделгальденмен жүргізген тәжірибелері төл емген сүтке темірді қосып берудің оң өсерін көрсетті. 1880 жылы Форстер тұзсыз қоректендірілген иттердің әлсіреуінен оларға минералды затгар қажеттігін ашып, 1895-96 жылдары Бауман қалқан безіндегі йодтың биологиялық маңызы туралы мәлімет жариялады.

Осы кезеңде Ф. Леман, О. Кельнер, Г. Армсби жүргізген респирациялық-баланстық тәжірибелерінде мал мұқтаждығының оның салмағымен қоса өнімділігімен де байланысты екені көрсетіліп, оған әр түрлі қоректік заттар әсері өр түрлі болатыны айқындалды. Азық қоректік заттарының өнімділік қасиеттерін анықтайтын биохимиялық және физиологиялық зерттеулердің нәтижесінде протеинмен қатар көмірсулар мен майлардың, май қышқылдарының қоректендірудегі орны анықталып, көптеген витаминдер, аминқышқылдары, минералды элементгердің маңызы айғақталды. Мал невроздарының себебі көбіне дұрыс қоректенбеуінен туын- дайтыны көрсетіліп, олардың азығын барлық дерлік тіршілікке қажетті қосындылармен толықтыру керектігі белгілі болды.

1920 жылы Францияда Бертран, ал АҚШ-та Мак-Харг тәжірибелерінде синтетикалық рациондарды қолдану арқылы мал азықтандырудағы минералды заттар маңызы ғылыми негізделді. Осы жылдарда В. Вернадский жүргізген зерттеулер Жер биосферасындағы химиялық элементтер миграциясы бір-бірімен тығыз байланыста өтетіндігіне негізделген биогеохимиялық ілімді қалыптастырды. Осы жетістіктерге негіздей отырып жазылған И. Поповтың «Кормление сельскохозяйственных животных» атты оқулығы 17 рет басылып шығарылды. Одан кейінгі жылдары Санкт-Петербург аграрлық университетінде А. Дмитроченко, Украин аграрлық академиясында П. Пшеничный, Г. Богданов, Эстон аграрлық академия- сьшда Ю. Олль, Тимирязев аграрльпс, академиясында В. Баканов, В. Менькин жазған оқулықтар салаға мамандар дайындауда кеңінен қолдануда.

Мемлекетіміздегі мал азықтандыру ғылымын дамытуға 1929 жылы ашылған еліміздегі бірінші арнайы жоғарғы оқу орны Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты мен мал шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттары ғалымдары, профессорлар А. Росляков, В. Вернигор, М. Байтурин, Қ. Құсайынов, Т. Сарбасов, М. Кинеев, Т. Рысмендиев, А. Таңатаров, А. Егеубаев, т. б. елеулі үлес қосты. Сол жетістіктерді қорытындылай отырып 1998 жылы Алматыдағы «Қайнар» баспасынан Н. Омарқожаұлының «Мал азықтандыру» атты осы пәнінің қазақ тіліндегі алғашқы оқулығы жарық көрді. Ұсынылып отырған оқулық - сол басылымның түбегейлі толықтырылып, өңделген нүсқасы.

Оқулықта шаруашылықта өсірілетін мал мен құсты ғылыми тұрғыдан тиімді азықтандыру ережелері келтірілген. Оқулықтың алғашқы екі бөлімінде мал азығына пайдаланылатын жемшөп құрамы, қоректілігі мен құндылығы, дайындау технологиясы сипатталса, соңғы екі бөлімінде сол дайындалған жемшөппен жекелеген мал түлігі мен үй құсын қоректендіру және мөлшерлеп жұмсау қағидалары мен тәсілдері келтірілген. Соларды жете меңгерген маман ғана мал басының азықтандыруын жүйелі түрде жолға қойып, мол да сапалы мал өнімін үнемді азық шығынымен алуды ұйымдастыра алады

Дәріс № 2. Малазығының химиялық құрамы және жеке заттардың физиологиялық маңызы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет