Қызылша сығындысы мен сүрлемді аммонийлау. Жүгері сүрлемі мен қызылша сығындысын да аммиак суымен өңдеуге болады. Бұл малдың мерзімдік азық үлесіндсгі протеинді 25-30 пайызға дейін көбейтуге мүмкіндік берсді. Оның сыртында, егер сүрлем мен сығынды шамадан тыс қышқыл болса, онда аммонийланғаннан кейін мал оларды сүйсініп жейді.
Аммиак суын мерзімдік азық үлесінің 1 азық өлшемінде болуға тиіс 90-100 г протеиннің жетіспейтін бөлігін, бірақ қорытылатын протеинің 25-30 пайызының орнын толтыруға жететіндей мөлшердс белгілейді.
Қышқыл азықтарды өңдеу әдісі - оларды аммиак суымен біркелкі дымқылдау және тез араластыру. Сүрлемді сақталған орнынан аммиак суын енгізуге арналған жабдықтары мен арнайы сүрлем кескіші бар тиегіштермен алып, тасымалдау көлігіне тиеп жатқан кезде өңдейді. Қышқыл азықтарды 25-30 пайыздық аммиак суымен өңдегенде, 1 т азыққа 12-15 л мөлшерінде ғана жұмсаса жеткілікті.
Биологиялық тәсілдер
Достарыңызбен бөлісу: |