11.2 Жаңаша микробиологиялық синтездеу арқылы алынған заттар
Өнеркәсіптік жолмен және шаруашылықта әзірленген азықтық ашытқылар. Ашытқылардың малға берілетін мөлшері, әзірлеу тәсілдері
Микробиологиялықтазықтық өнімлерге ағаш өндіру және өсімдік қалдықтары, мұнай мен табиғи газ көмірсутектілерінен өсірілетін құрғақ зарртарда 50% протеин түрі азықтық ашытқылар жатады.
Қазіргі жағдайда малазақтық протеинның жетіспеушілік проблемасы шаруашылықта малазығын өндіру арқылы және де биотехнология жолымен, өнеркәсіптік өндірісінде, азықтық емес өнімдерден микробиологиялық синдездеу арқылы шешіледі.
Мал шаруашылығын белокты азықтармен қамтамасыз етуде мал азықтық ашытқы-саңырауқұлақтарды қолданудың манызы зор. Мал азықтық ашытқы саңыраукулақтардың белогы аса құнды. Ашытқылармен микробтардың зат алмасу процесстері өте жөғары денгейде жүреді, 500кг ашытқыары 1 тәулігіне 1250 кг протеин синтездейді.
Гидролиздік және сульфидтік ашытқылардың құрамында 48-52% протеин, 13-16 көмірсулар, 2-3 май, 22-40 АЭЗ, 6-10% күл болады.Сонымен қатар 1 кг құрғақ затында В тобының витаминдері тиамин(В1) - 15-18, рибофлавин (В2)54-68, пантотен қышқылы(В3)- 130-160, холин(В4) -2600, никотин қышқылы(В5) -500-600, пиридоксин(В6) 19-30, биотин(В7) 1,6-3, цианокобаламин (В12)-0,8 мг/кг есебімен, 1 кг арқылы 1,03-1,16 Д витамині азық өлшемі, 380-480 г/кг барлық алмастырылмайтын аминқышқылдары бар. Онда басқа азықтарда кездеспейтін, мал организіміне аса кажетті лизин амин қышқылы бар. Мал азықтық ашытқы саңырауқүлақтардың күлінде темір, мыс, мырыш, кобальт сияқты микроэлементтермен қатар, фосфор, кальций да жеткілікті.
Мал азықтың ашытқы саңырауқүлақтарды өсіру үшін әдетте ағаш ұнтақтары және өсімдік қалдықтары (жүгері тамырыг сабан, мақта қауашағы) қолданылады. Сонымен қатар бұл мақсатқа қамысты, шымтезекті пайдаланады. Әдетте бүл қалдықтарды күкірт, азот т.б. минерал қышқылдармен гидролиздейді, яғни қантқа айналдырады. Мал азықтық ашытқы саңырауқүлақтардың ішінде торула утилис түрі қолданылады, өйткені онда белок пен “В” тобыңдағы витамиңдер едәуір көп болады.
Мал азықтық ашытқы саңырауқұлақтарды көбінесе құрама азықтарға қосып малға береді. Оның азықтағы мөлшері 3—5%-тей болуы керек. Іс жүзінде малдың бір килограмм тірілей салмағына бір грамдай ашытқы саңырауқүлақтар пайдаланылады.
Ашытқы саңырауқұлақтарды құрғақ күйінде де, шырынды немесе концентратты азықтармен қосып та қолдануға болады. Ашытқы саңырауқұлақтар өте жақсы өсіп дамуы үшін қоректік зат ретінде азот, фосфор, аммоний сульфатын, суперфосфат сығындысын қосады. Азықтарға ашытқы саңырауқұлақтар қосу кезінде арнаулы компрессорлар аркылы ұдайы ауа жібереді. Ашытқы саңырауқұлақтар азық температурасы +20—30° болғанда жақсы өсіп жетіледі.
Ашытқы саңырауқүлақтар азықтың дәмін жақсартады және түрлі витаминдермен байытады. Сонымен катар мүндай азықтарда белгілі мөлшерде сүт қышқылы да жиналады. Соның нәтижесінде мал кышқыл азықты аса сүйсініп жейді. Азыққа ашытқы саңырауқүлақтарды қосу барысында құрғақ затқа шакканда белок мөлшері 13— 17%-ке артатыны дәлелденген.
Достарыңызбен бөлісу: |