«Асанқайғының Жерұйықты іздеуі»
Асанқайғы
желмая
мініп желдіртіп,
Сарыарқаны
аралап жүргенде, әр жерге айтқан сында-
ры мынау екен:
Ұзын аққан Ертісті көргенде
: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қары-
ным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен»,
- депті.
Түндікті өзенін көргенде:
«Он екі қазылық ойтүндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың
құлағы тұтам шығып тұрған жер екен», - деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен.
Сонан
«Үшқара»
атанған екен таудың аты.
Қызылтау деген жерге келгенде:
«Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады
екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен», - депті.
Баянауыл тауын көргенде:
«Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы
ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді
екен», - депті.
Ащы бойына келгенде, артына қарап:
«А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның - мы-
нау ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма
ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен», - депті.
Шідерті деген өзенді көргенде:
«Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп
арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Бос жылқы шідерлеп қойғандай тоқтайтын,
жылқының қонысы екен», - депті.
Достарыңызбен бөлісу: