Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер


Малазығының көмірсулық, липидтік құнарлығы



бет7/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС
Мал асылдандыру, Мал азығының түрлері

3.1 Малазығының көмірсулық, липидтік құнарлығы;

3.2 Биологиялық активті заттар , олардың жіктелуі, құрамы , физиологиялық маңыздылығы




Малазығының көмірсулық, липидтік құнарлығы.



Көмірсулар.
Көмірсулар өсімдік органикалық затының басым бөлігін (80%) құрайтындықтан, олар жемшөптегі негізгі энергетикалық қуаттылық көзі болып табылады. Энергия өндірумен көмірсулар майлар мен протеиндер алмасуы мен месқарын микрофлорасының түрі мен санының өзгеруіне ықпал етеді. Месқарыннан тікелей қанға өтіп, энергия өндіру мен сүт түзуіне қатысатын сүт, сірке, пропион қышқылдары секілді микробиологиялық ашыту өнімдерінің көлемі де желінген жемшөп көмірсуларының құрамы мен ерігіштігіне сәйкес өзгереді.

Барлық көмірсулар құрамы көміртегі пен судан ...Сп(Н20)п... құрыл- ғандығына қарамастан, олардың химиялық қасиеті мен зат алмасуындағы қызметі алуан түрлі. Химиялық құрылымы жағынан қарапайым көмірсулар бір (моно-), екі (ди-), үш (три-), төрт (тетра-) және де көп (поли-) молекулалық қанттарға бөлінеді. Моноқанттарға — глюкоза, фруктоза, галактоза, манноза, арабиноза, сорбоза, ксилоза, рибоза мен дезоксирибоза, екіқанттарға — қызылша мен науат қанты деп аталатын сахароза, сүт қанты деп аталатын лактоза, мальтоза, целлобиоза, көпқанттарға — крахмал, жануар крахмалы деп аталатын гликоген, целлюлоза (жасұнық), т. б. жатады. Биохимиялық зерттеуде олардың қышқыл және тұз ерітінділерінде нашар еритін, сондықтан да қиын қорытылатын «шикі» жасұнық тобы мен тез еріп, жеңіл қорытылатын азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ) тобына бөледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет