Сол күні Аян әжесінің тумаласы Бапай деген шалдың үйіне көшті.
Дәл
осы кезде, азын-аулақ көрпе-жастық тиелген шананы Бапай айдап, Аян өзі
қоңыр сиырын бұйдасынан жетелеп көшенің басындағы шалдың үйіне көшіп
бара жатты. Қоңыр сиыр Аянды сүзіп жіберердей боп алға қарай оқтана жүр-
ді. Бірақ сүзген жоқ, жүріп келе жатқан бойда Аянның қаудырлаған сары то-
нының етегіне иіскеді де, тұмсығын созып, ыңырана мөңіреді. Аянның ша-
насы жоқ, сондықтан елдің шана тепкенін қызықтап қарап тұрды,Аян
бәріміздің шанамызды бір-бір реттен теуіп шықты. Ол қып-қызыл боп қара
терге түсе ентігіп, алабұртып, елден ерекше даурыға сөйлеп, сақылдап күлу-
мен болды.
Б
Достарыңызбен бөлісу: