Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер


Мал шаруашылық өнімдерін өндіруді жақсарту үшін, ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда ғылыми-шаруашылық тәжірибелерідің маңызы



бет45/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС

Дәріс жоспары:

14.1 Мал шаруашылық өнімдерін өндіруді жақсарту үшін, ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда ғылыми-шаруашылық тәжірибелерідің маңызы.

14.2 Ғылыми-шаруашылық тәжірибелерді жүргізу әдістемесі (топтау әдісі, мерзімдік әдіс және т.б.) қоректік заттар балансы мен қорытылуын зерттеу үшін тәжірибе жүргізу әдістемесі.

14.3 Ғылыми-шаруашылық және физиологиялық тәжірибе нәтижелерін биометриялық өндеу.

Мал азығының құрамындағы қоректік заттардың қорытылуын арнайы қойылған физиологиялық алмасу тәжірибелерінде анықтайды. Тәжірибеге тәжірибелік топтардың орташа көрсеткіштері бойынша алынған 3-5 мал басын не 5—7 құс басын оқшаулап, арнайы бөлмеге не қондырғыға (станокқа, торға) кіргізіп, тәулік бойы жеген азығын, оның қалдығын, шығарған тезегін (алмасу тәжірибесінде — зәрін де, ал респирациялық тәжірибеде - тыныстану газдарын да) дәл өлшеп есепке алады.

Тәжірибенің алғашқы күйісті мал үшін - 15-20, шошқа үшін - 10- 15, құс үшін — 7-10 тәулікке созылатын дайындық кезеңінде мал мен құсты тәжірибе жүргізу жағдайы мен тәртібіне, азық беру және тезек жинау тәсіліне үйретеді. Бұл кезеңде малдың ас қорыту жолы түгелімен бұрынғы желінген азықтар қалдығынан тазартылуы керек. Содан кейінгі күйісті мал үшін - 7-10, шошқа үшін - 5-7, құс үшін — 3-5 тәулікке созылатын тәжірибенің негізгі кезеңінде желінген азықтары мен шығарған қалдықтарын (тезегін) дәл өлшеп, есепке алып, тәжірибедегі мал басының тәулігіне жеген азықтары мен олардың қалдықтарының орташа үлгісін зерттеуге алып отырады. Сонымен қатар әр тәжірибелік бастың күнделікті жиналған тезегін мұқият араластырып орташа үлгісін алады да, оны аузы тығыз жабылатын шыны ыдысқа салып, хлороформмен консервілеп, азотын түгел сақтау үшін үстіне 10%-дық күкірт қышқылының ерітіндісін құяды.

Азық қоректік заттарының қорытылу коэффициенттерін екі тәсілмен анықтайды:



  • біріншісі, тік тәсіл де (прямой метод); оны жекелеген азықтың немесе малға жегізілген бүкіл азықтардың қоректік заттарының қорытылуын жалпы анықтағанда қолданады;

  • екіншісі, жанама тәсіл (косвенный метод); оны малға жегізілген азықтардың ішіндегі жеке азықтың қоректік затарының қорытылуын анықтағанда қолданады.

Тәжірибе барысында желінген азық пен шыққан тезектің орташа үлгілерінен сынама алынып, химиялық құрамы зерттеледі де, олардың орташа тәуліктік көлеміне көбейтілуі арқылы есептелінген малдың жеген қоректік заттары (ҚЗ) мен олардың қорытылмай шыққан төлемінің айырмашылығы бойынша қорытылған мөлшерін анықтайды:

Қорытылған ҚЗ = Желінген азықпен енген ҚЗТезекпен шыққан ҚЗ, г.

Қоректік заттардың қорытылу дәрежесін қорыту коэффициентімен (ҚК) белгілейді:



ҚК = (Қорытылған ҚЗ : Азықпен енген ҚЗ) х 100, %

Қорыту коэффициентін есептеу мысалы ретінде ісектермен жүргізілген тәжірибе мәліметтерін келтіруге болады. Пішенмен азықтандырылған ісек басы 7 тәулікте 6770 г пішен жеп, 5050 г тезек шығарған. Олардың орташа үлгісін зерттегенде...



...пішенде7,0% протеин, 1,1% май, 29,3% жасұнық, 35,0% АЭЗ; ...тезекте3,7% протеин, 0,7% май, 18,8% жасұнық, 16,0% АЭЗ болған.

Осы тәжірибе нәтижесі бойынша тәулігіне, орташа, 6770 : 7 = 967,1 г пішен жеп, 5050 : 7 = 721,4 г тезек шығарған ісектің жемшөп қоректік заттарын қорытуы 1-кестедегідей болған.



1-кесте. Пішен қоректік затгарының қорытылуы

Көрсеткіш

Протеин

Май

Жасунық

АЭЗ

I. Азыкгіен енгені, г

678,0

1063,8

2716,4

3384,8

2. Тезекпен шыққаны, г

266,9

432,8

1356,2

1154,2

3. Қорытылганы, г

401,1

631,0

1360,2

2230,6

4 Қорыту коэффициенті, %

59,2

57,7

49,2

65,9

Малға берілген жемшөп ішінде жеке бір азықтың қоректік заттарының қорытылуын анықтау қажет болса, тәжірибені жанама тәсілмен жүргізеді. Жанама тәсіл бойынша, бірінен соң бірі жалғасатын екі (қос), екеуінде де алғашқы - дайындық және негізгі — есептік кезеңдері қарастырылған тәжірибе жасайды. Бірінші тәжірибеде малды құрамында зерттелетін азығы бар жемшөп құрамасымен (рационымен) азықтандырып, олардың қоректік заттарының қорытылуын тура тәсілмен жүргізілген тәжірибедегідей анықтап алады. Соның артынан жалғастырыла қойылған екінші тәжірибеде жемшөп қосындысының құрамындағы зерттелетін азық мөлшерін біршама ұлғайтып жегізеді де, қорытылу коэффициенттерінің өзгеруінен сол азық қорытылуын есептейді.



Есеп дұрыс шығу үшін қосалқы қойылған екі тәжірибеде малға жегізілген жемшөп қосындысының қоректілігі, яғни қоректік заттар деңгейі бірдей болуы шарт. Бұл шартты сақтау үшін тәжірибелердегі негізгі жемшөп қосындысымен (НА) зерттелетін азық (ЗА) аралығындағы арақатынас келесідей болуға тиіс:

  • бірінші тәжірибеде... 0,7—0,8 НА + 0,3 -0,2 ЗА;

  • екінші тәжірибеде... 0,5—0,6 НА + 0,5-0,4 ЗА.

Мысалы, 3-кестеде ісектермен тік тәсілмен жүргізілген тәжірибеден соң, пішеннің, яғни негізгі азықтың (НА) 967,1 г тең 1 бөлігінің 0,8-ін, яғни 967,1 х 0,8 = 773,7 г, оның 967,1 — 773,7 = 183,4 граммын жалпы қоректілігі бойынша құрамында... 3,0% протеин, 0,4% май, 33,5% жасұнық, 24,0% АЭЗ бар арпа сабанының 0,2 бөлігімен (1 г пішенде -0,0030, 1 г сабанда — 0,0022 а.ө. бар деп есептегендс), яғни 250,1 граммымен ауыстырғанда 7 тәулікте 5100 г, яғни тәулігіне 728,6 г, құрамында... 3,5% протеин, 0,55% май, 22,2% жасұнық, 16,0%АЭЗ бар тезек шығарған ісектің сабан қоректік заттарын қорытуы келесі деңгейде болған (2-кесте).

2-кесте. Сабан қоректік заттарының қорытылуы

Көрсеткіш

Протеин

Май

Жасұнық

АЭЗ

1. Азықпен енгені:

— 773,7 г пішенмен, г

54,2

8,5

226,7

270,8

- 250,1 г сабанмен, г

7,5

1,0

83,8

60,0

Барлығы

61,7

9,5

310,5

330,8

2. 728,6 г тезекпен шыққаны, г

25,5

4,0

161,2

116,6

3. Қорытылғаны, г

36,2

5,5

149,3

214,2

4. Пішеннің ҚК, %

59,2

59,2

49,2

65,9

5. Пішеннен қорытылғаны, г

32,1

5,0

111,5

178,5

6. Сабаннан қорытылғаны, г

4,1

0,5

37,8

35,7

7. Сабанның ҚК, %

54,7

50,0

45,1

59,5

Шаруашылық жағдайында мұндай алмасу тәжірибелерін өткізу қиын. Өйткені оны ұйымдастыру үшін арнайы бөлме не мал қорасының оқшауланған жері болып, оны жүргізуге бөлінген адамдар мал азығы мен шығарылатын қалдықтарын жинау техникасымен олардан зерттеуге қажетті орташа үлгі алу тәртібі мен әдістерін меңгеруге тиіс. Ол адамдар бүкіл тәжірибе кезеңінде тек кезекшілікке тұрып, күндіз-түні қолдары босамайды.

Ондай жағдай туғызуға шаруашылықта жағдай болмаса мал азығының, әсіресе жайылым отының қорытылуын басқа жанама әдістермен анықтауға болады. Ондай әдістерге инертті және индикаторлы заттар (элементтер) қолдану тәсілі жатады. Инертті заттарға малдың ас қорыту барысында қорытылмайтын лигнин, шақпақ қышқылы, темір тотығы, хром тотығы секілді тұрақтылығын мықты сақтап, ас қорыту сөлдерінің әсерінен өзгере қоймайтын қосындыларды қолданады.

Бұл тәсіл бойынша малға берілген жемшөпке біркелкі етіп инертті затты араластырып жегізеді де, тәжірибенің есептік кезеңінде химиялық зерттеуге тезегінен орташа үлгі алып отырады. Тәуліктің белгілі мезгілінде алынатын тезектің орташа үлгісін ірі қара малдың тік ішегінен тіпті қолмен алуға болады. Сол үлгілер зерттелген соң инертті заттың (ИЗ) жемшөп пен тезектегі шоғырлану дәрежесі (%) бойынша қоректік заттар қорытылуын, яғни қорыту коэффициенттерін (ҚК) есептейді:

ҚК = 100 - [100 х (Азық ИЗ : Тезек ИЗ) х (Тезек ИЗ : Азық ИЗ)]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет