Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ. 1015-1016 жылдары туған,қайтыс болған жылы белгісіз).
Еңбектері: «Құдатғу біліг» («Құтты білік»). 85 тараудан 6500- ден аса бәйіттен тұрады (13040 жол) және 3 қосымшасы бар.Кемел мемлекет- тің сипаты баяндалады. Кітапты Шығыс патшалары көшіртіп алып оқитын болған, Фирдоусидің «Шаһнамасымен» қатар қойып, «Түркі шаһнамасы» деген атақ берген.
Кітапта төрт кейіпкер бар: Күнтуды бек-әділет бейнесі,Айтолды уәзір –бақыт бейнесі,Өгдүлміш- уәзірдің баласы, ақыл- сана бейнесі,Одғұрмыш-уәзірдің бауыры, қанағат бейнесінде алынған.
Махмұт Қашқари(ХІ ғ. 1029-1039 жылдар аралығында туған,қайтыс болған жылы белгісіз) білімпаз тілші, ғалым,әдебиет үлгілерін жинақтаушы. «Диуани лұғати- т -түрік» («Түркі сөздерінің жинағы»). 1070 жылдары жазылған, 3 кітап- тан тұрады. 6,5 мыңға жуық түркі сөзіне арапша түсінік берілген. 260-тан астам мақалдың 60-ы қазіргі күнде тілімізде ешбір өзгеріссіз қолданылады.