«Анасын көріп - қызын ал, аяғын көріп - асын іш» деген мақал.
Сәрсенбай басқалардың сөзіне еріп, болыстыққа таласады, бірақ Байжанның көмегімен Нұрпейіс сайланады,
көп шығын босқа кетеді.
Келер сайлауда, Байжанның құда іздеп жүргенін есітіп, Сәрсенбай өзінің болыстыққа сайлануына пайдасы тиер
деп Жамалды айттырады. Жұман 17 жаста, Жамал 11-де болады.
Жамал кәмелетке жеткен соң, күйеуінің нашар екенін біліп (қатта бір тойда көрсе керек), көңіліне күннен-күнге
уайым, қайғы түсе бас?тады. Жамалдың бұл қасіреттерін көбейтуге себеп болған Жұманның жамандығынан
құрбы арасында күлкі болған істері еді. Мысалы: Жұ?манды үйі қант-шай, ғайыры нәрселер әкелуге қалаға жі-
бергенде, жолда терілерін алыпсатарға сатып, он теңге алтын орнына алданып, бір тиын жаңа бақыр алып келуі
еді. Һәм елде бозбалалық қылмақшы болып бір қызы бар үйдің босағасында ұйықтап қалғандықтан, қыздың
әкесі таңертең: «Тұр, балам, ұйқың қанған шығар», – деп үйіне жіберуі еді. Мұның һәммәсін Жамал естіген еді.
Қыс ортасы елде бір байдың баласы болмай жүріп, жамағаты ұл тапқанға, қыз-бозбала үшін үлкен мәжіліс-шіл-
дехана болды. Жамал мен Ғали алғаш кездеседі, қатар отырып, бір-бірімен жарасып-ақ кетеді.
Ойналған ойындар: «Бұғыбай», «Мыршалай-Мырыш», одан кейін домбырамен ән салып. өлең айтады.
Іштерінен бір-біріне ұнағандығы білініп, «бір көрген біліс, екі көрген таныс» мұнан былай да кез келіп жүре-
рміз деп, бұл сапарда айырылысқан еді.
Жамал мен Ғали аз күнгі ойын-күлкінің қызығымен ѳздерін дүниедегі бақытты адамдардан санап жүргенде, бір
күні бұларға үлкен қасіретті хабар естілді: «Байжан мен Сәрсенбайдың арасындағы уағдалары болып, енді бір
айда Жұман күйеу ұрын келіп қалыңдық ойнайды», - деген ѳсек расқа шықты.
Ғали өз хатында Жүсіп пен Зылиқаны сөз етеді.
Ғали мен Жамалды шығарып салған екі дос: Жүніс пен Нұрмаш, Шолпан да мүны біледі.
Ғалидың достарымен ақылдасқанда Жамалды алып барып, жатпақшы жері – дуанда өзі бірге саудалас болып,
несие алып жүрген Фатихолла бай еді. Фатихолла бай әуелін де осындай қазақтың қызды жастай құда болып,
біреуге беріп қоятын жаман ғадетін жек көргендігі себепті және де Ғалиды һәм тәуір көретіндігінен бұл екі
мүсәпірді қабылалды. Фатихолла бай өзінше тәуір пікірлі ғана, өзі айтқан сөзін болдыруды жақсы көретін бір
татар еді. Осы жерде жүріп Жамалдың атыынан начальникке барып, арыз жазғызады.
Бұл дауды шешуге қатысқан молда Ахметжанға Байжандар пара беріп өз жақтарына тартпақ болады.
Фатихоллаға Байжанның адамдары келіп, несиенді бергізбейміз дейді. Одан кейні Ғали менЖамал екеуі
ноғайша киініп, 4 күн жүріп Қырыққұдықтағы нағашысы Бабасқа келеді.
Ғали 13 күн ауырып, жұма күні қаза болады. Көкен моласы деген зиратқа жерлейді.
Октябрь айында іс-қағаздар жайы бітеді. Жамал 1 ай өз үйінде жүріп, соңында Жұманмен тұруға келіседі.
Жұман Жамалға ерегесіп, оны күнде ұруды әдетке айналдырады. Осылай қыстың бір-екі айы өтіп, Жамал шыда-
май қашып кетеді, Фатихолла байға баруды ойлайды, бірақ қатты боран болып жолда қаза табады.
Жамалдың соңғы айтқан сөзі: «Ғали, Ғали, қиналды жаным, қайдасың?»
Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар: ат қою, шілдехана, ұрын беру, атастыру, қалыңмал беру, ерулік
«
Достарыңызбен бөлісу: