1. Аминқышқылдық құрамы. Олардың жалпы сипаттамасы. Ақуыздардыңжіктелуі.Құрылымы



бет1/2
Дата18.02.2022
өлшемі20,23 Kb.
#132427
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
ДӘРІС 2 ,1 амин қышқылы


Жоспар:
1.Аминқышқылдық құрамы. Олардың жалпы сипаттамасы.
2.Ақуыздардыңжіктелуі.Құрылымы.
3.Амин қышқылдарының химиялық қасиеттері
Тірі ағзаның құрамына кіретін белоктар немесе протеиндер (protos – бірінші, алғашқы, маңызды деген грек сөзі) органикалық қосылыстардың 50-85% құрайды. 1871 ж. орыс химигі Н. Н. Любавин белоктар амин қыш қылдарынан тұратынын анықтады.
Белок макромолекулалары қарапайым амин қышқылдарынан тұрады. Белоктарды түзетін амин қышқылдарының құрылысын мынадай түрде көрсетуге болады:
R – CH – COOH | NH2
Амин қышқылдары түрлі белок молекулаларын түзетін мономерлі жеке заттар. Адам ағзасында 300-ге жуық амин қышқылдары бар екені белгілі, бірақ олардың 20-сы ғана белок мо лекуласының құрамына кіреді. Бұлар протеиногенді амин қыш қылдары. Кейбір белоктардың құрамында жоғарыда көрсетілген амин қышқылдарымен қатар аз мөлшерде минорлы амин қышқылдары болады. Минорлы амин қышқылдары — радикалдары түрленулер нəтижесінде пайда болған протеиногенді амин қышқылдарының туындылары. Минорлы амин қышқылдарына мысал ретінде мына төмендегілерді келтіруге болады:
Ацетиллизин; Гидроксилизин; Карбоксиглутамат; Метиларгинин; Трийодтиронин Тетрайодтиронин; Глициннен басқа амин қышқылдарына оптикалық активтілік тəн. Протеиногенді амин қышқылдары тек L – формада ғана болады, бірақ тірі табиғатта D – амин қышқылдары да бар екені байқалады, олар ұзындығы қысқа пептидтер құрамында немесе бос, жеке күйде болуы мүмкін. Амин қышқылдары молекуласында карбоксильдік (-СООН) топ та, аминдік (- NH2) топ та бар. Амин қышқылдары молекуласында аминдік топ -α, -β, - γ – жағдайында жəне басқа да түрде болуы мүмкін. Табиғи белоктардан тек α-амин қышқылдары ғана табылған. Олардың биологиялық маңызы зор, себебі олардан белок молекулалары құралады. Амин қышқылдарының құрамында R-ра дикал бүйірдегі топтарды көрсетеді. Радикал құрамында ашық, жабық тізбек жəне əртүрлі функциялық топтар болуы мүмкін. Амин қышқылдарын ароматты жəне алифатты деп бөледі, сонымен қатар күкірт жəне гидроксил топтары бар амин қышқылдары деп те бөледі. Көбіне бөліну амин қышқылының зарядының табиғатына негізделген. Егер радикал нейтрал болса, онда олар нейтрал амин қышқылы деп аталады. Көбіне мұндай қышқылдарда бір амин, бір карбоксил тобы болады. Егер амин қышқылының құрамында амин немесе карбоксил топтары бірден көп болса, онда олар сол қасиетке сəйкес қышқылды немесе негізді деп аталады. Амин қышқылдарының қазіргі рационалды бөлінуі радикал полярлығына негізделген, яғни олардың сумен əрекеттесу қабілетіне байланысты. Протеиногенді амин қышқылдарын радикалдарының қалдығына байланысты төрт топқа бөледі. 1) полярсыз – гидрофобты – метил тобы, фенол қалдығы 2) полярлы – гидрофильді – зарядталмаған: гидроксил – ОН, карбоксил - СООН, амин тобы – NH2, имин тобы ═ NН, амид – СО – NН2, тиол тобы – SН.
1871 жылы Н. Н. Любавин (орыс оқымыстысы) өзінің зерттеулерінде ас қорыту сөлі ферментінің əсерінен белоктардың амин қышқылына дейін ыдырайтынын анықтады. Осы жасалған тəжірибелер белок құрамын анықтауда басты рөл атқарды. Осыдан кейін А. Данилевский мен Э. Фишер амин қышқылдарының бір-бірімен пептидті байланысып, тізбектесіп тұратынын айтты. Осы зерттеулерден маңызды екі тұжырым жасалған: біріншіден - белок құрамына амин қышқылдары кіреді, ал екіншіден – гидролиз əдісімен белоктардың химиялық жəне амин қышқылды құрамын зерттеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет