Комарин антибиотигін 8іг. аигі£іпеи$ түзеді. Микроор- ганизмді қоректік ортада өсіріп, алып, артынан қүрғатып, үнтак күйінде алады. Ол “В” витаминімен организмнін өсуін қолдаушы гармоналды заттар түзеді. Мал мен' қүстар рационына қосканда олардың салмағы артып, зат алмасуы мен азйқ сіңімділігі Жақсарады.
Флавомицин антибиотигі шошқаның өсуін колдайды. Ол Str. bambergensis микробынан алынады. Сол сияқты str. virginiае микробынан алынатын виргиниемицин анти- биотигін азыққа қосқанда пайдалы әсері орта түсетіні дәлелденгендіктен, қазір ол 40 шақты елдерде кеңінен қолданылып отыр.
Соңғы жылдары мал азықтық антибиотиктерді өндіру үшін спирт заводының қалдығы — бардаға бидай үнынан жасалған ботқа .араластырылып қоректік орта дайындалып жүр. Бүдан алынған ВАБ деп, яғни витамимделген азық биоцин деп атайды. Оның қүрамында 20—30 г биомицин және 10 мг “В” витамині бар. Осымен бірге онда 3,2% бе- лок, 7% май, 34% азотсыз экстрактивті заттар, 10% клетчатка кездеседі.
Ал биовит құрғақ биомицин. Оның бір килограмында 40 г хлортетрациклин, 10—15 мг “В” витамині болады. Ал препаратта 35—40% белок, 7—10%-тей май, және 8— 9%-тей түз бар. Оның, әсіресе торайлар мен шөжелерді аурудан сақтайтын қасиеті бар.
Достарыңызбен бөлісу: |