Қырық түрлі күй ілінген бармағына
.
Ежелден әрі баймын, әрі молмын,
Шын қызсам, шыдамайсың зардабыма…
Сонда Сараның айтқан жауабы:
Ей, Біржан, сөз сөйлейін анықтатып,
Көңілің ауырмасын, қабақ қатып.
Көкшетау, Қызылжарда талай Арғын,
Күн көрген жанын жалдап, жатақ жатып.
Найманнан қай жерің бай мақтағанмен…
Бармаған соң жайымды білмейді деп,
Құр босқа мақтанасың тәнір атып…
Майысып нәзік белім бұран қаққан,
Қырық түрлі дана кеудем өнер тапқан.
Сөйлесе май тамызған бұлбұл тілім,
Сықылды гауһар сағат нақыс шапқан…
Мойыным сұңғағындай жүзген кудың,
Лебізім шырынындай шәрбат судың.
Қаққанда төңкерілген қас бітісім,
Ашылған айбатындай жібек тудың.
Қырмызы қызыл жібек маңдайым кең,
Арғынның айтшы, кәне, қай қызы тең?…
Арғынды мақтасаң да жетті Найман,
Жетпек түгіл, байлыққа өтті Найман.
Бұралқы үйге сіңген күшік иттей,
Бай болсан, мұнда, Біржан, келдің қайдан?…
Сонда Біржанның айтқан жауабы:
…Жорғамын сарынымен самғайтұғын,
Достарыңызбен бөлісу: