Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер


Физикалық тәсілдер. 15.2 Химиялық тәсілдер



бет47/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС

Дәріс жоспары:

15.1 Физикалық тәсілдер.

15.2 Химиялық тәсілдер.

15.3 Биологиялық тәсілдер.



Ірі қараны кыстату кезеңіңде ірі сабақты және басқа да азықтарды ұтымды пайдалану мен малға беруге дайындау мәселелері өте зор маңызға ие болуда. Құрамында талшықтардың жоғары деңгейде болуына байланысты, ірі азықтардың, әсіресе сабандардың желінуі мен жұғымдылығы төмен болатыны белгілі.

Азықтарды малға беруге дайындаудың физикалық (ұүсақтап турау, булау, араластыру, т.б.), химиялық (сілтілермен, қышқылдармен, т.б. өңдеу) және биологиялық (өздігінен қыздыру, ашытқылау, т.б.) тәсілдері қолданылып жүр.

Физикалық тәсілдер азықтың желінуін жақсартады, малдың шайнауына да жеңіл болады, қорытуға кететін уақыт пен қуат шығынын қысқартады, өйтсе де азықтың қорытылуына оң әсер ете қоймайды.

Химиялық әдістер желінуін жақсартумен қатар, сабан мен қамыстың қорытылуын 15%-ға, ал олардың жалпы жұғымдылығын 1,5-2 есеге арттырады. Химиялық өңдеу азықтарды зеңдендіретін саңырауқұлақтан және көгеруден зарарсыздандырады.

Биологиялық тәсілдер азықтың дәмдік құндылықтарын арттырады, биологиялық белсенді заттармен байытады, желінуін жақсартады.

Физикалық тәсілдер. Ұсақтап турау - ірі азықтарды малға беруге дайындаудың ең қарапайым тәсілі. Механикаландырылған жолмен турау үшін кәдімгі ірі азық турағыштарды, сондай-ақ бастырғыш-уатқыштарды пайдалануға болады. Шөп ірі қараны азықтандыру үшін 4-5 см, жылқылар мен қойлар үшін 2-3 см, ал оларды ылғал және құрғақ сусымалы азық қоспаларына араластыру үшін 1-7 см аралығында, сығымдап қатырылатын азықтар дайындау үшін 1-3 см және түйіршіктелген азықтар дайындау үшін 0,5 см-ге дейінгі ұзындықта туралуы тиіс.

Маяланған пішен мен сабанды көлікке бір уақытта, қатар турай отырып тиейді. Ылғалдылығы жоғары сабанды барынша майдалап турау үшін елеуішсіз турағыштарды пайдаланады. Ұзақ уақыт сақтау үшін сабандарды ылғалдылығы 20%-дан аспайтындай дәрежеге жеткен жағдайда ғана турайды. Ылғалдылығы жоғары сабан өз-өзінен тез қызады, көгереді және ауа райы салқын болса бұзылып кетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет