«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Ипан тауы.  Күйшінің өмірі



Pdf көрінісі
бет111/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Ипан тауы.
 Күйшінің өмірі: 
қамшыны тастай беріп, домбыра ұстайды. Домбырадан босап
кетсе, қолы тағы да тізгінде болады.
Естеместің Оразымбетке айтқаны:
«Бірақ күйімді үлгі етсең де, менің
өмірімді үлгі етпе. Жас елуге келді. Менің өмірім тұрлаусыз болып барады. Қан-
ша ел көрсем де, жер көрсем де, қайтып оралар бір қазығым жоқ. Жар сүймей,
бала сүймей кетіп барам. Енді бір айналғанша қарттық келеді. Нағыз отбасының
жылуын аңсайтын кез сонда болар...»
Оразымбеттің ұстазын аяп кетіп айтқаны: 
«Сізге қарттық қайда, Есеке? Әлі
де біреуді айттыруға болады ғой. 
Алпыстағы Түлкібай
да былтыр қыз алған
жоқ па?»
 Естеместің жауабы: «
Аңғыртсың-ау. Немді көріп, құда түсем? Күйге қыз бер-
ген қазақты әлі көргенім жоқ.»
Осы әңгімеден кейін екеуінің де көңілі жүдеп, үнсіз келе жатты. Кенет суалып
қалған жырадан жалғыз нар көрінді. Жолаушлар үйреншікті мал емес, жапанда
жалғыз қалған адам көргендей әлденеден тітіркеніп, аттары?ның басын тежеп,
іркіліп қалады.
Нардың түрі жүдеу, бүйірі солып, өркеші қамшылар жағына қисая ба-


стаған. Тамыры қураған ағаштай семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлға-
сы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе, телміре
қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі екі күйшіге қатты әсер етеді.
Оразымбет қорқып қалып, дұға оқып жіберіңіз дейді.
Нардың ботасы өлген екен. Зары қандай ащы еді. Түйе деген жануар бала-
сын адамнан артық жоқтайды екен.
Оразымбет те демін ішіне тартып, ұстазының дидарына ынтыға қарап
қалған: жаңа бір күйі сарайының есігін ашқанша асыққан сабырсыздық
бар өңінде.
Ат жалына еңкейіңкіреп барып, Естемес ырғалып, кеудесін көтере беріп, тың
күйді бастап кетті. Майда ырғақты, жұмсақ әуен бояуы оңып кеткен шүберектей
күзгі даланың үстінде қалықтай берді. Сәл бәсеңдеп барып, домбыраның ке-
удесінен екі-үш ырғалып, әрең суырылып көтерілді де, ар жағы мұңды сазға,
майда ырғаққа ауысты. Көңілі жүдеу бейшараны жұмсақ алақанмен маңдайын
сипап, алыстағы бір болмашы үмітті нұсқағандай елес берді. Күй шым-шымдап
ішке кіріп, көңілді босатып, қабақ астында қатып қалған жасты жібітіп, енді бір
кез майда рақат самалмен желпіп, сергіткендей болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет