Жоспар:
1.Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат.
2.Қолжазба нұсқалары. Зерттелуі,аудармалары.
3.Композициялық құрылысы
Дәрістің қысқаша мазмұны
Қорқыт ата түркі халықтарының бәріне ортақ ұлы ойшыл-кемеңгер, жырау, күйші, қобызшы.Ол туралы деректер 3 түрлі жолмен жеткен:
1.Ел аузындағы аңыздан.
2.Тарихи шежірелерден.
3.«Қорқыт ата кітабынан».
«Қорқыт ата кітабы»- түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық әрі тарихи мұра.Қорқыт ата хикаясы-VII-VIII ғасырларда Сырдария бойын мекен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық т.б. мәнін жоймаған, аса құнды көркем туынды.
Мазмұны жағынан сан қилы болып келетін аңыздардың бірінде де Қорқыт ата ажалдан қашып, мәңгі өлмейтін өмір ізейді. Сол үшін өзінің желмаясына мініп алып, дүниенің төрт бұрышын түгел аралайды. Ол қайда барса да алдынан көр, яғни мола қазып жатқан адамдар шыға береді. Олардан: «Бұл кімнің көрі?» -деп сұрайды. Бәрі де бірауыздан: « Қорқыттың көрі»-деп жауап береді. Қазақтың қиындық көрген кездегі сәттерде « Қайда барсаң да Қорқыттың көрі»-деп айтатыны осыдан қалса керек. Қорқыттың өлімге қарсы болған идеясы қазақтың бірнеше жазуында суреттеліп отырады. Ол әсіресе «Қорқыт пен ажал» деген халық аңызын суреттейтін поэмада толық айтылған. Ол былай басталады:
Қорқыт қашып ажалдан,
Аңыратты қобызын.
Қобызында көп арман-
Тоқсан толғау әдемі үн.
Желмаясын желдіртіп,
Ілгері басып келеді.
Тасы құлап жартастың
Жаңғыртты даланы.
Құйын боп та ұйытқыды,
Ну орманды шулатып,
Дауыл боп та жүйткиді.
Көл-өзенді тулатып,
Қас қаққанша кенеттен
Баурап бәрін биледі,
Боздағандай беубеулеп,
Жас төгеді күй легі.
Қорқыт ата мұрасын жан-жақты зерттеу ісі соңғы жылдары мықтап қолға алына бастады. Бұл сөзімізге дәлел: 1999 жылы « Қорқыт ата» деп аталатын энциклопедиялық жинақ жарық көрді. « Қорқыт ата кітабының» екі қолжазба нұсқасы сақталған. Солардың бірі-қазір Германиядағы Дрезден қалалық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар
ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013
|
№1 басылым 05.09.2013
|
68беттің 10-беті
|
қорында сақтаулы тұр. Екінші нұсқасы Византиядағы Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба алты жырдан құралған.
«Қорқыт ата кітабының» Дрезден қаласында сақталған толық нұсқасын зерттеу, Еуропа тілдеріне аудару ісі ХІХ ғасырдың бірінші жартысын бастаға еді. 1815 жылы немістің белгілі ориенталист ғалымы Г.Ф.Диц бұл шығарманың бір тарауын- сегізінші хикаясын неміс тіліне аударып, баспасөзде жариялады. Екінші неміс ғалымы Теодор Нельдеке « Қорқыт ата кітабын» неміс тіліне толық аударып шықпақ болды. Бірақ ол аяғына жеткізе алмады. Еңбекті өз шәкірті В.В.Бартольдке тапсырды. Ол кітаппен ондаған жылдар айналысты. Сөйтіп, 1922 жылы орыс тіліне аударып шықты.Бірақ ғалымның көзі тірісінде аудармасы жарық көрмеді. Бұл аударма 1962 жылы академик В.М.Жирмунский мен А.Н. Кононовтың редакциясымен басылып шықты.
Қазақстан ғалымдарынан зерттеу, аудару, насихаттау ісіне Ә.Марғұлан,Х.Сүйіншәлиев, Ә.Қоңыратбаев, Б. Ысқақов , М.Байділдашев, Ш. Ыбыраев белсене ат салысып келді.
Кітап 12 жырдан, басқаша айтқанда 12 оғыз-намеден тұрады.«Қорқыт ата кітабындағы» теңдесі жоқ алыптардың бірі-Оғыз Қазылық баласы Игенек. «Оғыз Қазылық баласы Игенек» туралы жырда оны Икенек-Бек деп те атайды. Игенек жырдағы басқа батырлардан ерекшелігі-ол сегіз қырлы, бір сырлы жігіт ретінде суреттеледі. Ол-әрі жойқын қолбасшы, қобызшы, ақын. Ел оны ерекше ұнатқан.Оғыз Қазылық жауға аттанып, соғыста жеңіліп, тұтқын болған еді.Бұл кезде Игенек әлі бір жасқа толмаған екен. Ол он бес жасқа толғанда Баяндүр ханға барып: « Маған әскер берінің, әкемді тұтқыннан босатам»-дейді.Сойтип қол бастап, жауға аттанады. Жолшыбай Игенек түс көреді. Түсінде нағашысы Игенекке « үйіңе қайт, Дюзмюрд қаласына барма» деп кеңес береді. Сонда нағашысына қарата:
Көтеріліп орныңнан тұрғанында,
Жауыңа қарсы жасақ құрғаныңда,
Мөлдір көз жігіттерді шақырмадың,
Бектермен тізе қосып ақылдасып,
«Аттандап» арыстандай атылмадың.
Бес теңгеге жалданған шал-шауқанмен
Қалаға әрең-әрең жақындадың.
Бастан дәйім кетпесе-дәулет жақсы,
Білгенін есте сақтаса-ауыл жақсы,
Қас жауынан қашпаса-батыр жақсы-дейді.
Сонда Игенек жанына тағы күш қосып, жауға аттанып, әкесін тұтқыннан алып шығады. Осылай жыр аяқталады.
Кітаптағы 12 жырдың әрқайсысы өз алдында жеке жыр болып, соңында жинақталып, бір жинақ болып, еңбек болып шықты. « Қорқыт ата кітабының» көне түркі тіліндегі түпнұсқасындағы сөздің ритмикалық құрылысы мен эмоциялық интонациясы үйлесіп,тұтасып жатады.
Сонымен, кітап Көк түріктер дәуірінің сан қилы қоғамдық-әлеуметтік көріністерін, салт-санасын, діни сенімін, әдет-ғұрпын, көркем сөз үлгілерін, ертедегі аңыздарын біздің заманымызға жеткен ғажайып туынды болып табылады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары:
1. Қорқыт ата туралы деректер бізге қалай жеткен?
2. « Қорқыт ата» деп аталатын энциклопедиялық жинақ қай жылы жарық көрді?
3.Қорқыт ата кітабы қай ғасырдан бастап зерттеле бастады?
ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013
|
№1 басылым 05.09.2013
|
68беттің 11-беті
|
Әдебиеттер:
Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» А; – 1996 ж.
Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»
Келімбетов «Қазақ әдебиеті бастаулары» А; «Ана тілі» ,– 1998 ж.
Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.
Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» А; – 1995 ж.
Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» А; – 1991
«Қорқыт ата кітабі» А; – 1986 ж.
Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр, аңыздар» А – 1985 ж.
Дәріс 4 Әбу Насыр Әл- Фараби (870- 950)
Дәрістің мақсаты:Әл-Фарабидің әдебиеттану, философия, тіл білімі, музыка салалары
бойынша жазған зерттеу еңбектерінің мазмұнын түсіндіру.
Жоспар:
1.Өмірі, шығармашылығы
2.Әл – Фараби туралы ой – пікірлер
Дәрістің қысқаша мазмұны
Әбу Насыр Әл- Фараби – дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельде кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын.
Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр беріс сағасындағы ежелгі Отырар қаласында туылған. Отырар – бір жағы көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру – тайпаларын өзара байланыстырып тұрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды араптар Фараб деп атаған. Сол бойынша ұлы ұстаз Әл Фараби атанып кеткен.
Әл Фарабидің толық аты- жөні: Мұхаммед ибн Мұхаммад ибн узлағ Тархани – деп жазылатын болған. Мұндағы «тархан» сөзі екі нәрсені аңғартады: біріншіден, әл Фарабидің түркі тектес ру тайпалардан шыққанын білдіреді. Екіншіден, оның ата – бабасы дәулетті, қыпшақтар арасында есімі белгілі кісілер болғанын көрсетеді, өйткені қыпшақтардың атақтылары ғана дәстүр бойынша «тархан» деп аталатын болған.
Жастайынан асқан зерек, ғылым өнерге мейілінше құштар болып өскен әл Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе өз заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары: Бағдат, Қорасан, Дамаскі, Каир, т.б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында олөз дәуірінің ең көренкті ғалымдары мен көркем сөз зергерлерімен танысады. Олардан тәлім- тәрбие алады.
Әл Фараби өзінің түркі тілімен қатар араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік білген жан. Ғылыми шығармаларын, өлең жырларын өз дәуірінің рухани ғылыми тілі саналған, араб тілінде жазды.
Ғұлама- ғалым ретінде әл -Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, т.б. ғылым салалары бойынша көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте- бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдері ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А.Атеш 160, ал совет ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді.
Фарабидің «Ақылдың мәні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек», « Аристотель еңбектеріне түсіндірме» («Поэтика», «риторика», «Софистика» т.б.) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.
ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013
|
№1 басылым 05.09.2013
|
68беттің 12-беті
|
Әл Фарабидің әлеуметтік қоғамдық және этикалық көзқарастарын танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жайында» деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор.
Әл Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты кітабында қоғамдық, әлеуметтік ,этикалық мәселелерді сөз етеді. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моральдық бейнесі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік ету керектігі, т.б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады.
Әл Фараби әдебиет теориясымен де жан – жақты шұғылданған ғалым. «Өлең ырғағы туралы», «Ырғақ пен өлең туралы сөз», «Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат», «Өлең кітабы», т.б. және көптеген әдеби терминдерге анықтама береді.
Әл Фарабиді әлемге танытқан, музыка теориясына арналған шығармаларының бірі - « музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі. Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге әкелген. Ол тек музыка теориясын жазып ғана қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай білген. Қазақ домбырасының атасы – асқан музыкант Әбу Насыр әл Фараби десек қателеспеген болар едік.
Араб музыкасының жалпы тарихын жазған белгілі ғалым Г. Фармер: «Барлық ғылымдар саласында әл Фараби екінші ұстаз, ал музыка саласын алатын болсақ, әл Фараби бір өзі ғана бас кароль болып табылады. Басқаша айтқанда, музыка саласында әл Фарабиге үлгі боларлық бірінші ұстаз боларлық адам болмаған», дейді.
Сонымен қатар әмбебап, энциклопедист, ғалым әл Фарабидің жақсы дарігер болғаны белгілі. Ол медицина ғылымы жөнінде пікірлер айтып қана қоймай көлемді еңбектерде жазған. «Жүрек- басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемеиді. Бұдан кейін ми келеді, бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес»,- деп адам ағзасы мүшелерінің қызметін де айқындап берген. Әл Фараби ғылыми еңбектерді көп жазған. Бірақ өз еңбектерін жинап, тәртіпке келтіріп қоюға онша ұқыпты қарамаған тәрізді. Оның саяхатшылық өмірінің өзі де оның еңбектерінің жоғалып кетуіне себеп болған. Солай бола тұрса да оның жазған еңбектерінің белгілі санының өзі жүзден асады. Әл Фараби ғылымдарды төмендегідей топтарға бөледі:
Тіл туралы білім және оның бөлімдері
Логика және оның бөлімдері
Математикалық ғылымдар
Физика мен метафизика және оның бөлімдері
Азаматтық ғылым және оның бөлімдері, құқық және дін.
Әл Фараби бүкіл түркі дүниесінің ғұламасы. Оның еңбектеріне таң қалған әлем ғалымдары және ізбасар шәкірттері ол жайында көптеген естеліктер мен пікірлер айтқан. Ұлы ойшыл Ибн Сина тарихшы ғалымдардан Захируддин әл – Байхакий, Жамолуддин ибн әл- Кифтий, Ибн Әби Усайбиа, Ибн Халликон сияқты атақты ғалымдар өз шығармаларында ұлы философ әбу Насыр әл Фараби жөнінде кейбір мәлеметтер беріп кеткен. Белгілі шығыстанушы ғалым А. Ирисов солардың бірқатарын араб тілінен өзбекшеге аударып жариялаған екен.
« Исламда Әбу Насырға тең түсер адам туған жоқ, оның ілімін қастерлегендер екінші ұстаз деп дәріптеді. Дүниеде төрт ғажап адам болған. Олар: Аристотель мен Александыр Афродизеиский және Әбу Насыр мен Әбу әли Ибн Сина»,- дейді араб тарихшысы Захир ад- дин әл Байһақи .
ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013
|
№1 басылым 05.09.2013
|
68беттің 13-беті
|
«Әл Фараби Аристотельдің «физикасын» қырық рет, «риторикасын» екі жүз рет, «жан туралы» атты кітабын жүз рет оқыған екен, неткен таңғаларлық еңбек», деп немістің ұлы философы: Г. Гегель таң қалысын жасыра алмайды.
Қорыта айтқанда, азамат ақын М. Шаханов: « Арман» деп аталатын балладасын да жас Фарабидің Отырар өңірінде білімге құштар болып өсіп келе жатқанын кейіннен әлемге танымалы ғалым болғанын тамаша суреттеп жазған. Баллада аяғында ақын:
Ал, Әбуше?
Кеңге жайды ол қанатын
Әбуіміз әрі ғалым әрі ақын
Әбуіміз біздің ұлы бабамыз
Әбу Насыр Әл Фараби болатын.
Өзін өзі тексеру сұрақтары:
1.Әл Фараби қай жерде қайтыс болады?
2.Еңбектері Еуропада қай ғасырда басылып шыға бастады?
3.Қай жылы Әл Фараби «мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» атты еңбегін жазды?
4.Әл Фараби еңбектері алғаш қай тілге аударылды?
5.1869 жылы Ресейде «Әл Фараби, оның өмірі мен шығармалары» атты алғашқы кітапты
кім жарыққа шығарды?
6.Қай жылы ғалымның 1100 жылдығына орай ЮНЕСКО шешімі бойынша Алматыда халықаралық конференция өтті?
Әдебиеттер:
Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» А; – 1996 ж.
Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»
Келімбетов Н. Қанафин Ә. «Түркі халықтары әдебиеті» А; 1996 ж.
Келімбетов «Қазақ әдебиеті бастаулары» А; «Ана тілі» ,– 1998 ж.
Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.
Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» А; – 1995 ж.
Жолдасбеков м. «Асыл арналар» А; – 19986 ж.
Диваев Ә. «Тарту» А; – 1992 ж.
Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» А; – 1991
Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр, аңыздар» А – 1985 ж.
Қыраубаева А. «Ғасырлар мұрасы» А –1988 ж.
Машанов Ә. «Әл Фараби» А – 1971 ж.
Дәріс 5 Махмұд Қашқари (XI ғасыр) «Диуани лұғат ат-түрік»
(Түркі сөздерінің жинағы)
Дәрістің мақсаты: Еңбектің негізгі тақырыбы мен идеясын, туындының маңызы мен
алатын орнын түсіндіру.
Жоспар:
Махмұд Қашқаридің өмірі
«Диуани лұғат ат-түрік»-энциклопедиялық сөздік
Басылымдары, зерттелуі
а) «Сөздіктегі» табиғат туралы өлең-жырлар
б) «Сөздіктегі» аңшылық туралы өлең-жырлар
в) « Елдікті мақтау»
г) «Жоқтау өлеңдер»
Дидактикалық сарындағы өлеңдер
ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013
|
№1 басылым 05.09.2013
|
68беттің 14-беті
|
Дәрістің қысқаша мазмұны
Махмұд Қашқари – түркі халықтарының тұнғыш ұлы филологы, ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым. Оның толық аты-жөні: Махмұт ибн ул-Хусаин ибн Мухаммадин Қашқари. Он бірінші ғасырда өмір сүрге ғалымның туған , қайтыс болған жылдары белгісіз.Қашғари Талас, Шу өзендерінің бойындағы Баасағұн,Барсхан кент-қалаларында болған. Махмұт Қашғари Барсхан қаласында туған. Бұл қаланы Тұран әміршісі Алып Ер Тоңғаның баласы Барсхан салдырған.Алғаш Қашқар қаласында, сосын Бұхара, Нишапур, Самарқан, Мерв және Бағдат шаһарларында оқыған. Ерекше зейін қойып үйренгені – түркі рулары мен тайпаларының тілдері, фольклоры, этнография, әдет-ғұрпы, наным-сенімі. Махмұт Қашғари осы мақсатын жүзеге асыру үшін, бір жағы – Жетісу, Мауераннахр, Хорезм, ал екінші жағы- Еділ, Жайық, Қара Теңіз жағалауына дейінгі түркі тайпалары мекендеген ұлан –ғайыр өлкені аралап шығады. Сонын нәтижесінде қыруар көп тілдік, этнографиялық деректер, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап алады. Сөйтіп, «Түркі тілдерінің жинағы» өмірге келеді. Ол өзінің «Түркі тілдерінің жинағы» атты еңбегінің кіріспесінде былай деп жазады: «...Мен сол түріктердің қызыл тілге ең шешендерінен, ең әдемі әңгімешілерінен, ең бір зеректерінен, ең білгірлерінен, ежелгі асыл тайпаларынан уа соғыс ісінде мықты найзагерлерінен болғандығымнан, олардың шаһарлары мен сахарасын бастан –аяқ аралап шықтам Түрік, түркмен, оғыз, шығыл, йағма, қырғыздардың сөздерін және (сөздерінің) қасиет, құпияларын анықтап шықтым, оларды пайдаландым. Мен бұл істерді осы тілдердегі әрбір кішігірім айырмашылықтарды парықтап білу үшін істедім. Сонымен , олардың әрқайсысының тілі менің көңілімде ұялап, берік сақталып қалды. Мен оларды мұқият реттеп, әбден тәртіпке келтіріп жүйелеп шықтым. Бұл бір мәңгілік жәдігерлік уа таусылмас – түк естілмес, азып-тозбас бір байлық болсын деп, бір Тәңірге сыйынып, осы кітапты тізіп шықтым да, оған «Диуани лұғат ат- түрік» - « Түрік тілдерінің сөздігі» деген ат бердім».
«Диуани лұғат ат- түрік» 1074 жылы жазылған. Қазіргі түркі халақтарының бәріне ортақ мұра. Бұл сөздікте орта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бәріне бірдей ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға ғана қатысты диалект сөздер бар. Бұл лексикалық жинаққа енген сөздер, мақалдар, өлең жолдары, т.б. түркі тілдерінің сөз тудыру, сөйлем құру жүйелерін, әдеби тіл мен көріктеу құралдарынын өмірге келу жолдарын анықтай түсуге мүмкіндік береді.
«Диуани лұғат ат- түрік» - тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған еңбек. Көне түркі әдебиет ескерткіштерінің тілін үйренуге бұл зерттеу көп көмек көрсетіп келеді. Мәселен, осы «Диуани лұғат ат- түрік» табылғаннан кейін ғана «Құтты білік» дастанын оқу, аудару және транскрипция жасау кезінде бұрын жіберілген қателер түзетілді.
М. Қашқаридің бұл сөздігі шын мәнінде энциклопедиялық туынды деуге болады. Мұнда тек тіл мен әдебиетке ғана емес, сондай-ақ со лкездегі ру-тайпалар мен халықтардын қоғамдық- экономикалық жағдайына, көне тарихы мен әдет ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне, т.б. қатысты аса бағалы деректер берілген.
М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат- түрік» атты зерттеуі тек түрікше-арабша түсіндірме сөздік қана емес, сонымен бірге ол ежелгі түркі тілдері мен мен ауыз әдебиетін зерттеп, танып-білу үшін аса қажетті, теңдесі жоқ ғылыми еңбек болып табылады. Біз үшін ең маңыздысы- біздің жыл санауымыздың бұрынғы қадым замандарда жасаған сақтар мен ғұндар дәуірінде және түрік қағанаты тұсында өмірге келген тұрмыс-салт жырларының үлгілерін, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздер мен афоризмдерді М.Қашқари өз «Сөздігіне» мысал ретінде енгізген.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны –Қарахан мемлекетінің саяси-әлеуметтік бағыт-бағдарын айқындайтын Ата заңы сипатында жазылған этикалық-дидактикалық сарындағы көркем туынды болса, Махмұт Қашқаридің «Түрік тілдерінің жинағы»-бүкіл
ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013
|
№1 басылым 05.09.2013
|
68беттің 15-беті
|
түркі халықтарының тіл мәдениетіне ортақ тілтану энциклопедиясы еді.
«Диуани лұғат ат- түріктің» көшірме қолжазбасы XX ғасырдың бас кезінде табылды. Бұл еңбектің автор қолымен жазылған түпнұсқасы сақталмаған. М. Қашқари кітабы жазылғаннан кейін, араға екі жүз жылдай уақыт салып барып, автордың өз қолжазбасынан көшірілген бір нұсқасы қазір Стамбулдың Фатих кітапханасында сақтаулы тұр. Оны көшірген хуснихатшының аты-Әбу Бәкір бин Абдулфотхат.
«Диуани лұғат ат- түрік» 1915-1917 жылдары Стамбул қаласындағыАхмет Рифат баспасынан үш томдық кітап түрінде жарық көреді. Міне, Махмұт Қашқари еңбегін жан-жақты зерттеу, басқа тілдерге аудару ісі осы кезден бастап қолға алынды деуге болады.
Белгілі шығыстанушы неміс ғалымы Броккельман бұл шығарманы неміс тіліне аударып, 1928 жылы Лейпциг каласында бастырып шығарады. Броккельман бұл еңбекті аудару кезінде шығармадағы жеке сөйлемдердің бәрін алфавит тәртібіне келтірді.
Неміс ғалымы Фриц Хаммел осы сөздікте ұшырасатын мақал-мәтелдерді неміс тіліне аударып, өз алдына жеке кітапша етіп бастырды.
Көрнекті түрік филологы Басым Аталай оны осман түріктерінің тіліне тәржіма жасап, 1939-1941 жылы Анкарада үш томдық кітап етіп шығарды.
Махмұд Қашқаридің бұл еңбегін зерттеуге , оны баска тілдерге аударуга, оған тілдік және әдебиет тұрғысынан түсініктер жазуга кеңес ғалымдары қыруар үлес қосты. Мәселен, тілші – ғалым С.Муталлибов «Диуани лұғат ат- түрікті» өзбек тіліне аударып, оны 1960-1963 жылдары Ташкенттегі «Фан» баспасынан үш кітап етіп шығарды. Ал көрнекті кеңес лингвист ғалымдарынан Н.А. Баскаков, А.Н. Кононов, А.К.Боровков, С.Муталлибов, В.Решетов т.б. осы сөздікке қатысты көптеген құнды зерттеулер жүргізді. Махмұд Қашқари қазақ тіліне аударған – А.Егеубай.
Алғашқы қауымда тіршілік еткен адамның ерекше назар аударған нәрсесі – табиғат құбылыстары болды. Өйткені адам әлі өзін қоршаған табиғатқа толық тәуелді еді. Сондықтан да ол жанға жайлы, арқар-киігі асыр салған көктем көріністерін мақтады, ал қаһарлы, мейірімсіз қыс аязына ызаланып, оған арнап озіңше өлең шығарды. Алғашқы қауым адамдары шығарған өлең- жырларда табиғат көріністері «тірі жан» ретінде суреттейді. Мәселен, төмендегі бір өлеңде аспандағы бұлт «ыңырасып өреді», су «мөңіреп ағады».
«Түркі тілдер жинағында» табиғат көріністеріне қатысты жыр жолдары көп. Мұнда «бұлттар ойнай бастағанын», «сай салаға су толғанын», «түрлі түсті бәйшешек өсіп шыққанын», «арқар-киік асы салғанын» бейнелейтін өлеңдер жиі ұшырайды. Мәселен, Еділ өзені жайында төмендегідей жыр жолдары бар:
Жарқырап жұлдыз туғанда
Ұйқыны серпіп қарадым:
Бөлейді құстар думанға
Тыныштық күйін даланың.
Еділдің суы ағады,
Қаһарлы толқын тас ғажап.
Сайларға су толады,
Ойнайды су да ақ шабақ.
Алғашқы қауым адамдарының тіршілік көзі аңшылық болғаны жақсы мәлім. «Түркі тілдері жмнағында» халық ауыз әдебиетінің аңшылық жайындағы өлең-жырлары жиі ұшырайды. Бұл жырларда белгілі бір тайпа мүшелерінің аң аулау маусымына салтанатты түрде дайындалып жатқаны, аңшылыққа аттанар сәттегі қызу той-думан, сондай-ақ қанжығасы қанды болып қайтқан ағшылардың ойын-сауығы бейнеленеді. Әрбір өлең сонында жастарды аңшалыққа үйрету қажеттігі айтылып отырады. Мәселен, мына бір өлең жолдарынан аң аулауға шығайын деп тұрған адамдардың сауық-сайран құрып
ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013
|
№1 басылым 05.09.2013
|
68беттің 16-беті
|
жатқанын көреміз:
...Жігіттерді жинайық,
Жеміс теріп сыйлайық.
Той қызығын тыймайық,
Аңға шығып, құс салып.
Төрт аяғын билетіп,
Құр атқа басын үйретіп,
Қырық кез құрық сүйретіп,
Киіккетазы қосайық.
Түлкіге қыран салғанда,
Тазыны қосып арланға,
Жеткендей мәз боп арманға.
Ерлік жоқ, сірә, жігіттер,
Осыдан асқан жалғанда!
Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат- түрік» атты түркі сөздерінің жинағы арқылы бізге жеткен алғашқы қауым адамдарының еңбек жөніндегі өлең-жырлары сол сол дәуір адамдарының аңшылық, егіншілік және мал өсіру саласындағы өмірін, еңбек процесін, тайпа мүшелерінің қауымдасқан тұрмыс-тіршілігін бейнелейді.
«Түрік тілдерінің жинағында ерлікті, батырлықты мадақтайтын өлең-жырлары көп. Әрбір қадамы қатерге толы ежелгі дәуір адамы үрейлі аңдармен арпалыста немесе тайпалар арасындағы соғыста ерекше ерлігімен, қыруар күш-қуатымен, әскери айла-тәсілімен жұрт көзіне түсуді өзіне биік мәртебе санаған. Дәл осындай халық батырларының сом тұлғасын жасау – барлық халықтар эпосына тән құбылыс. «Сөздікте» мысал ретінде келтірілген шағын өлең жолдары қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрлі дастандары- батырлық жырларындағы сюжетті баяндау сарынын, батырларды таныстыру тәсілін, жекпе-жекке шақыру мәнерін, қазалы үйге ат шаптырып келу дәстүрін т.б. еріксіз еске түсіреді.
М.Қашқари «Сөздігінде» ерлік тақырыбын жырлаған көлемді дастандардан ұзінділер көп. Солардың бірі – «Маңлақ елін алғанбыз» деген жыр үзіндісі болса керек. Небары 20 жолдан тұратын осы өлең үлкен шайқастан кейінгі жеңіс салтанатының дабылын қағып тұрғандай естіледі. Бұл жырдан жорық жанғырығы, жеңіс дабылы айқын сөзіліп түрған сияқты:
Тұрмады бектер алдасып,
Жекпе-жек шықты арбасып,
Қылыштың жүзін қан басып,
Қынабына қайта сыймайды.
Домалап жаудың бастары,
Иықтан түсіп қашқаны,
Әлсіреп дұшпан сасқаны,
Қылыштар қанға малынды.
Аяғыма келіп жалынды.
Сұрады жалғыз ғұмырды,
Ұяттан өліп бүгілді.
Тоқтатты мені осылай.
Бұл жырдан ежелгі түркілердің міне-құлықын, әдет-ғұрпын аңғару қиын емес.Ежелгі түркілер жеңіске жеткенде өзі жеңіп отырған жау аттарының кекілін, жалын, құйрығын кесіп тастайтын болған. Бұл арқылы ежелгі жауды ұдайы мұқатып отырған.
М. Қашқари «Сөздігінде» қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне мейлінше жақын тұрған жыр үзінділері бар. Бұлар көбінесе батырдың өліміне байланысты айтылатын жоқтау өлеңдер
ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013
|
№1 басылым 05.09.2013
|
68беттің 17-беті
|
деуге болады. «Сөздікте» Тұран елінің әміршісі Алып Ер Тоңғаның қазасына байланысты айтылған ұзақ жоқтау бар. Бұл жоқтаудың басқа да ежелгі түркі поэзиясндағы жоқтаулардан ерекшелігі бар. Мұнда жоқтау басқа жоқтау өлеңдеріндегі сияқты қаза болған батырды іздеуден, сұраудан басталмайды. Өлең қайтыс болған батырдың бейнесін суреттеуден, оның елге жасаған жақсы істерін жіпке тізгендей етіп айтудан басталады:
Жаудың отын өшірді,
Дүниеден көшірді,
Дұшпанның қаны жосылды,
Шәйіт болды өзі, ер еді.
Жақсы істерге бас болған,
Дастарқанына ас толған,
Жаураса ел ақпаннан,
Дем беріп ылғи жебеді.
Аямады елден ас-дәмді,
Оғырақтар одан жасқанды,
Көзінен жаудың жас тамды,
Сол ерді ажал таңдады.
Негізінен ислам дәуіріндегі жазба әдебиетте қалыптасып, қазақ ақын-жырауларының терме-толғауларында өзінің шарықтау шегіне жеткен дидактикалық-философиялық поэзияның қайнар-бастаулары ежелгі түркі жырларында жатқан сияқты. М.Қашқари «Сөздігінен» дидактикалық-философиялық мазмұндағы жар үлгілерін жиі ұшыратамыз. Олар көбінесе замана жайлы, адамгершілік туралы, ақыл-парасат, білім хақында болып келеді. Мысалы:
Таққа шығып тұрсаң да, тәңіріңді ұмытпа,
Асып – тасқан көңілді, ақылыңмен шыбықта.
Ұлық болса еліне ізгі болар ер кісі,
Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.
Дәулетті адам байи түсер, сый да алар, жарлы бектер жәрдем көрмей қиналар. Сондай-ақ көне дәуір ақыны өз тыңдаушысын оқу-білімге, ақылды адамдардан үйренуге үндейді. Төмендегі жыр жолдарында осындай философиялық өсиет-уағыз айтады:
Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар,
Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар.
Қобалжығыш көңілдің ақылы да жоқ аса,
Мылжыңы көп адамның аспаны да аласа.
Көңіл толса, үйіңнің жарын жығар,
Білікті адам айтпай- ақ жаныңды ұғар.
Алтының мен күмісің болған сайын құнықпа,
Қу нәпсіге табынып, тәңіріңді ұмытпа!
Қорыта айтқанда біз бүгінгі күнге М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат- түрік» атты еңбегі арқылы бізге жеткен табиғат, аңшылық, ерлік-батырлық жайындағы өлең-жырларға, сондай-ақ жоқтау, мақтау сияқты тұрмыс салт өлендеріне, мақал- мәтелдерге талдау жасадық. Сол арқылы біз ежелгі түркі дәуірінен жеткен көркем сөз үлгілері мен қазақ ақын-жыраулары поэзиясы араларындағы мазмұндық, тілдік-стильдік, модельдік бірлікті ашып көрсеттік. Көне жазба жәдігерлітеріндегі мақалдар мен қазақ ақын-жыраулары поэзиясындағы дидактикалық-философиялық, шешендік толғау өлеңдердің тілдік- стильдік, модельдік бірлігін айқындай түстік. Сөйтіп, қазіргітүркі тілдес халықтардың бәріне ортақ саналатын Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина жәнеӘбу Райхан әл-Бируни сияқты ақыл- ой кемеңгерлері жазып қалдырған ұлағатты сөздер, даналық ойлар, хикметтер, өлең-жырлар бертін келе қазақ ақын-жырауларының
ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013
|
№1 басылым 05.09.2013
|
68беттің 18-беті
|
поэзиясында өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапқандығы өз мүмкіндігімізше дәлелдеп шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |