Азықтық ашытқылар (паприн). Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі — мал азықтық ашытқылар басқа микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің (мұнай өнімдері) күрделі қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада белоктың жиналуына көмектеседі, яғни олар ағза үшін жетіспейтін азот қосылыстарының (амин қышқылдары) көбеюін қамтамасыз етеді.
Эприн -1кг құрғақ затында -82% протеин, 0,15 май, 31,86 АЭЗ, 1кг эпринде-0,96 а.ө. болады Комбикорм құрамына 8-10 пайыз қосылады.
Кормобактерин- протеин 51,6 пайыз, АЭЗ-30,6, және 0,93 а.ө.
Сол сияқты меприн, диприн, микробиологиялық процесстер арқылы синтезделетін малазықтық препараттар бар. Олар химиялық құрамы бойынша протеин (58,2-69,4пайыз), АЭЗ (24,03-30,0 пайыз), алмастырылмайтын аминқышқылдары (3,5-5,7 пайыз), және В тобының витаминдерінің мөлшері жоғары денгейде болуымен ерекшеленеді.
Ашытқылардың құрылымы бактериялардың құрылымына ұқсамайды: олар сопақ немесе ұзыншақ болып бактериялардан ірілеу келеді, олардың көлемі 10 мкм.-ға жетеді. Олар бөлініп, бүршіктеніп, қолайлы жағдайда ұрықтану (споралар) арқылы көбейеді. Мал азығын химиялық жолмен консервілеу. Жемшөп қорын молайтумен катар, оның сапасьш арттыру мәселесі де қазір ғылми тұрғыдан шешілуде. Соңғы жылдары елімізде бүл салада да бірқатар жүмыстар істелді. Мұңдағы негізгі бір мәселе — жемшөпті жинау мен сақтау барысында олардағы коректік заттардың ысырабын азайту болып табылады.
Жемшөпті даярлаудың қазіргі кездегі қолданылып жүрген тәсілдерінің бірі — пішен даярлау. Пішен жем- шөптің құрамындағы қоректік заттар мөлшерін 15-тен 40%-ке дейін кемітеді. Мал азықтық жүгері дәнінің үйіндісі ылғанданып 2—3 тәуілктен артық сақталмай, бұзылып кететіні дәлелденді. Тіпті жемшөпті дер кезінде сүрлегеннің өзінде қоректік заттар шығыны 20—25%-ке дейін жетеді.
Азық даярлаудың басқа әдістерімен салыстырғанда (кептіру, сүрлеу т. б.) химиялық жолмен консервілеудің негізгі артықшылығы — азықтарда жүретін микробиологиялық және биохимиялық процестерді тез арада тоқтатындығында. Сөйтіп азық сапасы бастапқы деңгейге жуық мөлшерде сақталып қалатын болады.
Әрине органикалық қышқылдар, олардың ішінде сүт кышқылы және қүмырысқа қышқылы нағыз тиімді консерванттар. Олардың заводта өндіреді. органикалық қышқылдардың микроорганизмдерге әсері.’ минерал қыш- кылдары қарағайда едәуір күшті келеді. Екінші жағынан органикалық қышқылдар консервілеу барысьшда азыққа сініп, мал организміне ешқандай зиян келтірмей, тіпті қоректік зат ретінде асқазанда қорытылып кетеді.
Осымен қатар мал азығын консервілеу үшін минерал қышқылдарды да қолдану үсынылды. Өйткені оларды заводта өндіру арзанға түседі.
Химиялық қасиеті жағынан алғанда тұз және күкірт қышқылдары өте күшті қышқылдардың қатарына жатады және олардың өзіндік құны арзан.
Жемшөпті, әсіресе, қиын сүрленетін өсімдіктерді органикалық емес қышқылдармен консервілеудің мәнісі мынада осындай кышқылдар көмегімен азықтағы рН-ты 3,6—4,2 жеткізгенде шіріту, май қышқылы бактериялары және төменгі сатыдағы саңырауқүлақтар тіршілік ете алмайды. Сөйтіп, азық бастапқы калпында сақталады.
Қазір шаруашылықтарда сыналып, тиімді деп танылғаңдары: “АИВ”, “ААЗ”, “К2” және “С2” сияқты кышқыл препараттар. Бірак кышқыл препараттарды тасу, шаруашылықта қолдану біраз қиындықтар келтіреді және оларды сүйылтып жемшөпке қолдану өте сақтықты талап етеді. Бұл жағынан алып қарағанда, қүрғак химиялық препараттардың болашағы зор. Химия өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты, осындай препараттарды көп өндіруге мүмкіндік бар. Жасыл өсімдіктер мен ылғал дәндерді консервілеу үшін күні бүгінге дейін 1500-дей химиялык препараттар сыннан өтті. Құрғақ препараттардың ішінде аса тиімдісі — натрий бисульфаты мен натрий метабисульфиті.
Натрий бисульфаты. (NaHS04). Иіссіз, өте қышқылды реакция кррсететін сарғыш кристалл зат.
Натрий бисульфаты ауыз суын дезинфекциялау да қолданылады. Консервілегенде азық тез арада қышқылданады. Сөйтіп, ондағы микроорганизмдер қырылады. Астық тұқымдас өсімдіктерді консервілегевде оның бір тоннасына 6 кг натрий бисульфаты қолданылса, бұршақ тұқымдастардын осындай мөлшеріне 8—10 кг жұмсалады. Оны өндірістік жағдайда сынау жақсы нәтиже берді.
Натрий метабисульфиті (Na2S2O5), күкіртті газдың иісі шығып тұрады, сарғыштау ұнтақ. Оның негізгі касиеті — ылғал азыққа қосқанда препарат ыдырап, ортаға күкіртті газ бөлінеді. Ол шіріту, май қышқылы, газ түзуші микроорганизмдерге жойқын әсер етеді де, азықты тез арада консервілеп тастайды. Азыктағы рН-—5,2—6,5 шамасында. Бұл препаратпен консервілеген кез келген өсімдіктерден дайыңдалған азық сапалы болады.
Пиросульфитті қолдану техникасы өте оңай. Жемшөптің әрбір тонннасына 4—5 кг препарат жұмсалады. Мүвда препарат жемшөпке бірқалыпты себілуі тиіс. Препаратты қолданған кезде күкіртті газ бөлінетіндіктен одан сақтанған жөн (респиратор кию керек). Завод сыйымдылығы 20 литрлік шыныға салып таратады. Препарат құрғақ, қоңыр салқын бөлмеде сақталуы тиіс.
Елімізде астық өндіру ауыл шаруашылығының барлық салаларының қарқындап дамуының негізгі көзі. Астық өнімі молайған сайын мал шаруашылығыда етек алып дамыды. Астықты жинау науқанында жауын-шашынның болуы, алынатын дән сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Үймедегі ылғал дән тез қызып кетеді. Онда микроорганизмдердің бірқатар топтары тіршілік ете бастайды. Сөйтіп, ылғал дән өте күшті “тыныс алады” да, одан едәуір мөлшерде көмір қышқыл газы бөлінеді. Мәселен, ауа бармайтын жерде сақталған дәннің әрбір 100 г құрғак затына шаққанда бөлінетін көмір қышқыл газының мөлшері 1,02 г болады. Егер осы дәнді натрий метабисульфитімен өңдесе, онда газ мөлшері 0,008 г-ға дейін азаяды.
Ылғал мал азыктық дәвдерді сақтау мәселесі ертеден бастап зерттеушілер мен практика қызметкерлерінің наза- рын аударды. Осы мақсатта желдету, салқын жерде сақтау сияқты біркатар физикалық факторлар тексерілді. Ылғал дәвдерді сүрлеу және консервілеу үшін 800-ге жуық хими- ялық қосылыстардың әсері сыналды.
Әрбір шаруашылық үшін қолданылатын препарат тиімді болғанда ғана ылғал дәвді консервілеу әдісі кеңінен қолданылады. Бүл жағынан алғанда сонғы кезде әр түрлі мақсатта консервілеу үшін қолданылып жүрген натрий ме- табисульфитінің болашағы зор. Натрий метабисульфитімен өңделген ылғал дән 30—40 минут ішівде ептеп “терлейді” және сарғыш т^ртады. Мүвда қоректік заттар шығыны аз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |