түгіл, тамағын жеп болмапты, үй ішінде шал мен кемпір, тағы бір малшы бала мен бойжеткен қыз ғана екен.
Кебекті сынап, түнде оятып, өз мұңын шаққан жан: Еңлік.
Еңлікті сақал-мұрттан нышаны жоқ, ұйқыдан бас көтермейтін, күндіз ескі жұрттан асық іздейтін, есіктегі күңге
дейін тәжім ететін жанға атастырыпты.
Кебектің уәжі: Соғысқа ылтау таппай отырған Тобықты мен Матай арасын бұзып алмаймыз ба деген күдік.
Соңында «Сен өлген жерде мен де өлемін,» - деп серттеседі.
Табысатын жерлері - Қаражартас. 6 айдай уақыт өткенде екі ел арасы бітімге келгенін естіп, екі жас қашып ке-
теді. Таң атпай Ордаға жетіп барып, ағаштан балаған қып арша жауып, бекініп, бір дарада жатып алады.
Қойш Еңліктің жоғалғанын естіртіп, Матай елінен шу шығады, бір Матайдың ілулі тұрған түлкіге көзі түсіп,
ақырында Кебектің қызды алып қашқаны аян болады.
Қабекеге Көбей ақыл сұрап келгенде айтқаны: «Ей, Көбей, сұңқар қалай, тауық қалай? Тоқтамыс жолаушылап
кетіп еді, Сол келгенше өтпей ме уақыт талай?»
Наймандар Тобықтының малына шапқандықтан, тобықтылар ақыр соңындаНайманды ертіп, Кебектің жатқан
жерін айтып береді.
Еңлік-Кебек үш айдай бір дарада жатқанда, айы толып, бір ұл табады. Екеуі сол баланы ермек қылады. Қыз ояу,
Кебек ұйықтап жатқанда жау келеді, балалары бесігімен қала береді. Өздері қашып бара жатқанда, Еңлік ауып
кетде, Кебек мінгестіріп алуға аттан түскенде оларды ұстап алады.
Байлап алып тамам найман жиылған Ащысуға алп келеді. Еңлік үш тілек тілейді: «Кебекпен аз ғана араздастыр,
өген соң бірге қосып таспен бастыр, мына Тобықты баласын өлтірмей, Кеңгірбай биге тапсыр».
Екі жасты ат құйрығына байлап өлтіреді, «Матайлап» ұран салып, өлтіріп бір төбеге қойып кетеді. Еңлік-Кебек
моласы бүгінде Таймас пен Ералының арасында.
Бала шеткі Ақшоқы басында күн батқанша жылап қала береді...
Достарыңызбен бөлісу: