Азықтарды күйдіргіш сақар мен әктің қоспасымен ұзынша орларға салып оңдеу. Әр 1 ц сабанға 1,5-2 кг уытты әк (4,5-6 кг қоймалжың әк) және 2 кг күйдіргіш сақар қосады. Реагенттің қажетті мөлшерін 100-120 л суға салып ерітеді. Бүл ерітіндіге 1,5-2 кг мочевина да қосуға болады. Туралған не туралмаған сабанды орға қабат-қабатымен салып, әр қабатқа ерітіндіні ДУК-тың көмегімен сеуіп отырады.
Сабанның бір қабатын дымқылдаған соң, оны трактормен нығыздап, екінші қабатын салып тағы дымқылдайды және нығыздайды, осылайша ор толғанға дейін қайталай береді. Арасына ауа бармас үшін оны пленкамен, қалыңдығы 5-10 см-дей бір қабат топырақпен, не құрғақ сабанмен ұқыптап жабады.
Сабанды малға ордан алған бойда салу керек, ашық жатып қалса ауаның әсерімен бұзылып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |