Тұқымдық бұқаны азықтандыру
Асыл тұқымды бұқаны сапалы ұрығын кажетті мөлшерде алу тұрғысынан тұспалдап азықтандырады. Ол үшін бұқа азығының энергетикалық қуаттылығын, протеиндік, минералдық және витаминдік құнарлылығын қамтамасыз етеді. Ұрық алынбайтын кезде (не случной период) тұқымдық бұқаны орта қоңдылығын сақтайтын деңгейде азықтаңдырады. Ол үшін 100 кг т.с. шаққанда - 1,1-0,8 а.ө. жеткізілуі жеткілікті. Ұрық алынатын кезенде (случной период) ұрықорта жиілікте (средняя нагрузка), яғни аптасына 2-3 peт алынатын болса 100 кг т.е. - 1,2-0,9 а.ө., ал жоғары жиілікте(повышенная нагрузка), яғни аптасына 3-4 рет алынатын болса - 1,3-1,0 а.ө. жеткізілуі қажет (бұқаның т.с. ауырлаған сайын тіршілігін камтамасыз етуге жұмсалатын азықшығынының үлесі, яғни а.ө. азаятындықтан, норматив көрсеткіші керісінше кемиді). Әр 1 а.ө. ұрық алынбайтын кезде - 100 г, ұрық алынатын кезде, оның алыну жиілігіне байланысты - 125-145 г қорытылатын протеин болуға тиіс(4.16-кесте).
Азықтандырудың нормалық мұқтаждыкка сәйкес қажетті қуаттылығы мен құнарлылығын қамтамасыз ету үшін бұқа рационын қант қызылшасы, сәбіз, асқабақ, сапалы бұршақ және астық тұқымдастар пішені, ұны, дәндерінің қосындысы, азықтық ашытқы, жануар тектес азықтарды жұмсай отырып құрастырады. Жеңіл қорытылатын тамыр-жемістілер рацион құрғақ заттындағы қант мөлшерін 7%-дан 9,4-12,4%-ға дейін көбейтсе, шөп ұны, сәбіз, асқабақ секілді азықтар бұқа азығын каротинмен байытады. Бұқаның ас қорытуы жақсы өтуі үшін рацион құрғақ затында 20-25% «шикі»клетчатка болуға тиіс. Оның деңгейін қамтамасыз ету үшін сиырға қарағанда қарнының сиымдылығы шектеулі бұқаға берілетін аумақты көкшөптің бір бөлігін дегдітіп не кепітіріп береді.
Әр 100 кг т.с. шаққанда тұқымдық бұқаға 0,8-1,2 кг сапалы пішен, 0,8-1 кг жоғары сапалы сүрлем не пішендеме,1,5кг тамыржемістілер, 0,3-0,5 кг жем қосындысын береді.
4.16-кесте.Тұкымдық бұқа азықтандыру нормасы
Көрсеткіш
|
Бұқаның тірілей салмағы, кг
|
600
|
700
|
800
|
900
|
1000
|
Азық өлшемі
|
6,6
|
7,3
|
7,6
|
8,5
|
9,1
|
Алмасу энергиясы, МДж
|
76
|
84
|
91
|
99
|
105
|
Құрғақ зат, кг
|
8,8
|
9,2
|
10,6
|
11,3
|
12,1
|
«Шикі» протеин, г
|
1360
|
1500
|
1630
|
1750
|
1880
|
Қорытылатын протеин, г
|
825
|
915
|
990
|
1060
|
1140
|
«Шикі»клетчатка, г
|
1760
|
1960
|
2100
|
2260
|
2420
|
Крахмал, г
|
910
|
1000
|
1080
|
1170
|
1250
|
Кант, г
|
825
|
915
|
990
|
1065
|
1140
|
«Шикі»май, г
|
310
|
340
|
370
|
400
|
425
|
4.16-кестенің жалғасы
|
Ас тұзы, г
|
45
|
50
|
55
|
60
|
65
|
Кальций, г
|
34
|
37
|
40
|
43
|
46
|
Фосфор, г
|
18
|
21
|
24
|
27
|
30
|
Калий, г
|
66
|
70
|
88
|
99
|
ПО
|
Күкірт, г
|
485
|
535
|
580
|
620
|
665
|
Темір, мг
|
485
|
535
|
580
|
620
|
665
|
Мыс, мг
|
85
|
90
|
100
|
105
|
115
|
Мырыш, мг
|
350
|
390
|
420
|
450
|
485
|
Марганец, мг
|
440
|
485
|
525
|
656
|
680
|
Кобальт, мг
|
6,6
|
7,3
|
7,9
|
8,5
|
9,1
|
Йод, мг
|
6,6
|
7,3
|
7,9
|
8,5
|
9,1
|
Каротин, мг
|
480
|
510
|
560
|
650
|
660
|
Д дәрумені, мың х.ө.
|
8,4
|
9,8
|
11,2
|
12,6
|
14,0
|
Е дәрумені, мг
|
285
|
290
|
315
|
340
|
360
|
Бір-бірінің аминқышқылдық, витаминдік және минералдық құрамын толықтыра түсетіндіктен, қосынды құнарлылығы құрамынадағы жеке жемдікінен артатынын ескеріп, ұрық алынатын кезеңде тәулігіне бұқа басына 2-3 кг арпа мен жүгері, 0,5-1,5 кг бұршақ, 0,5-1,0 кг тары дәнін, бидай кебегін, күнбағыс немесе соя күнжарасының қосындысын (смесь) беріп, оған қоса 5-10 кг пішен, 1-2 кг шөп ұны, 4-6 кг сәбіз, 5-8 кг азықтық қызылша, 3-5 кг қант қызылшасын жегізеді. Жалпы қоректілігі бойынша бұқа рационының 40-50% құнарлы жем үлесіне тиюге тиіс. Бұқа азығына оныңжыныстықпотенциясын төмендетіп, ұрық сапасын нашарлататын азықтық техникалық қалдықтарды, сапасыз пішен несүрлемді,сабанды,химиялық қосындыларды қолдануға болмайды.
4.3. Қой-ешкі азықтандыру
Қой-ешкі өсіру - қазақтың ата кәсібі. Кең-байтақ жеріміздің шұрайлы жайылымдарын жыл бойында тиімді пайдаланудың арқасында, қой мен ешкі басы арзан да құнарлы азықпен ұтымды қамтамасыз етілген. Қазіргі кезде де қой-ешкі азықтандыруында табиғи жайылым отын кеңінен пайдаланып, тек күз, қыс пен көктемдегі күйек, ұрықтандыру буаздық пен қоздау, қозы емізу кезеңдерінде қосымша пішен, сабан, пішендеме және жеммен толықтырады.
Қой организімінде қоректік зат алдымен орталық жүйке, қан айналымы, жыныстық ағзалары секілді тіршілікті қамтамасыз ету тұрғысынан маңызы зор жүйелердің жұмысына жұмсалады да, тек содан кейін барып тері меноның жүн,жал, мүйіз, тұяқ секілді өнімдеріне шығындалады. Осының салдарынан мал ашыққандағы қоректік зат жетіспеуінен жүн талшықтары жіңішкереді де, талшықтың солжерінде «аштық жіңішкеру»(голодная тонина, переслед, перехват) ізі немесе белгісі қалады. Жүн талшықтарының бұл жері әлсізденіп, үзілгіш келеді де, қырқылған кейінгі жүннің үзілмеушілік қасиетін (разрывная прочность) азайтып тауарлық сапасын төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |