Ескерту. Инертті заттар іс жүзінде қорытылмағанмен, ас қорыту барысында біршама сіңіріледі. Соны ескеріп, қоректік заттар қорытылуын есептегенде, қажетті өзгертулер (поправки) енгізеді.
Жайылым отының қорытылуын малдың күнделікті жеген көгі мен шығарган тезегін анықтамай-ақ қос индикатор тәсілімен есептеуге болады. Бүл тәсілді қолдану ережелері мал азықтандыру жөніндегі арнайы жинақтарда берілген. Азық қорытылуын малға жегізбей-ақ, ас қорыту сөлдерінің әсерін қолдан туғызған ортаға салып, мал организмінен тыс, ягни in vitro жағдайында да анықтауға болады. Ол үшін азық үлгісін:
пепсин + тұз қышқылы не месқарын сұйығы + пепсин + тұз қышқылы құйылған жылылығы 37°С ортаға белгілі мерзімде ұстайды да, ол орталардағы ерігіштігі бойынша...
бірінші жағдайда, азықтың азотты заттарының;
екінші жағдайда, барлық органикалық заттарының қорытылуын анықтайды.
Бұл in vitro тәсілін алдымен жасұнығы аз, ал протеині көп азықтарға қолдануға болады. Өйткені олардың нәтижелері мұндай азықтар қорытылуын малға жегізіп барып, яғни іп vivo тәсілімен анықтау нәтижелерге жақын шыққан. Күздік дақылдар секілді жасұнықты жемшөпке алынған олардың көрсеткіштері жоғары болған.
Р. Тэрмен, Дж. Уехунттың әдісі бойынша 2-3 г азықтың майдаланып ұнтақталған сынамасын сумен 1 : 19 қатынаста араластырылған тұз қышқылының (НСІ) ерітіндісінде ішкі қысымы 6,8 кг автоклавта бір сағат бойы өңдейді де, колбаға құйып, суытылғаннан кейін метилроттан та- мызып, натрий гидрототыгының (№ОН) 20%-дық ерітіндісімен бейтараптандырады. Колбадағы азық сынамасын сүзгіден өткізіп, сүзгі бетінде қалған қалдықты дистилятты сумен шайып, ауада содан кейін кептіргіш шкафта 100—105°С тұрақты салмаққа дейін кептіріп, соның салмағы бойынша азық сынамасының «қорытылмаған» бөлігін шығарады.
Көптеген зерттеулер малдың желінген жемшөпті қорытуы мен шығарған тезегіндегі азот мөлшерінің арасында регрессиялық байланыс бар екенін көрсетеді. Бұл қолдануға өте ыңғайлы қарапайым тәсіл. Ол үшін мүйізді ірі қара малдың тік ішегіне қол жүгіртіп, ондағы жиналған тезекті араластырып барып, жарты килограммдай орташа үлгі алады да, ондағы жалпы азоттың пайыздық мөлшері (х) бойынша органикалық затгарының қорытылуын (у) келесі теңдеумен есептейді: у = 46,89 + 8,21 х, %.
Түрлі азықтар қоректік заттарының қорытылуы әртүрлі болуымен қатар, белгілі бір азық қоректік заттарының қорытылуы өзгеріп тұрады. Ол алдымен рацион құрамына, ондағы азық топтарының (ірі + шырынды + құнарлы) және де ол азықтардағы қоректік заттардың (негізінен жасұнық пен протеиннің) арақатынасымен көлеміне, азықтандыру тәртібіне, жемшөптің малға жегізуге алдын ала дайындалуына, мал түріне, жасына, жынысына, физиологиялық ахуалына, күнделікті берілетін жемшөпке дағдыланғандығына және де көптеген басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Ол алдымен ас қорыту жүйесінің құрылысына байланысты. Бұл тұрғыдан мал түлігі күрделі қарынды (полигастричные) күйіс қайыратын және қарапайым қарынды (моногастричные) малға бөлінеді.
Күрделі қарынды күйіс қайыратын мал аумақты жасұнықты жемшөпті көптеп жеп жақсы қорытуға бейім болса, қарапайым қарынды мал шырынды және құнарлы жемшөпті қорытуға бейім келеді. Мысалы, И. Поповтың (1957) деректері бойынша қой бидай топанының органикалық затын — 38%, беденікін — 68%, арпа дәнінікін — 86%, қызылшанікін — 87% қорытса, шошқа, тиісінше, 23%; 40%; 82%; 90% қорытады. Бұдан шошқаның ірі және көк азықтың органикалық затын қойдан кем қорытқанымен, дән мен шырынды азықтікін тең қорытатынын көреміз. Бірақ бұл азықтар жасұнығын 39-53% қорытқан қоймен салыстырғанда шошқа анағұрлым төмен - небәрі 6-16% қорытқан.
Салыстырмалы түрде алғанда мүйізді ірі қара мал қой-ешкімен жылқыға қарағанда жасұнықты жемшөпті жоғары қорытады. Жылқы қарны қарапайым болғанымен жасұнықты аумақты жемшөпті қорытуға оның жақсы дамыған тоқ ішегіндегі микробиологиялық үрдіс көмектеседі. Шошқа мен құстың жеген азығы ондай өңдеуден соқыр және тік ішегінде өтеді, бірақ оның салыстырмалы көлемі аз болғандықтан, олар жемшөп жасұнығын нашар қорытады және де азығындағы жасұнықтың көп көлемі басқа қоректік заттар қорытылымын төмендетеді. Бұл жасұнықтың көп мөлшерінің ас қорыту сөлдері мен ас қорыту жолындағы микроорганизмдер ферменттерінің әсеріне кедергі туғызушылығымен байланысты. Оны И. Поповтың тау жайылымы отының құрғақ затындағы жасұнық көлемі 25,1% болғанда, органикалық затының қорытылуы - 75%, 28,4% болғанда - 67%, 29,8% болғанда - 61%, 30,0% болғанда — 54% болуымен айғақтауға болады.
Чех ғалымы Ч. Лабуданың (1980) дерегі бойынша азық қоректік заттарының қорытылуына «шикі» жасұнық деңгейі 72,4%-ға әсер етеді. Жасұнық мөлшері (х) бойынша азық құрғақ затының (У) қорытылымымен алмасу энергиясын (АЭ) 1940 ж. И. Аксельсон ұсынған формулалармен есептеу ыңғайлы: У = 90,1 - 0,88х; АЭ = 73,1 — 0,766х.
Азық қорытылатын қоректік заттар, яғни қорытылу энергиясының алмасу энергиясына айналдыру коэффициенттері: көмірсулы жемшөпке — 0,88, ірі жемшөпке — 0,84, протеинді жемшөпке — 0,80. В. Баканов, В. Менькиннің (1989) мәліметтері бойынша азық органикалық затының қорытылу дәрежесі жасұнық деңгейімен г = — 0,9 дәрежедегі тығыз коррелятивтік байланыста. Соған сүйене отырып құрамындағы жасұнықтың пайыздық мөлшеріне (х) байланысты мал түлігімен құс азығының органикалық затының (у) қорытылуын (%) келесі регрессиялық теңеулермен шығаруға болады:
сиырға у = 90,1 — 0,88х; — шошқаға у = 92,1 — 1,68х;
жылқыға у = 97,0 — 1,26х;- тауыққа у = 88,1 — 2,33х.
Жасұнықтың көп көлемі әсіресе қарапайым қарынды мал мен құстың ас қорытуына кедергі туғызғанмен, оның мал мен құс азығындағы белгілі деңгейі сақталуы қажет. Өйткені жасұнық жемшөпке аумақ беріп, ас қорыту жолын толықтыруымен қатар, оның рецепторларын тітіркендіріп, қарын моторикасымен (бұлшық етінің қимылы) ішек перистальтикасының (ұлтабардан тік ішекке қарай толқын тәріздес жиырылуы) арқасында химустың уақытылы жылжуын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Осы әдіс-тәсілдермен анықталатын азық қоректік заттарының қорытылуы, мал тіршілігінің арқауы болып табылатын жалпы ас қорыту барысының, алғашқы желінуден кейінгі бірінші сатысы. Қорытылып, сіңірілген қоректік заттар қанмен бүкіл дене жасушаларына жеткізіліп, зат алмасу арқылы тіршілік қажеттілігіне жаратылады. Олардың аралық алмасу (межуточный обмен) барысында игеріліп, пайдаланылу дәрежесі туралы да әр түрлі жолмен мәлімет алуға болады.
Жоғарыда келтірілген мал азығының қорытылуын анықтау тәжірибесінде жиналатын шығарған тезегімен қатар бөлінген зәрінің мөлшері өлшеніп, орташа үлгісі зерттелсе, қоректік заттарды қорыту коэффициенттерімен қоса жекелеген индикаторлық, яғни ас қорытуының белгілі бір қырын — көрсеткіш, элементтер алмасуын анықтап, олардың мал денесіндегі балансын есептеп шығаруға болады. Ондай индикаторлық элементтерге организмдегі протеин балансын айғақтайтын азот (өйткені азот белгілі мөлшерде, орташалап алғанда, 16,6% көлемінде, тек «шикі» протеин құрамында болады) пен минералдық алмасуды байқататын кальций, фосфор, т. б. макро және микроэлементтер жатады.
Баланстық тәжірибе респирациялық камера деп аталатын, ішіндегі газ құрамының өзгеруін қадағалайтын қондырғылар орнатылған бөлмеде немесе мал басына кигізілген респирациялық маскамен өткізілсе, тыныстану барысындағы көмірқышқыл газ көлемін де есепке алып, мал организміндегі көміртегінің балансын анықтауға болады. Азот пен көміртегінің оң (+) теріс (-) немесе тең (0) балансы бойынша мал денесіндегі белокпен май айналымын есептеп, солар бойынша ет (бұлшық ет + май) байланымын (отложение) шығаруға болады. Бұл элементтердің мал жасы мен жынысына, салмағы мен өнімділігіне байланысты өзгеру заңдылықтарымен оны есептеу жолдары мал азығының қоректілігін өнімдік әсерімен бағалау тарауында беріледі.
Зерттелетін қоректік фактордың малдың қаңқа дамуына, жоқ бұлшық етінің жетілуіне немесе май байланымына әсер еткендігін арнайы аналогты, яғни барлық жағынан (тегі, тұқымы, жынысы, жасы, тірілей салмағы мен қоңдылығы, өнімділігі, т.с.с.) біркелкі, іріктелген малдың бақылаудағы бастарын сойып зерттеу (мегод убоя контрольных животных) тәсілін қолданады.
Бұл тәсіл мал денесіндегі материалдық өзгерістср зат пен энергияның сақталуы заңына сәйкес жүретіндігіне негізделген. Осы тұрғыдан алғанда, мал денесіне желінген азықпен енген заттармен (энергия) шыққан қалдықтары арасында динамикалық теңдік орын алады. Оны бағалау үшін іріктелген аналогты бастармен арнайы тәжірибе қойылады. Тәжірибені зерттеу мақсатына сәйкес бірнеше топтарға бөліп, олардың азықтандыруын тек зерттелетін фактор бойынша ерекшеленетіндей етіп ұйымдастырады. Белгілі мерзімнен тәжірибедегі мал басын сойып, ұшасының көрсеткіштерін тәжірибе алдында сойылған бастар ұшасының морфофизиологиялық, физика-химиялық, т. б. көрсеткіштермен салыстыра отырып, оларда орын алған өзгерістерді анықтайды.
И. Поповтың жүргізген бақылау тәжірибесінде 81,89 кг арпа жегізілген торай денесінде (бұлшық етпен есептегенде) 5352 г белок байланған. Одан тәжірибе басталарда сойылған торай денесіндегі 2283 г белокты алып тастағанда осы азықтан торай денесінде 3069 г белок байланғаны шығады.
Демек, жегізілген арпаның 1 килограммы 3069 : 81,89 = 37,48 г белок түзілуін қамтамасыз еткенін көреміз.
Бұл келтірілген тәсілдермен мал азықтандыру көрсеткіштерін соңғы нәтижелері бойынша бағалауға болады. Ол көрсеткіштерді тәжірибе барысында бақылау үшін таңбаланған атомдар тәсілін (метод меченых атомов) қолдануға болады. Алмасуы зерттелетін элементтің радиоәсерлі (радиоактивные) изотоптарын мал азығымен жегізіп, олардың денедегі динамикасын ядросынан шығарылған сәулелері бойынша арнайы қондырғылармен бақылайды. Мысалы, осындай бір тәжірибеде тана жемімен кальцийдің Са45 таңбалы атомының 100 г қосып жегізгенде, ас қорыту жолдарында оның 41 г сіңіріліп, 3 г ас қорыту сөлдерімен қайта құйылғандығы анықталған. Демек, бұзау денесінде қалғаны 41 — 3 = 38 г. Тезекпен 76 г Са шыққан. Сонда оның 59 + 3 = 62 г азықпен бірге берілген таңбалы кальций изотопы да, 76 — 62 = = 14 г — алмасу барысында сүйектен шығарылған кальций екені табылады.
Дәріс №15. Азықтарды малға беруге дайындау
Достарыңызбен бөлісу: |