Аянның алдында қыр көрсетіп, Қосым тырнауыққа тиісіп, жылатқан:
Есікбай.
Алыс-жұлыс ойын үстінде күрескенімізде Аян біразын жығып кетті. Тек
Есікбайдан ғана жығылды. Алғашқы күннен бастап Аянмен етене жақын дос
болуды әркім-ақ ойлай бастаған. Бірақ ол ешкімге ерекше ықылас білдірген
жоқ. Бірімізден-бірімізді бөліп жарған жоқ. Бәрімізбен де жақсы жолдас бол-
ды. Үш-төрт күн өткен соң, Есікбай басқа балаларға істейтін қылығын Аянға
да істеді, сосын екеуі сайға барып төбелескенде Аян жеңіп кетеді, осы төбе-
лестен кейін оған ешкім тиіспейтін болған екен.
Күзде оқу басталып, жеті менен он жастың аралығындағы өңшең
бірөңкей балалар бірінші класқа бардық, Иманжанов күн сайын үйінен
әкелген қағазды бір-бір парақтан үлестіріп беріп, әріптерді үйрете баста-
ды.
Майдандағы әке-ағамызға хат жазу бәріміздің де көкейіміздегі асыл арма-
нымыз еді. Сонымызды сезгендей Иманжанов та бізге тезірек хат танытуға
бар күшін салып бақты. Сөйтіп, бас-аяғы бірер айдың ішінде әріптерді тегіс
жаттап, бірлі-жарым сөздерді құрап, жаза алатындай халге жеттік. Ал Аян
болса кәдімгідей: «Аса жаннан артық көретін аға…» деп бастап, хат жазатын
болды.
«Хат жазуды үйретші,» – деп жата жабысатынбыз, сөйте-сөйте хат жазуды
бәріміз де үйрендік.
Енді біздің ауылдан күніне майданға сөзі де, мазмұны
да, кейде тіпті кісі аттары бірдей жиырма-отыз хаттан кетіп жататын
болды.
Дәл біздің хат тануымызды күтіп жүргендей-ақ екі айдан кейін Иман-
жанов қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалды. Бір қол, бір аяғынан
паралич болған. Басқа мұғалім келмеді. Осылайша біздің оқуымыз да келер
жылға дейін тоқтаған еді.
Достарыңызбен бөлісу: