Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер


Азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ)



бет9/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС
Мал асылдандыру, Мал азығының түрлері
Азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ). Бүл атаумен біріктірілген көмірсулар тобына бір-екі молекулалы қанттар және көп молекулалы крахмалмен қоса декстриндер, пентозандар, гемицеллюлозалар, пектиндердің тез еріп, ыдырайтын бөлігі кіреді. Олардың өзара қатынасын бейнелеу үшін жүгері дәнінің қүрғақ затындағы 71,7% азотсыз экстрактивті заттарының 61,2%-ы крахмалдың, 2,8%-ы қанттардың, ал арпа дәнінің құрғақ затындағы 70,0% азотсыз экстрактивті заттарының 51,0%-ы крахмалдың, 3,1 %-ы қанттардың үлесіне тиетінін айтуға болады.

Крахмал өсімдік дәнінде, түйнегінде, тамырында амилопектин (75-85%) және амилоза (15-25%) түрінде жиналады. Жүгері дәнінде - 65-75%, бидай дәнінде - 60-70%, картоп түйінінде - 12-20% жиналатын крахмалдағы бұл фракцияларының арақатынасы жүгері дәнінде — 78-79%-дан 21—22%, картопта - 78-81%-дан 19—22% аралығында болады. Крахмал салқын суда ерімей, тек жылы суда ери бастайтындықтан, буға бөктіріп немесе пісіріп берген азық крахмалы жеңіл ыдырайды. Гидролизденгенде толығымен глюкозаға дейін ыдырайтын 1 г қүрғақ крахмалдың энергетикалық қуаттылығы - 17,56 кДж. Ашыған крахмал метанға айналып жойылатындықтан, желінген крахмалды тез қорыту оның ішек газдарымен шығындалатын энергия мөлшерін азайтады.



Минералды заттар. Азықтың минералдық бөлігін фарфор ыдысқа са- лынған орташа үлгі сынамасын жоғары (500—550°С) температурада муфель пешінде жағып ажыратады. Бұл температурада протеин, май мен көмірсулар түріндегі органикалық заттар ыдырап (энергия, жылуға айналып), ыдыста күлі қалады. Оның құрамында минералды элементтермен қоса азықтың жанбайтын шаң, тозаң секілді бөгде қалдықтары болатындықтан, оны «шикі» күл деп атайды. Биологиялық маңызды минералдық элементтердің мал азығындағы мөлшері грамдап (г/кг) есептелетін жетеуін - макроэлементгерге, ал қалған мөлшері милиграмдап не тіпті микрограмдап (мг/кг, мкг/кг) есептелетіндерін — мик- роэлементтерге не тіпті ультра (латынша «ультра»өте) микроэлементтерге жатқызады.

Биологиялық маңызды макроэлементтерге — кальций, калий, натрий, магний, фосфор, күкірт, хлор, ал микроэлементтерге — темір, мыс, мар- ганец, мырыш, кобальт, йод жатады.



Калъций. Жер бетіндегі тіршілік үшін өте маңызды элемент. Минерал- ды элементтер ішіндегі мал денесінде ең көп шоғырланғаны. Негізгі көлемі (99%) сүйек пен тіс құрамында гидрооксиаппатит кристалдары түрінде жиналады. Кальций остеогенез барысында сүйектің дұрыс қалыптасуына қатысып, сүт түзілуі мен қан ұюына ықпал етеді. Сонымен қатар жүрек пен жүйке жұмысына, бүлшық ет жиырылуына, жасуша мембранасының өткізгіштігіне, желінген азық фосфоры, мырышы мен йодының пайдаланылуына әсерін тигізеді.

Төл азығында кальций жетіспеген жағдайда оның сүйектері, яғни қаң- қасы дұрыс қалыптасып, жылдам жетілмей ол рахитке шалдықса, кальций жетіспеушілігінің салдарынан сақа мал сүйегі боркеміктеніп, әлсізденуінен остеопорозға, ал минералсыздануынан остеомаляцияға шалдығады. Соның салдарынан сүтті сиырлардың бұзаулауы қиындап, босану кезіндегі салдыққа (родильный парез) жиі ұшырайды. Сүйектің бір уақытта резорбацияланып және минералсыздануынан туындайтын алиментарлық остеодистрофияға жататын бүл аурулар мал азығының минералдық жетіспеушілігімен қатар жалпы қоректілігінің төмендеуінен де туындайды.



Фосфор. Кальций секілді бүл элементтің де мал денесіндегі негізгі мөлшері (83%) гидрооксиаппатит құрамында болады. Мал организміндегі фосфор алмасуы кальций алмасуымен тығыз байланысты. Фосфор сүйек, нуклеин қышқылдары, фосфопротеиндер мен фосфолипидтер құрамына кіреді. Аденозинфосфаттар құрамында энергия алмасуына, жасуша белогының құрамында бірқатар ферменттердің әсерін күшейтуге, қан мен үлпа буферлігін қалыптастыруға қатысады. Демек, фосфор қышқылы түрінде бұл элемент организмдегі бүкіл физиологиялық үрдіске ықпал етеді деуге болады.

Мал азығында фосфор жетіспеген жағдайда жоғарыда айтылған сүйектің минералсыздануынан туындайтын остеомаляция, рахит аурула- рының белгілері байқалады. Фосфор жетіспеушілігінен мүйізді ірі қара малдың тәбеті бұзылып, денесіндегі сүйек, белок, бұлшық ет, сүт түзілуі бәсеңдейді. Азығында фосфор жетіспеген сиыр ағашты, сүйекті кеміріп, шүберек секілді бөгде заттарды жалап, жалмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет