Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер


Азықтарды күйдіргіш сақармен өңдеу



бет51/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС

Азықтарды күйдіргіш сақармен өңдеу. Ірі азықтарды өңдеу үшін улы заттардан бостан техникалық күйдіргіш сақарды (натрийді) (ИаОН) да пайдаланады.

Ірі азықтарды өңдеу технологиясы бойынша, оларды ыдыстағы 3- 4%-дық күйдіргіш сақар ерітіндісіне 2-3 минут батырып қояды. Содан соң азықты ыдыстан алып, артық ерітінді ағып кету үшін бір жағы еңкіш етіп орналастырылған қалқандарға сорықтырады.

Туралған ірі азықты еңкіш етіп орналастырылған қалқандарға 40- 50 см-лік қалыңдықта қабат-қабат етіп қойып жатып та, 1ц сабанға 80-100 л есебімен, 3-4%- дық күйдіргіш сақар ерітіндісімен бірден-ақ дымқылдап алуға болады.

Азықты өңдеп болғаннан кейін, 10-24 сағат бойы жылырақ жерде сақтап, содан соң жумай-ақ малға бере беруге болады.

Туралып, осылайша өңделген сабаннан сақа ірі қараның әр басына тәулігіне 15-18 кг, бір жастан асқан төліне 12-15кг, 1 жасқа дейінгі төліне 10-12 кг, қойларға 2 килограмға дейінгі мөлшерде (0,6-0,8 кғ туралған құрғақ сабан) береді.

Күйдірғіш сақар ерітіндісін дайындау және онымен жұмыс істеу кезінде қорғаныш көзілдірік, резеңке алжапқыш пен сондай етіктер пайдаланған абзал, өйткені күйдіргіш натрий адам терісін зақымдауы мүмкін. Сілті ерітінділері үшін қара темірден жасалған ыдыстарды пайдаланған жөн. Мырышталған ыдыстарды қолдануға болмайды, өйткені сілті мен мырыш мал үшін зиянды улы қосылыстар түзеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет