Сабанды аммиакпен өңдеу. Сабанның қорытылу деңгейі мен қуаттық жүғымдылығын сұйытылған аммиак және аммиак суының көмегімен де арттыруға болады. Бұл дәрілер - барынша күшті сілтілік реагенттер. Олар күрделі көмірсулармен белсенді түрде әрекеттеседі де, нәтижесінде сіркеқышқылды аммоний түзіледі. Сіркеқышқылды аммонийдің моченинадан айырмашылығы - оның мочевинаға қарағанда жай ыдырайтындығы және малға зиянсыздығы.
Сұйытылған аммиакпен өңдеу процесі мынадай. Сабан маясын не күдесін қалыңдығы 150 микроннан кем емес синтетикалық пленкамен жабады. Ішіне ауа кіріп, аммиак ұшып кетпес үшін, маяның шетінен 1-1,5 м-ге дейін артық шығып тұрған пленканың жиектерін топырақпен көмеді. Арнайы автокөліктің (сусыз аммиак құятын цистернасы бар) көмегімен, сұйық аммиакты ұшында мегалдан жасалған инесі бар иілгіш түтік арқылы маяның арасына оның табанынан 1 м биіктіктен жібереді.
Ұшында екі миллиметрлік 4-6 тесігі бар инені маяның арасына әрбір 4-5 м сайын 2-2,5 м терендікке бойлатып отырады. Қанша сұйытылған аммиак қажет екенін сабанның бір тоннасына 30 кг есебімен анықтайды. Жалпы салмағы 15-20 т болатып маяға аммик енгізу 1-1,5 сағатқа созылуы тиіс. Содан соң жанқышын түсіріп, ауа бармайтындай етіп жақсылап қымтап тастайды және осы күйінде 5- 10 күн тұрады. Мерзім біткенде жапқышы алынып, артық аммиак ұшып кетуі үшін, мая 2-3 күн бойы ашық жатады. Тек осыдан кейін ғана сабанды малға беруге болады.
Сабанды аммиак суымен өңдеу де сұйық аммиакпен өңдегендегідей технологияны талап етеді. Мұндай жолмен өңдеу үшін 20-25%- дық аммиак уы (ерітіндісі) керек. 1 т сабанға 25%-дық аммиак суынан 120 л, 20%- дықтан — 150 л, 17,5 пайыздықтан — 170 л енгізу қажет.
Кокс-химия ондірісі пайдаланатын аммиак суы сабан өндеуге жарамсыз болып табылады.
Аммиак суын маяның үстінеыңғайластырып тасталған көп тесікті құбырдың көмегімен енгізген жақсы. Ондағы тесіктердің диаметірі 2 мм, арақашықтықтары 100-150 мм болуы керек. Бұл іске диаметрі 3/4 (1 дюйм), ұзындығы 3 метрлік темір не пластмасса құбырлар пайдаланылады. Қажет болған жағдайда, маяның ұзына бойына жеткізу үшін, бұлардың бірнешеуін резеңке түтіктердің көмегімен бір-біріне жалғауға болады. Маяның үстіне құбырларды тесіктерін төмен қаратып, бір-бірінен 1-1,5 м қашықтықта қатар тастайды да, оларды екі резеңке түтіктің және үштармақты арнайы құбыршаның көмегімен аммиак құйылған ыдыспен жалғастырады. Маяны ауа кірмейтіндей етіп қымтап жабады да, аммиак суын цистернадағы қысым 1 атмосфера болатындай күшпен айдайды.
Өңделген сабанды жабулы күйінде 10-15 күн қояды. Содан соң жапқышты алып, сабанды желдетіп алғаннан кейін ғана оны мерзімдік азық үлесінің құрамына енгізіп, ірі қараға береді.
Зерттеулер нәтижесінде, аммиакпен және аммиак суымен өңделіп, 15-20 күн сақталған сабандағы протеиннің жалпы санының 5,14-тен 10,58 пайызға немесе 2 есеге дейін көбейетіні белгілі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |