Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер


Дәріс 16 Малдарды нормалап азықтандыру және рацион құру



бет57/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС
Мал асылдандыру, Мал азығының түрлері
Дәріс 16 Малдарды нормалап азықтандыру және рацион құру
Дәріс жоспары:

  1. Норма, рацион туралы түсініктер.

  2. Нормалап азықтандыру жүйесі

  3. Тетіктелген азықтандыру нормасы

Малды азықтандыру ғылымының негізгі мақсаты – шаруашылықтағы мал басының қоректік қажеттілігін дәл анықтап оны толық қамтамасыз ететін жем – шөп мөлшерін белгілеу. Организм қажеттілігі арнайы нормалық көрсеткіштер арқылы белгіленіп, мұндай азықтандыруды нормалап азықтандыру деп атайды. Азықтандыру нормасына сәйкес азықтандыру рационы құрылады.

Малды ғылыми негізде азықтандыру оның тіршілігін қамтамасыз етуге және өнім өндіруге қоректік заттар қажеттілігі мұқият ескерілуі керек. Қажеттілік мөлшерден аз немесе көп берілген зиян. Жемшөп нормадан аз берілсе, ол мал денесіндегі зат алмасуын толық қамтамасыз ете алмайды да, төлдің өсіп жетілуі тежеледі, сақа малдың өнімділігі тежеледі. Ал, нормадан көп берілсе, шамадан тыс енген қоректік заттар қорытылымы төмендеп, олар толық игерілмей, пайдасыз шығындалады.

Азықтандыру нормасы – малдың түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты белгіленген организмнің мұқтаждығын қамтамасыз ететін энергия, қоректік заттар мен биологиялық активті заттарының мөлшерлік көрсеткіштері. Мал неғұрлым ірі болса, оның тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті қоректік заттар да жоғарылайды және өнімділігі өскен сайын оны өндіруге жұмсалатын енергия мен қоректік заттар деңгейі ұлғайады.

Қазіргі кездегі азықтандыру нормаларында малдың тіршілік мұқтаждығын қамтамасыз етуге қажетті және де өнім түзілуіне керек қоректік заттар мөлшері біріктіріліп жалпы азықтандыру нормалары арқылы беріледі.

2. Малды азықтандыру рационы деп, белгілі нормаға негізделіп, құрастырылған жемшөп мөлшерін мен сапасын айтады.Рационға енетін жекелеген азықтар мен азықтар тобының көлемі мен ара қатынасы физиологиялық және малдәрігерлік ережелерге сәйкес, мал түлігінің асқорыту ерекшеліктерін ескеріп, қорытылымы мен игерілуін жоғары деңгейде ұтымды түрде қамтамасыз ететіндей құрастырылады.

Ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем шөбін құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым, азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы тиіс.

Түрлі азықтар белгілі бір ара қатынаста есептеліп жасалуы тиіс. Осы азықтардың жалпы қоректілігі бойынша алынған проценттік ара қатынасын рацион құрылымы деп атайды. Шаруашылықтағы малды азықтандыру типі рацион құрылымындағы басым азық түріне байланысты аталады. Ол қалыптасқан жемшөп қорына, осы өңірде кең тараған азықтық дақылдарға, оларды мал азығына пайдалану тиімділігіне байланысты болады.

Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңірінде ғылыми-зерттеу орталықтары әр мал түріне және жыныстық, жастық. Өндірістік топтарына арналған типтік рациондар ұсынады. Азықтандыру нормаларына қарай малдың жалпы энергетикалық (азық өлшемі, алмасу энергиясы бойынша) мұқтаждығын анықтап, оны қамтамасыз ететін рационның азық мөлшерін белгілейді. Содан кейін малға берілетін азық мөлшерін нормадағы құрғақ зат мөлшеріне сәйкестендіреді. Құрғақ зат мөлшері бойынша рацион аумағын ондағы азықтың толық желінетінін яғни малдың ас қорыту жолдарына сиятынын бақылайды.

Тетіктелген азықтандыру нормасына (1985 ж бастап қолданылады) малдың азық өлшеміне, алмасу энергиясына, құрғақ затқа, «шикі» және қорытылатын протеинге, лезинге, метионин мен цистинге, қантқа, крахмалға, «шикі» жасуыныққа, «шикі» майға, кальцийге, фосфорға, калийге, натрийге, хлорға, магнийге, күкіртке, темірге, мысқа, мырышқа, марганецке, кобальтқа, йодқа, каротинге, ретинолға, кальциферолға, токоферолға, тиминге, рибофлавинге, пантотен қышқылына, холинге, никотин қышқылына, пиридоксинге, цианкобаламинге, жалпы 22-30 бақыланатын мұқтаждық көрсеткіштері кіреді. Бұл көрсеткіштер организмнің тіршілігі мен өнімділігіне қажетті энергиялық, қүрылымдық, менериалдық және биологиялық эсерлі заттарга мұқтаждығын жай нормалық көрсеткіштерге қарағанда жан - жақты да толық қамтитындықтан, саланың малдың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін интенсивті технологияларымен дамытқанда қолданылады.

Малды нормалап азықтандырудың басты шарты шаруашылықтағы мал түлігі мен құс түріне, жасына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағы мен өнімділік деңгейіне байланысты өзгеретін организм мұқтаждығын, яғни азықтандыру нормасын дәл анықтау болып табылады. Организм тіршілігін қамтамасыз етіп, өнім өндіру қажеттілігінен туындайтын ол мұқтаждық көлемі дене тірілей салмағы мен тәуліктік салмақ қосуы, сиыр сүттілігі, саулық жүнділігі секілді өнімділік көрсеткіштеріне байланысты өзгереді.

Организм тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік заттар мұқтаждығы абсолюттік тынығудағы (абсолютный покой) малды ашықтырып барып анықтайды. Өнімділігі орта деңгейлі еш жұмыс істемей (өнім өндірмей) тынығудағы мал денесіндегі ас қорытуын, қан айналымын, тыныстануын, т. б. тіршілік қызметін қалыпты деңгейде сақтауға (уровень подцерживающего кормления) организмдегі жалпы энергия шығынының 40—60% жұмсалады. Демек, осы шығын көлемі кеміген сайын өнім өндіруге жұмсалатын энергия көлемі өседі. Былайша айтқанда, мал денесі ірі болып, тірілей салмағы ауырлаған сайын тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалатын қоректік заттар үлесі өседі де, өнімділігі жоғарылаған сайын оған жұмсалатын қоректік заттар үлесі артады.

Организмдегі таза өнім өндіруге (түзуге) жұмсалған энергия көлемін (чистая энергия продукции) тікелей калориметриялық бомбада жағып немесе есептеп шығарады. Бірақ өнім өндіру үшін бүкіл тіршілік үрдісін қамтамасыз ету қажет болғандықтан, организм мұқтаждығы өнім энергиясы (қоректік заттары) мен оны өндіруге жұмсалатын энергия (қоректік заттар) қосындысымен белгіленеді (суммарная норма кормления). Организмнің өнімдік мұқтаждығы оның ішкі физиологиясына, ал оны қамтамасыз ету мұқтаждығы сыртқы орта жағдайларына тәуелді өзгеретіндіктен, олар осы біріктірілген азықтандыру нормасымен белгіленеді.

Мал түлігі азықтандыру нормасының көрсеткіштерін факториалдық және эмпирикалық жолдармен жүргізілген ғылыми - зерттеу және алмасу тәжірибелерінде түріне, тұқымына, өнімдік бағытына, жасына, жынысына, физиологиялық ахуалына, тірілей салмағына және өнімділігіне сәйкес өзгеретін энергиялық, протеиндік , минералдық жэне витаминдік мұқтаждығы бойынша анықтайды. Организмнің тіршілігі мен өнім өндіруге қажетті энергия мен құрылымдық жэне биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын айғақтайтын жалпы нормалық көрсеткіштерге тәулігіне 1 басқа қажет азық өлшемі (сұлылық), қорытылатын протеин (г), ас тұзы (г), кальций (г), фосфор (г), каротин (мг) жатады. Мұндағы азық өлшемі организмнің жалпы қоректілік, яғни энергиялық, қорытылатын протеин - құрлымдық (түзушілік), ас түзы, кальций мен фосфор - менериалдық, каротин - витаминдік мұқтаждығын көрсетеді. Малды нормалап азықтандыруды іске асыру үшін олардың қоректенуіндегі кем дегенде осы алты көрсеткіш қадағаланады.

Мал қоректенуінің протеиндік деңгейін қан мен қан сарысуындағы белок пен оның бөлшектері , гемоглобин мен метгемоглобин, зәрлік (мочевина), көмірсулық деңгейін - глюкоза мен глюкоген , липидтік деңгейін - кетондық денелер, минералдық жэне витаминдік деңгейін - минералды элементтердің, каротин мен жекелеген витаминдердің қанмен қоса сүттегі, жүмыртқадағы, мүшелердегі жэне үлпа -ағзалардағы деңгейімен бақылауға болады.
1-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет