Жаңа алған тұжырым бойынша әскери ойын қыза түсті.
Биліктің бәрін қолына алған Кенесары енді хандық әмірін жүргізіп, кектескен
руларынан, тіпті кейбір жеке адамдардан өшін алуға кірісті. Ол Орынбор әскери
губернаторына жататын орыс поселке, бекіністеріне тимей, бұл ісін Батыс Сібір
генерал-губернаторының шекарасындағы бекіністер мен өзіне бағынғысы кел-
меген қазақ ауылдарын шабуылдаудан бастады... Енді екі жақтан бірдей қан
төгіс күшейе түсті.
Достарыңызбен бөлісу: