Азықтарды ашытқылау. Ашытқылармен, В тобындағы витаминдер кешенімен, өсімдік белоктарымесн байытылған ірі азықты мал жақсы жейді, ол малдың тәуліктік қосымша салмағын 10-15%-ға, одан сауылатын сүт мөлшерін 20%-ға арттырады.
Азықтарды ашытқымен байытудың бірнеше тәсілі бар. Мәселен:
ұсақталып туралған ірі азықтын 1 ц-іне 3-5 кг суперфосфат, 0,5 кг мочевина және 300-400 г азықтық ашытқы алады. Туралған шөпті қалыңдығы 25-30 см қалыңдықта салып, 60-80 л жылы су құяды, қоспалар мен тиісті мөлшерде суда ерітілген ашытқылар енгізеді. Осылайша ашытқыланған әр қабатты ұқыптап араластыра отырып, тағы да бірнеше қабат салады. Бірақ барлық салынған қабаттың жалпы қалыңдығы 0,8-1 метрден аспауы тиіс. Азықтың температурасы 24- 26ӘС-дан, ал жайдың іші 16 0С-дан кем болмайтып жагдайда 12-18 сағат бойы ашытқылайды;
ұсақталып туралған ірі азықты 1-ден 3 м-ге дейінгі көлемдегі ыдысқа салып, оған 1 килограмына 6-8 л есебінен 0,2-0,3 пайыздық тұз қышқылын құйып, қақпақпен тығыздап жабады да, 0,2-0,3 атмосфералық қысыммен, 100- 105°С жылылықта 2-3 сағат бойы булайды. Бұлай өңдеген азық қатты ісінеді, жұмсарады, ал шикі талшықтардың бірсыпыра бөлігі қантқа айналады.
Қайнатып болғаннан кейін, тұзды суды бойына тартқан туралған азықты 32-35°С.-ға дейін салқындатып, оған оз салмағының 3-5 пайызындай молшерде ашытқы қосын араластырып, ашытуға қояды. Ашытқылардың дұрыс әсер етуі үшін 100 кг азыққа 100-150 г суперфосфат, 150-200 г аммоний сульфатын, 2-3 кг сірне немесе үсақтан туралған қызылша қосады. Азықты ауық-ауық араластыра отырып, 27-30°С жылылықта 20-24 сағат бойы ашытады.
ұсақтап туралған сабанды, қатып кеткен сапасы төмен пішенді ыдысқа салады да, ісіну үшін 1 ц құрғақ азыққа 60-80 л есебінен қайнаған су құйып, қақпағын жауып, 5-6 сағат қояды. Сонымен бір уақытта оған арналған ашытқыш қоспа дайындайды. Ол үшін құнарлы азық қоспасын (75% арпа жармасын, 25% кебек) алып, оған 1 кг қоспаға 3 л есебінен қайнаған су құяды. 25-28°С-ға дейін салқындатылған қоспаға оның салмағының 3 пайызындай нан ашытқысын қосады. 6 сағаттан кейін, дайын болған ерітіндіні буланған және 30-35°С-ға дейін салқындатылған қоспа азыққа сабан салмағының 3-5% пайызындай мөлшерде құяды. Сонымен қатар, буланған сабан кесінділеріне аммоний сульфаты мен суперфосфаттың сулы ерітіндісін 1 т шөпке 30 л жылы су есебінен тиісінше: 2,5 және 2 кг мөлшерінде енгізеді. Егер сірне болса, онда ерітінді дайындайды (судың 9 бөлігіне 1 бөлік сірінді есебінен) да, оны өңделетін азық қоспасына 1 ц құрғақ азыққа 10 л ерітінді енгізеді.
6-8 сағат откен соң, ашытқыланған азықты жылы күйінде малға береді.
Достарыңызбен бөлісу: |