Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер



бет4/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС

2-сурет. Мал азығының құрамы

Мал азығы

Су (ылғал) Құрғақ зат


Алғашқы Гигроскоптік Органикалық Минералды

затттар заттар

(«Шикі» күл )





Макро-Микро-

элементтер



Азотты заттар Азотсыз заттар

( «Шикі» протеин)

Белоктар Амидтер «Шикі» май Көмірсулар




Азотсыз экстрактивті заттар(АЭЗ) «Шикі» жасұнық




«Шикі» май немесе липидтерге суда ерімейтін тек түрлі органикалық еріткіштерде(эфир, хлороформ, бензин) еритін қосындыларды жатқызады. Оған таза маймен қоса физикалық және химиялық қасиеттері бойынша майға ұқсас май қышқылдары, бояушы заттар, яғни пигменттер т.б. қосындылар кіреді.

«Шикі» күлге өсімдік пен жануарлар тканінің жанбайтын бөлігі жатады. Шикі күлдің құрамында оттегі, сутегі, көміртегі және азоттан басқа барлық элементтер бар.



Макроэлеметтер тобына – калций, магний, калий, натрий, фосфор, хлор, күкірт(сера) кіреді, ал қалған басқа элементтер толық микроэлементтер тобына кіреді.

Азықтағы қоректік заттар мал организмінің тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар жеткізуші көзі болып табылады. Демек олар тірі организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделіп, өсіп-өніп, ұрықтанып-көбейіп, өнім өндіруінің негізгі факторлары ретінде қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, азықтағы қоректік заттар энергетикалық және құрылымдық қосындыларға бөлінуіне шартты түрде қарау керек, өйткені олар негізгі функциясымен қатар тіршілік қажеттілігіне байланысты басқа да қызметтер атқарады.

Азықтағы қоректік заттарға мал тіршілігіне қажетті барлық қосынды- лар жатады. Азық құрамын зерттегенде олар организмде атқаратын фи- зиологиялық-биохимиялық қызметі бойынша топтастырылатынын жоғарыда айтқан болатынбыз. Олардың ішінде негізгі қоректік заттар ретінде алмасу барысында, яғни ыдырағанда, энергия (жылу) бөлетін «шикі» протеин, «шикі» май, «шикі» жасұнық пен азотсыз экстрактивті затгар тобы алынады. Сонымен қатар, бүл қосындылардың ыдырап, алмасуға қатысуына қолайлы жағдай туғызатын азық минералды және биологиялық белсенді қосындыларын да қоректік заттарға жатқызады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет